Жануарлар әлемі

Слайд 2

Патшалығы: Жануарлар – Animalia Тип: Хордалылар – Chordata Тип тармағы: Омыртқалылар

Патшалығы: Жануарлар – Animalia
Тип: Хордалылар – Chordata
Тип

тармағы: Омыртқалылар – Vertebrata
Класс: Бауырымен жорғалаушылар-Reptilia
Отряд: Кесірткелер -Saurіa
Тұқымдасы: Нағыз кесірткелер тұқымдасы -
Lacertidae
Туысы: Кесірттер -Eremias
Түр:Үлкен көз кесіртке –Eremias multiocellata

Үлкен көз кесіртке (лат. Eremias multiocellata) — бауырымен жорғалаушылар класы, нағыз кесірткелер тұқымдасына жататын түр. Таулы аймақтарда (биікт. 1500 — 3000 м), жусанды-бетегелі алқаптарда, өзен бойларында, кейде құрғақ аңғарларда, сатыланып қалған шатқалдар мен қиыршық тасты жерлерде тіршілік етеді. Дене тұрқы 6,5 см, төм. мұрын қалқаны әдеттегідей жағына жақын орналаспаған. Негізгі қорегі: құмырсқалар, қоңыздар, қандалалар, сондай-ақ, тікқанаттыларды, теңқанаттыларды, көбелектер мен өрмекшілерді де жейді.. Дене ұзындығы 4,8 см-ге жеткенде, жыныстық жағынан жетіледі.
Таралуы: Қазақстанда шашыранды түрде таралған, Нарынқол және Кіші Көкпек өзендері маңынан бірнешеуі ұсталды. Үлкен көз кесіртке Зайсан ойпаты мен Күнгей Алатауын мекендейді.
Биоценозда алатын орны:Үлкен көз кесіртке — өте сирек кездесетін түр, саны аз, сондықтан қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.

Слайд 3

Патшалығы: Жануарлар – Animalia Тип: Хордалылар – Chordata Тип тармағы: Омыртқалылар

Патшалығы: Жануарлар – Animalia
Тип: Хордалылар – Chordata
Тип

тармағы: Омыртқалылар – Vertebrata
Топ: Сүйекті балықтар – Osteichthyes
Класс: Сәулеқанаттылар – Actinopteryqii
Отряд: Алабұғатәрізділер – Percіformes
Тұқымдасы: Алабұғалар – Percidae
Туысы: Алабұға – Perca
Түр: Балқаш Алабұғасы -Perca schrenkii

Балкаш алабұғасы (лат. Perca schrenkii) – Балкаш-Алакөл су коймасының эндемигі, өсімдігі мол өзендер мен көлдерде тіршілік етеді. Уылдырық шашу үшін Балқаштан Ілеге шығады. Бұл – кішілеу, ұзындығы 0,5 м, салмағы 1,5 кг, тікенекті жүзу қанаты бар, төменгі жағы алға шығыңқы балық. Ұсақ және талма балықтармен, кейде өз ұрпақтарымен де қоректенеді. 1961 жылға дейін Балқашта жылына 2300 тонна алабұға аулайтын, бірақ оның саны күрт азайып, қазір Қазақстан Қызыл кітабына және Халықаралық Қызыл кітапқа енгізіліп отыр. Санының азаюын, ғалымдар басқа жаңа жыртқыш балықтарды (көксерке, жайын, ақмарқа) кеңінен жерсіндіру әсері және судың гидрологиялық құрамының бұзылуына байланысты дейді. Біздің суаттарымызда Балқаш алабұғасынан басқа кәдімгі алабұға да тіршілік етеді.
Таралуы:Іле алабындағы Күрті, Сазталғар бөгені мен Жетісу (Жоңғар) Алатауындағы Басқан өзенінің төменгі сағасында ғана кездеседі.
Биоценозда қолданылуы:  Кәсіптік маңызы зор. Балқаш алабұғасы — жойылып бара жатқан эндемик түр ретінде ұлттық Қызыл кітапқа енгізілген.

Слайд 4

Патшалығы: Жануарлар – Animalia Тип: Хордалылар – Chordata Тип тармағы: Омыртқалылар

Патшалығы: Жануарлар – Animalia
Тип: Хордалылар – Chordata
Тип

тармағы: Омыртқалылар – Vertebrata
Класс: Құстар – Aves
Отряд: Торғайтәрізділер -Passerіformes
Тұқымдасы:Қарғалар тұқымдасы-Corvidae
Туысы: Қарға– Corvus
Түр: Ала қарға -Corvus cornix
Ала қарға (лат. Corvus cornix) – торғайтәрізділер отрядының қарға тұқымдасына жататын құс. Қазақстанда кең тараған. Дене тұрқы 47 – 50 см, салмағы 0,6 кг-дай. Ала қарғаның басы, қанаты, құйрығы қара, ал арқасы мен бауыры сұрғылт, тұмсығы үшкір, тырнақтары өткір. Орман шетіндегі, өзен бойындағы тоғайларға, бақтарда, кейде дара өскен ағаш басына ұя салады. Мекиені 4 – 7 қызыл қоңыр, секпілді көгілдір жұмыртқаны 19 күн басады. Балапандарын кезектесіп 35 күндей ұяда негізінде жәндіктермен асырайды. Тамызда балапандары ұядан ұшады. Ересегі қорек талғамайды. Қазан айында Тянь-Шань тауының етегіне қыстауға ұшып кетеді. Ала қарға пайдалы құстардың жұмыртқасын зақымдап зиян келтіреді.
Таралуы: Барлық аймақта кездеседі
Биоценозда алатын орны: Ала қарға пайдалы құстардың жұмыртқасын зақымдап зиян келтіреді.Барлық ұсақ қанаттыларға төнген қатер, ал көлдерде суда жүзетін құстардың ұяларына үлкен нұқсан келтіреді.