Патофизиология пәні; Қысқаша даму тарихы; Мақсаты мен міндеттері

Содержание

Слайд 2

Дәріс тақырыбы Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері

Дәріс тақырыбы

Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері

Слайд 3

Дәрістің жоспары: Патофизиология пәні; Қысқаша даму тарихы; Мақсаты мен міндеттері; Патофизиологияның

Дәрістің жоспары:

Патофизиология пәні;
Қысқаша даму тарихы;
Мақсаты мен міндеттері;
Патофизиологияның бөлімдері;
Зерттеу әдістері;

Эксперименттің артықшылықтары мен кемшіліктері
Слайд 4

ПАТОФИЗИОЛОГИЯ (грек. pathos- ауру, дерт; physis – жаратылыс, қызмет; logos- ілім)

ПАТОФИЗИОЛОГИЯ (грек. pathos- ауру, дерт; physis – жаратылыс, қызмет; logos-

ілім) - ауру организмнің тіршілік заңдылықтарын зерттейтін ілім.

ПАТОФИЗИОЛОГИЯ АУРУ ПАЙДА БОЛУЫНЫҢ, ДАМУЫНЫҢ ЖӘНЕ АЯҚТАЛУЫНЫҢ ЖАЛПЫ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫН ЗЕРТТЕЙДІ.

Слайд 5

Патофизиология терминін ең алғаш 1819 жылы L GaIIiot енгізді, ол “Pathologie

Патофизиология терминін ең алғаш 1819 жылы L GaIIiot енгізді, ол “Pathologie

generate et physiologie pathologique” деген оқулық шығарды.
Патофизиология атаусөзі «тәжіри-белік дерттану» терминіне мәндес сөз, оның негізін француз ғалым-дары Ф. Мажанди (1783-1855) және К.Бернар (1813-1878) қалады.
Слайд 6

Ресейде патологиялық физиологияның негізің В.В. Пашутин (1845-1901) қалады. Ол 1879 ж.

Ресейде патологиялық физиологияның негізің В.В. Пашутин (1845-1901) қалады. Ол 1879

ж. «Лекции по общей патологии (патологической физиологии)», ал сонан соң екі томдық «Курс общей и экспериментальной патологии - патологической физиологии» нұсқамасын шығарды.
Слайд 7

Қазақ елінде патофизиология XVII ғасырда Өтейбойдақ Тілеуқабыл-ұлы қойлар мен дала түлкілеріне

Қазақ елінде патофизиология

XVII ғасырда Өтейбойдақ Тілеуқабыл-ұлы қойлар мен дала түлкілеріне тәжірибе

жасаған; Қойдың басы мен жүрегін жарақаттап, адамның жаны қайда орналасқан деген сұраққа жауап іздеген;
Суға кетіп өлген және мұздап қалған адамдарды тірілту жолдарын ұсынған.
Слайд 8

Қазақстан Республикасында патофизиологияның дамуына үлкен үлес енгізген профессорлар: О.С. Глозман (1946-1969),

Қазақстан Республикасында патофизиологияның дамуына үлкен үлес енгізген профессорлар:
О.С. Глозман (1946-1969),
Я.А.

Лазарис (1904-1989).
Т.А. Назарова (1915-1986),
Х.С. Насыбуллина (1919- 2003) Х.Е. Маманова (1918-1977), В.Г. Корпачев (1936-1998) болған еді.
Слайд 9

Патофизиология кафедрасы 1933 ж. ұйымдастырылды. Кафедраның алғашқы меңгерушілері : проф. Н.Э.

Патофизиология кафедрасы 1933 ж. ұйымдастырылды. Кафедраның алғашқы меңгерушілері : проф. Н.Э.

Геклер, А.А. Значкова, доц. Д.С. Четвертак, елдің көрнекті ғалымдары — профессорлар С.М. Лейтес и П.П. Очкур болған еді.

Д.С. Четвертак С.М. Лейтес

Слайд 10

1946-1969 ж.ж. Кафедраны белгілі ғалым, патофизио-логия ғылымына маңызды үлес қосқан және

1946-1969 ж.ж. Кафедраны белгілі ғалым, патофизио-логия ғылымына маңызды үлес қосқан

және өзінің патофизи-ологиялық мектебін құрған профессор
Глозман Осип Сергеевич басқарды.
Слайд 11

1969 – 1991ЖЖ.. КАФЕДРАНЫ М.Ғ.Д. ПРОФЕССОР НАСЫБУЛЛИНА ХАЛИДА САДЫКОВНА БАСҚАРДЫ.

