Статистикалық бақылау өзінің мақсаты, мазмұны мен әдісі жағынан шет елдердегі бақылаудан
өзгеше. Бұл айырмашылық ең алдымен зерттеленетін құбылыстардың әлеуметтік – экономикалық мәнінің әр түрлі болуынан туындайды. Бұрынғы статистиканың қызметі – жоспарлы социалистік шаруашылыққа байланысты. Ал шаруашылықты басқару және оған басшылық жасау үшін әрбір объектімен буын туралы дәлме-дәл мәліметтер керек. Бақылаудың мақсаты – бақылауға қойылатын нақты міндеттерді анық, ашық тұжырымдау.
Статистикалық бақылау нәтижесінде жиналған әрбір бірлік жиынтығы тексеруден өткеріліп, түзетулер енгізгелгеннен кейін, ғылыми жүйеде қорытынды жасау үшін сол алынған мәліметтерді өздеріне тән белгілеріне қарай бір жүйеге келтіру керек.