Поршеньді компрессорлар

Слайд 2

Поршеньді компрессордың өнімділігінің төмендеуі газды жіберу коэффициентімен есептеледі. Оның шамасы жуық

Поршеньді компрессордың өнімділігінің төмендеуі газды жіберу коэффициентімен есептеледі. Оның шамасы жуық

түрде келесі формуладан анықталады:
(1.3)
Бұдан поршеньді компрессордың өнімділігі анықталады:
(1.4)
мұндағы:
 Бір сатылы компрессорларда сығылу дәрежесі артқан сайын зиянды кеңістіктегі газды сығудан шығын артып, компрессордың пайдалы әсер коэффициенті төмендейді. Сондай-ақ газдың температурасының артуынан газды сығуға энергия шығыны артады. Сондықтан 6 атм қысымнан жоғары жағдайда көп сатылы сығылу процесін қолданады.
 Вакуум-насостар
 Атмосфералық қысымнан төмен қысымда жұмыс істейтін компрессорлар вакуум-насостар деп аталады. Вакуумды техникада вакуумды жоғары, орташа және төмен вакуум деп қарастырады. Егер молекулалардың еркін қозғалысының орташа ұзындығы (молекулалардың соқтығысуына дейінгі ара-қашықтық) ыдыс мөлшерінен немесе құбыр диаметрінен үлкен болса
(1.1)
ал қысымның құбыр немесе ыдыс диаметріне көбейтіндісі 18-ден кіші болса
(1.2)
онда вакуум жоғары вакуум деп саналады.
Слайд 3

Жоғары вакуум жағдайында жүйедегі қалдық қысым мөлшері 10-3÷10-8 мм сн. бғ.

Жоғары вакуум жағдайында жүйедегі қалдық қысым мөлшері 10-3÷10-8 мм сн. бғ.

шамаларында болады.
Егер молекулалардың еркін қозғалысының орташа ұзындығы ыдыс мөлшеріне шамалас
(1.3)
ал қалдық қысымның ыдыс мөлшеріне көбейтіндісі мынадай аралықта болса
(1.4)
онда вакуум орташа вакуум деп аталады. Қалдық қысым мөлшері 1,0÷10-3 мм сн. бғ. аралығында болады.
Егер молекулалардың еркін қозғалысының орташа ұзындығы ыдыс мөлшерінен немесе құбыр диаметрінен кіші
(1.5)
ал қалдық қысымның ыдыс немесе құбыр диаметріне көбейтіндісі 560-тан үлкен болса
(1.6)
онда вакуум төмен вакуум деп аталады. Жүйедегі қысым мәні 1,0÷760 мм сн. бғ. аралығында болады.
Жоғары вакуум жағдайында молекулалар еркін қозғалып, бір-бірімен соқтығыспайды. Сондықтан мұндай вакуум жағдайында газ ішкі үйкеліс күшінсіз қозғалады. Газдардың өзара диффузиясы өте жылдам жүреді. Газдар қозғалысы молекулалы деп аталады.
Слайд 4

Вакуумды техникада берілген жүйенің вакуумды өтімділігі ұғымы қолданылады. Бұл шама анықталады:

Вакуумды техникада берілген жүйенің вакуумды өтімділігі ұғымы қолданылады. Бұл шама анықталады:

(1.7)
мұндағы:
Салмақтық жылдамдық қысымға тәуелсіз және газдың меншікті салмағы қысымға пропорционал, сондықтан көбейтіндісін өтетін газдың мөлшері ретінде қарастырады.
Жалпы жүйедегі қысымның төмендеуі тізбекті жалғанған жүйе элементтері (құбыр, камера) үшін екі шеткі нүктелеріндегі қысымдар айырымының қосындысына тең болады:
(1.8)
Қысымдар айырымын (1.7)-ші теңдеуден анықтап, оны (1.8)-ші теңдеуге қоятын болсақ:
(1.9)
немесе
(1.10)
Егер жүйедегі элементтер параллель жалғанса, онда
(1.11)
(1.12)