1969 – 1991ЖЖ.. КАФЕДРАНЫ М.Ғ.Д. ПРОФЕССОР НАСЫБУЛЛИНА ХАЛИДА САДЫКОВНА БАСҚАРДЫ.


Слайд 12

Слайд 13

Патофизиологияның бөлімдері: ПАТОФИЗИОЛОГИЯ-1 Жалпы нозология; Жалпы этиология; Жалпы патогенез; Біртектес дерттік

Патофизиологияның бөлімдері:

ПАТОФИЗИОЛОГИЯ-1
Жалпы нозология;
Жалпы этиология;
Жалпы патогенез;
Біртектес дерттік үрдістер
ПАТОФИЗИОЛОГИЯ-2
Жекелеген ағзалар мен

жүйелердің патофизиологиясы;
КЛИНИКАЛЫҚ ПАТОФИЗИОЛОГИЯ
Слайд 14

Патофизиологияның міндеттері: АУРУДЫҢ ПАЙДА БОЛУ СЕБЕПТЕРІН (ЭТИОЛОГИЯСЫН) ЗЕРТТЕУ; АУРУДЫҢ ДАМУ ЖОЛДАРЫН

Патофизиологияның міндеттері:

АУРУДЫҢ ПАЙДА БОЛУ СЕБЕПТЕРІН (ЭТИОЛОГИЯСЫН) ЗЕРТТЕУ;
АУРУДЫҢ ДАМУ ЖОЛДАРЫН

(ПАТОГЕНЕЗІН) ЗЕРТТЕУ;
ДӘРІГЕРЛІК ДҮНИЕТАНЫМДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ;
ТӘЖІРИБЕЛІК ЕМДЕУ ТӘСІЛДЕРІН ЖЕТІЛДІРУ;
ДЕРТТАНУДЫҢ ЖАЛПЫ ҚАҒИДАСЫН ҰСЫНУ.
Слайд 15

Патофизиологияның негізгі зерттеу тәсілі Патофизиологиялық тәжірибе; Клиникалық бақылау және зерттеу. Патофизиологиялық

Патофизиологияның негізгі зерттеу тәсілі

Патофизиологиялық тәжірибе;
Клиникалық бақылау және зерттеу.

Патофизиологиялық тәжірибенің негізгі

ерекшелігі
Жануарларда адам ауруларының үлгісін алу
Слайд 16

Слайд 17

Тәжірибенің артықшылықтары: аурудың басталуын зерттеу (жасырын, әйгіленімсіз кезеңін); аурудың емделмеген түрін

Тәжірибенің артықшылықтары:

аурудың басталуын зерттеу (жасырын, әйгіленімсіз кезеңін);
аурудың емделмеген түрін зерттеу;
аурудың

кез-келген сатысында ішкі ағзалардың биохимиялық және морфологиялық өзгерістерін зерттеу;
емдеудің жаңа әдістерін дайындау және дәрі-дәрмектердің әсерін сынау.
Слайд 18

Тәжірибенің кемшіліктері: Жануарларда адам ауруы үлгісін толық көлемде алуға болмайды; Жануарларда кейбір аурулардың үлгісін алуға болмайды.

Тәжірибенің кемшіліктері:

Жануарларда адам ауруы үлгісін толық көлемде алуға болмайды;
Жануарларда кейбір

аурулардың үлгісін алуға болмайды.
Слайд 19

ДӘРІС ТАҚЫРЫБЫ: “Жалпы нозология”

ДӘРІС ТАҚЫРЫБЫ:

“Жалпы нозология”

Слайд 20

Жалпы нозология туралы түсінік; Денсаулық және ауру. Дерттік үрдіс, дерттік әсерленіс,

Жалпы нозология туралы түсінік;
Денсаулық және ауру. Дерттік үрдіс, дерттік әсерленіс, дерттік

жағдай.
Аурудың нышандары, жіктелулері.
Аурудың сатылары, сипаттамасы.
Өлім, өлу кезеңдері, сипаттамасы.
Тірілту ұстанымдары. Тірілтілген организм ауруы туралы түсінік.

