Ақиқат – өзін-өзі тану мақсаты

Содержание

Слайд 2

Ақиқатты тануға ұмтылыс адамды өзіне мынадай сұрақтар қоюға итермелейді: Мен кіммін?

Ақиқатты тануға ұмтылыс адамды өзіне мынадай сұрақтар қоюға итермелейді:
Мен кіммін?


Менің өмірдегі мақсатым не?
Қазіргі сәтте қалайша толық өмір сүре аламын?
Өзімнің ішкі “Менімді” қалай тани аламын?

03.12.2015

"БӨБЕК" ҰҒПББСО Адамның үйлесімді дамуы институты

Слайд 3

Ақыл мен жан - мен өзім, тән – менікі. «Мені» мен

Ақыл мен жан - мен өзім, тән – менікі. «Мені» мен «менікінің»

мағынасы – екі. «Мен» өлмекке тағдыр жоқ әуел бастан, «Менікі» өлсе өлсін, оған бекі.
Өлсе, өлер табиғат адам өлмес,
Ол бірақ қайтып келіп, ойнап күлмес.
«Мені» мен «менікінің» айрылғанын,
Өлді де деп ат қойыпты өңшең білмес.

Өлсе, өлер табиғат адам өлмес
Абай

03.12.2015

"БӨБЕК" ҰҒПББСО Адамның үйлесімді дамуы институты

Слайд 4

Бұл – адам құтыла алмайтын адамгершілік аксиома. Тірі ағзаның дәні, оның

Бұл – адам құтыла алмайтын адамгершілік аксиома. Тірі ағзаның дәні, оның

өлмес Рухы басқа қоректі талап етеді, және де оны таба алмастан ашығып қажиды…

К.Д. Ушинский

03.12.2015

"БӨБЕК" ҰҒПББСО Адамның үйлесімді дамуы институты

Слайд 5

Жан менен дене, һәм көңіл Шәкәрім Басында жан мен дене екі

Жан менен дене, һәм көңіл Шәкәрім

Басында жан мен дене екі басқа,


Жан шыдап тұра алмайды қозғалмасқа.
Дене сауыт сықылды жанның орны,
Оны да күту керек бұзылмасқа...
Кейде жақсы іздейміз, кейде жаман,
Көңіл неге қызықса – соған таман.
Дене жеңсе, түпсізге қызығамыз,
Жан билесе, жаманнан қылмақ аман.
Жан талпынар талайды көрмек үшін,
Әр сырын дүниенің білмек үшін.
Дене байғұс салмақ боп баса берер,
Жаралған ғой түбінде өлмек үшін.

Дене менен жан – анау, көңіл – мынау
Қайсысына билеттің байғұсым-ау?
Ең түбінде өзің – кім, сенікі – кім,
Досың қайсы, өзіңе қайсысы жау?
Анық қара: жан – өзің, дене – киім,
Мақтан, бояу – денеге берген сыйың.
Жанға мұндай алдауың азық емес,
Оған пайда не қылдың жалғыз тиын.
Сауық-қызық көрем деп, күнде жиын,
Жан құтқарып алуың болар қиын.
Түптіге ұмтыл, тұрақты істерді қыл,
Тәуекел деп өзіңе сүйтіп сыйын.

03.12.2015

"БӨБЕК" ҰҒПББСО Адамның үйлесімді дамуы институты

Слайд 6

Дене – бір қараңғы үй. Жан – сол үйдегі жарық қылып

Дене – бір қараңғы үй. Жан – сол үйдегі жарық қылып

тұрған бір сәуле. Әркімнің жаны бір қалыпта, бір түрде болмайды. Сондай болғаны үшін айтылады: «Арық пен семіздің басы бір ме, жақсы мен жаманның жаны бір ме?» – дейді... Алайда жан бар, дене бар. Екеуі бірінен-бірі жасырын емес, бірақ жан деген нәрсені ешкім көрген емес. Барлық белгісі – адамда бір нәрсені ойына салып ойлау бар, сезу бар. Ойланып сезген нәрсесін орындап, орнына келтіру бар. Жылынады, тынығады, бір нәрсені жақсы көреді, бір нәрсені жек көреді. Міне, осындайлар – жанның барлық белгісі...
Мәшһүр Жүсіп.