ДӘРІСТІҢ ЖОСПАРЫ:

Слайд 21

Нозология ( грек. nosоs-ауру) – ауру туралы жалпы ілім. Жалпы нозология

Нозология ( грек. nosоs-ауру) – ауру туралы жалпы ілім.
Жалпы нозология тарауы

қамтиды:
Ауру туралы түсінік, анықтама;
Жалпы этиология;
Жалпы патогенез;
Ауру дамуындағы:
организм реактивтілігінің маңызы;
тұқым қуалаушылықтың маңызы;
дене бітімінің маңызы.
Слайд 22

Денсаулық «Денсаулық – дерт немесе жай көзге көрінетін денедегі ақаулардың болмауы

Денсаулық

«Денсаулық – дерт немесе жай көзге көрінетін денедегі ақаулардың болмауы ғана

емес, организмнің көңіл-күйінің және әлеуметтік жағдайларының толық сәттілігі» (БДҰ, 1946).
“Денсаулық - организмнің сыртқы орта ықпалдарына бейімделіп, өзінің ішкі ортасының тұрақтылығын сақтап тұратын жағдайы”
Слайд 23

Ауру “Ауру – тұтас организмнің қоршаған орта жағдайларына қорғанып-бейімделу мүмкіншіліктерінің шектелуімен

Ауру

“Ауру – тұтас организмнің қоршаған орта жағдайларына қорғанып-бейімделу мүмкіншіліктерінің шектелуімен көрінетін,

дерттуын-дататын сыртқы және ішкі ықпалдар-дан дамитын, биологиялық және әлеуметтік мұқтаждықтарын атқара алмайтын оның жаңа сапалық жағдайы”.
Слайд 24

ДЕРТТІК СЕРПІЛІС (РЕАКЦИЯ) (re- қарсы, action-әрекет) - организмнің немесе оның жекелеген

ДЕРТТІК СЕРПІЛІС (РЕАКЦИЯ)
(re- қарсы, action-әрекет)
- организмнің немесе оның жекелеген

жүйелерінің әдеттегі немесе дерттуын-дататын ықпалдарға биологиялық мәнсіз және сәйкессіз жауап қайтаруы

ДЕРТТІК ҮРДІС –
дерттуындататын ықпалдардың әсерлеріне заңды түрде пайда болатын организмдегі бүліну және қорғану-икемделу серпілістерінің тізбегі

Слайд 25

Біртектес дерттік үрдістер: көптеген себептерден пайда болуына қарамай бір патогенездік жолмен

Біртектес дерттік үрдістер:

көптеген себептерден пайда болуына қарамай бір патогенездік жолмен өтеді;
әрі

бүліністік, әрі қорғаныстық-бейімделістік маңызы бар;
жоғары ұйымдастырылған жануарлар мен адам организмінде бірдей заңдылықпен өтеді
Слайд 26

Біртектес дерттік үрдістер: Қабыну; Қызба; Гипоксия; Зат алмасуларының бұзылыстары; Аллергия; Өспе өсуі

Біртектес дерттік үрдістер:

Қабыну;
Қызба;
Гипоксия;
Зат алмасуларының бұзылыстары;
Аллергия;
Өспе өсуі

Слайд 27

ДЕРТТІК ЖАҒДАЙ – ДЕНЕ МҮШЕЛЕРІНІҢ, ТЕРІС БИОЛОГИЯЛЫҚ МӘНІ БАР, ҚАЛЫПТАН ТЫС

ДЕРТТІК ЖАҒДАЙ – ДЕНЕ МҮШЕЛЕРІНІҢ, ТЕРІС БИОЛОГИЯЛЫҚ МӘНІ БАР, ҚАЛЫПТАН ТЫС

ТҰРАҚТЫ АУЫТҚУЫ.
СЫЛБЫР ӨТЕТІН ДЕРТТІК ҮРДІС.

тұқыл

Шорбуын (анкилоз)

гемартроз

Слайд 28

Аурудың нышандары: Тұлғалық әйгіленімдердің болуы; Айғақты әйгіленімдердің болуы; Орта ықпалдарына организм бейімделуінің шектелуі; Еңбекке қабілеттілігінің болмауы.

Аурудың нышандары:

Тұлғалық әйгіленімдердің болуы;
Айғақты әйгіленімдердің болуы;
Орта ықпалдарына организм бейімделуінің шектелуі;
Еңбекке қабілеттілігінің

болмауы.
Слайд 29

Аурулардың жіктелуі ЭТИОЛОГИЯСЫ бойынша: Туа біткен, жүре пайда болған; Инфекциялық және

Аурулардың жіктелуі

ЭТИОЛОГИЯСЫ бойынша:
Туа біткен, жүре пайда болған;
Инфекциялық және бейинфекциялық
ПАТОГЕНЕЗІ бойынша:
Эндокринопатиялар, иммундық

–дерттік жағдайлар, қабынулық
Слайд 30

ОРНАЛАСУЫ бойынша: Қан жүйесі, тыныс жүйесі, жүрек, бүйрек аурулары ЖАС МӨЛШЕРІ

ОРНАЛАСУЫ бойынша:
Қан жүйесі, тыныс жүйесі, жүрек, бүйрек аурулары
ЖАС МӨЛШЕРІ бойынша:
Жаңа туған

нәрестелердің аурулары, балалар аурулары, егде және қарт адамдардың аурулары
ЕМДЕУ ӘДІСТЕРІ бойынша:
Хирургиялық, терапиялық
Слайд 31

ӨТУ жылдамдығына орай: Қауырт – 4 тәулікке дейін Жіті – 5-14

ӨТУ жылдамдығына орай:
Қауырт – 4 тәулікке дейін
Жіті – 5-14 тәулік аралығында
Жітілеу

– 15-40 тәулік аралығында
Сүлде – ай, жылдарға созылатын
Слайд 32

АУРУДЫҢ САТЫЛАРЫ: бастапқы кезеңі; айқындалу кезеңі; аяқталуы және салдарлары.

АУРУДЫҢ САТЫЛАРЫ:

бастапқы кезеңі;
айқындалу кезеңі;
аяқталуы және салдарлары.

Слайд 33

Ауруалды жағдай – деп организмнің қоршаған орта жағдайларына икемделу-бейімделу мүмкіншіліктерінің шектелуімен

Ауруалды жағдай – деп организмнің қоршаған орта жағдайларына икемделу-бейімделу мүмкіншіліктерінің

шектелуімен көрінетін, сәйкес сауықтыру шараларының болмауынан ауруға ауысатын жағдайды айтады
Слайд 34

Ауруалды жағдайдың кезеңдері: Жасырын (латенттік, әйгіленімсіз немесе инкубациялық, обыралды) кезеңі; Аурудың

Ауруалды жағдайдың кезеңдері:
Жасырын (латенттік, әйгіленімсіз немесе инкубациялық, обыралды) кезеңі;
Аурудың хабаршы

(продромалық) кезеңі.
Ауруалды жағдайында дұрыс ем-дом қолданудан аурудың ары қарай дамуы болмайды.
Слайд 35

Ауру әйгіленімдері: Тұлғалық және айғақты; Спецификалық және бейспецификалық

Ауру әйгіленімдері:

Тұлғалық және айғақты;
Спецификалық және бейспецификалық

Слайд 36

Қызылша кезіндегі Бельский-Филатов, Коплик таңдағы Жәншау (скарлатина) кезіндегі бөртпелер Жел шешек

Қызылша кезіндегі Бельский-Филатов, Коплик таңдағы

Жәншау (скарлатина) кезіндегі бөртпелер

Жел шешек

Слайд 37

СИНДРОМ – деп бір патогенездік жолмен дамитын әйгіленімдер-дің жиынтығын айтады. ДИАБЕТТІК СИНДРОМ Гипергликемия Глюкозурия Полиурия Полидипсия

СИНДРОМ – деп бір патогенездік жолмен дамитын әйгіленімдер-дің жиынтығын айтады.

ДИАБЕТТІК СИНДРОМ
Гипергликемия
Глюкозурия
Полиурия
Полидипсия


Слайд 38

Аурудың аяқталуы мен салдарлары Сауығу Сүлде түрге айналуы Өлім Толық Шала клиникалық биологиялық

Аурудың аяқталуы мен салдарлары

Сауығу

Сүлде
түрге
айналуы

Өлім

Толық

Шала

клиникалық

биологиялық

Слайд 39

Сауығу тетіктері: 1. Жедел немесе апаттық тетіктері – тұрақсыз, дерттуындататын ықпалдардың

Сауығу тетіктері:

1. Жедел немесе апаттық тетіктері
– тұрақсыз, дерттуындататын ықпалдардың әсерінен кейін

алғашқы секөнт, минөттерде дамиды (қорғаныстық рефлекстер - құсу, жөтелу, адреналин және ГК өндірілуі, артериялық қысым, дене қызымының т.б. реттелуі)
Слайд 40

2. Салыстырмалы тұрақты икемделістік тетіктер ағзалардың қосымша мүмкіншіліктер-інің қосылуы. Сау организмде

2. Салыстырмалы тұрақты икемделістік тетіктер

ағзалардың қосымша мүмкіншіліктер-інің қосылуы. Сау организмде өкпенің

тыныстық беткейінің 20-25%, жүрек еті қуатының 20%, бауыр ұлпасының 15% ғана пайдаланылады;
реттеуші жүйелер қызметтерінің жаңа деңгейге көтерілуі, (мәселен, қызба, лейкопоез артуы кездерінде);
улардың бейтараптануы;
дәнекер тіннің әсерленістері.
Слайд 41

3. Тұрақты қорғану-икемделу тетіктері ай, жылдар бойы сақталады (икемделістік гипертрофия және гиперплазия, регенерация, иммунитет)

3. Тұрақты қорғану-икемделу тетіктері

ай, жылдар бойы сақталады (икемделістік гипертрофия және гиперплазия,

регенерация, иммунитет)
Слайд 42

Толық сауығу Аурудың себебі аластатылады; Аурудың барлық көріністері жоғалады; Еңбекке қабілеттілік

Толық сауығу

Аурудың себебі аластатылады;
Аурудың барлық көріністері жоғалады;
Еңбекке қабілеттілік және қоршаған ортаға

бейімделу қалпына келеді.

Шала сауығу
Құрылымдық және функциялық ақаулар-дың қалуы (тыртық, жүрек ақаулары)

Слайд 43

Асқыну - организмде бар ауруға басқа бір дерттік үрдістің қосылуы. Ол

Асқыну
- организмде бар ауруға басқа бір дерттік үрдістің қосылуы. Ол негізгі

аурудың даму ерекшеліктеріне байланысты немесе жүргізілген аңғарымдық (диагноздық) және емдік шаралардың күтпеген зардаптары болады.
РЕМИССИЯ
– аурудың клиникалық көріністерінің уақытша жоғалуы
ҚАЙТАЛАНУ (рецидив)
– ауру әйгіленімдерінің қайтадан пайда болуы
Слайд 44

Өлім табиғи мезгілсіз Өлу кезеңдері: Жантәсілім алды (преагония); Ақтық үзіліс; Жантәсілім (агония); Клиникалық өлім; Биологиялық өлім.

Өлім табиғи мезгілсіз

Өлу кезеңдері:
Жантәсілім алды (преагония);
Ақтық үзіліс;
Жантәсілім (агония);
Клиникалық өлім;
Биологиялық өлім.

Слайд 45

ЖАНТӘСІЛІМ АЛДЫ (ПРЕАГОНИЯ) кезінде жүрек соғуы мен тыныс алу жиі-леп әлсірейді,

ЖАНТӘСІЛІМ АЛДЫ (ПРЕАГОНИЯ)

кезінде жүрек соғуы мен тыныс алу жиі-леп

әлсірейді, артынан сирейді, артери-алық қысым қатты төмендейді, сана-сезім, рефлекстер үдемелі түрде азая-ды,үзілісті тыныс дамиды.
Ақтық үзіліс
- Кезінде тыныс алу және жүрек соғуы тоқтайды,
Рефлекстер жоғалады, көз қарашығы кеңиді.
Слайд 46

ЖАНТӘСІЛІМ кезеңінде бірнеше тыныстық қозғалыстар (гаспинг тынысы - ақтық дем) пайда

ЖАНТӘСІЛІМ кезеңінде


бірнеше тыныстық қозғалыстар (гаспинг тынысы - ақтық дем)

пайда болады;
Жүрек соғуы біршама оңалады;
АҚ сәл (20-50 мм с.б. дейін) көтеріледі;
Артынан жүрек соғуы сирейді, АҚ күрт төмендейді;
Тырыспа-селкілдек дамиды.
Слайд 47

КЛИНИКАЛЫҚ ӨЛІМ кезінде: Тыныс алу, жүрек соғуы болмайды; Анаэробтық гликолиз сақталған;

КЛИНИКАЛЫҚ ӨЛІМ кезінде:
Тыныс алу, жүрек соғуы болмайды;
Анаэробтық гликолиз сақталған;
Мый қыртысының бүлінісі

әлі қайтымсыз емес;
Кенеттен өлген адамды тірілтіп алуға болады.

БИОЛОГИЯЛЫҚ ӨЛІМНІҢ АЙҒАҚТЫ БЕЛГІЛЕРІ:
ДЕНЕНІҢ МҰЗДАУЫ;
ДЕНЕНІҢ СІРЕСІП ҚАЛУЫ;
ӨЛІКТІК ДАҚТАР пайда болуы.

Слайд 48

Реанимация – организмді тірілту РЕАНИМАЦИЯНЫҢ ҰСТАНЫМДАРЫ: Жүрек жұмысын қалпына келтіру Жүрекке

Реанимация – организмді тірілту

РЕАНИМАЦИЯНЫҢ ҰСТАНЫМДАРЫ:
Жүрек жұмысын қалпына келтіру
Жүрекке

тікелей немесе кеуде сыртынан ысқымақ (массаж) жасау;
Дефибрилляция- жүрек етінің жыпылығын жою
Слайд 49

Қанға адреналин, сутегінің асқын тотығын, глюкоза қосып артерия ішіне жүрекке қарай қысыммен енгізу.

Қанға адреналин, сутегінің асқын тотығын, глюкоза қосып артерия ішіне жүрекке қарай

қысыммен енгізу.
Слайд 50

2. Тыныс алуды қалпына келтіру 3. Бұзылған зат алмасуларын қалпына келтіру

2. Тыныс алуды қалпына келтіру

3. Бұзылған зат алмасуларын қалпына келтіру

Слайд 51

1.Ағза функцияларының уақытша тұрақтану сатысы Реанимациядан 10-12 сағаттан кейін дамиды Тыныс

1.Ағза функцияларының уақытша тұрақтану сатысы
Реанимациядан 10-12 сағаттан кейін дамиды
Тыныс алудың

және қанайналым-ның тұрақтануы.

Тірілтілген организм ауруының сатылары:

Слайд 52

2. Организм жағдайының қайтадан құлдырау сатысы Бірінші тәуліктің соңында, екінші тәуліктің

2. Организм жағдайының қайтадан құлдырау сатысы

Бірінші тәуліктің соңында, екінші тәуліктің басында

байқалады:
Гипоксиядан соңғы энцефалопатия;
Жүрек және тыныс алудың жіті жеткіліксіздігі;
Бүйрек және бауырдың жіті жеткіліксіздігі.
3. Организм қызметтерінің қалпына келу сатысы.
Слайд 53

Тірілтілген организм ауруының патогенезі Аноксия Мембрана липидтерінің асқын тотығуы Уыттану Тірілтілген организм

Тірілтілген организм ауруының патогенезі

Аноксия

Мембрана липидтерінің асқын тотығуы

Уыттану

Тірілтілген организм

Слайд 54

. Аноксия анаэробты гликолиздің әсер-ленуі, метаболизмдік ацидоз дамуы, ағзалар мен тіндерде микроциркуляцияның және электролиттер алмасуының бұзылыстары;

.
Аноксия
анаэробты гликолиздің әсер-ленуі, метаболизмдік ацидоз дамуы, ағзалар мен тіндерде микроциркуляцияның

және электролиттер алмасуының бұзылыстары;
Слайд 55

Реперфузия Қанайналымының қалпына келуі , тіндерге оттегінің жеткізілуі және оның тіндерде

Реперфузия
Қанайналымының қалпына келуі , тіндерге оттегінің жеткізілуі және оның тіндерде

толық пайдаланылмауы, оттегінің бос радикалдары құрылуы,
Липидтердің асқын тотығуы
Мембраналардың зақымдануы
Слайд 56

Қанайналымының қалпына келуі Зақымданған тіндерден уытты өнімдердің жалпы қан айналымға түсуі Уыттану

Қанайналымының қалпына келуі
Зақымданған тіндерден уытты өнімдердің жалпы қан айналымға түсуі
Уыттану