03.12.2015

"БӨБЕК" ҰҒПББСО Адамның үйлесімді дамуы институты

Слайд 7

Біздің әрқайсысымызда үш тұлға бар: Біріншісі – біздің физикалық тәнімізді саналы

Біздің әрқайсысымызда үш тұлға бар:
Біріншісі – біздің физикалық тәнімізді саналы түрде

сезінуіміз.
Екіншісі – басқа адамдардың біз туралы ойларынан қалыптасатын болмыс. Көптеген адамдар жалған бетперде арқылы өзінің білікті, көңіл қойып, сыйлауға тұрарлық адам екендігіне басқаларды да, өздерін де сендіруге тырысады .
Бұлардың екеуі де – нағыз және мәңгілік болып табылатын ішкі рухани нұрдың төңірегінде құрылған болмыс.

03.12.2015

"БӨБЕК" ҰҒПББСО Адамның үйлесімді дамуы институты

Слайд 8

Үшіншісі – сүйіспеншіліктен жаратылған шынайы және нағыз Болмыс. Біз қазір және

Үшіншісі – сүйіспеншіліктен жаратылған шынайы және нағыз Болмыс.
Біз қазір және

әрқашанда сәулелі нұр болып табыламыз. Өзін-өзі жүзеге асыру (өмірден орнын табу) дегеніміз – осы сәуленің нұрына қосылу.
Жүректі айналып өткен барлық іс-әрекет шын мәнінде біздің шынайы Болмысымызды қабылдауға және көрсете білуге әсер ететін және кедергі жасайтын соқырлыққа жатады.

03.12.2015

"БӨБЕК" ҰҒПББСО Адамның үйлесімді дамуы институты

Слайд 9

Ақиқатты жарыққа шығаруға оқытудың мақсаты – баланың шынайы болмысын іздеуіне және

Ақиқатты жарыққа шығаруға оқытудың мақсаты – баланың шынайы болмысын іздеуіне және

бұл ізденіс – өмірдің басты мақсаты екенін жете түсінуіне көмектесу, өйткені Ақиқат- адамның шынайы болмысы.
Ақиқатты жете түсіну адамның ішкі кеңістігін толтыратын энергияның қуатты ағынына жол ашады.

03.12.2015

"БӨБЕК" ҰҒПББСО Адамның үйлесімді дамуы институты

Слайд 10

Ақиқат –өмір энергиясының өн бойынан өтетін парасатты мәңгілік барлық болмыстың бастапқы

Ақиқат –өмір энергиясының өн бойынан өтетін парасатты мәңгілік барлық болмыстың бастапқы

табиғаты туралы ғылым. Ол тығыздала отырып, материалдық әлем ретінде көрініс береді.
Эйнштейн бұл үдерісті өзінің ғажап E=mc2 өрнегінде көрсетті, онда материя – тығыздалған энергия екенін анықтады.
Ақиқат – көпқырлылықтың біртұтастығын түсіну, өзін бәріне қатысы бар және бәріне де жауапкер бөлінбейтін бірліктің бөлшегі ретінде қабылдау.

03.12.2015

"БӨБЕК" ҰҒПББСО Адамның үйлесімді дамуы институты

Слайд 11

Барлығының қайнар көзі болып табылатын тек бір ғана абсолюттік ақиқат бар.

Барлығының қайнар көзі болып табылатын тек бір ғана абсолюттік ақиқат бар.


Сен оны тапқан кезде ғана, сенің әрекеттерің онымен үйлесім табады.

03.12.2015

"БӨБЕК" ҰҒПББСО Адамның үйлесімді дамуы институты

Слайд 12

Адам үшін шындықты айту өте маңызды. Жалған сөйлеу адамға күйретуші, кері

Адам үшін шындықты айту өте маңызды. Жалған сөйлеу адамға күйретуші, кері

әсер етеді. (Профессор П.П. Гаряевтің толқынды генетика бойынша еңбегінде үдерістің молекулалық-жасушалық деңгейде қалай өтетіні жан-жақты сипатталған). Әрқашан шындықты айту керек. Шындықты өте жұмсақ жеткізу керек. Егер шындық адамның жүрегін жаралайтын болса, онда үндемеген дұрыс. Телегония
Адам баласы тумысынан дұрыс пен бұрыстың айырмашылығын ажырата білу интеллектісіне ие. Баланың бойында келесі деңгейді, яғни сенімді ақпаратты алу – интуицияны дамыту үшін алғышарттар жасай отырып, ажырата білу қабілетін дамыту маңызды.

03.12.2015

"БӨБЕК" ҰҒПББСО Адамның үйлесімді дамуы институты

Слайд 13

03.12.2015 "БӨБЕК" ҰҒПББСО Адамның үйлесімді дамуы институты

03.12.2015

"БӨБЕК" ҰҒПББСО Адамның үйлесімді дамуы институты

Слайд 14

Тапсырма Көзі байланған бес адам затты сипап табады. 03.12.2015 "БӨБЕК" ҰҒПББСО Адамның үйлесімді дамуы институты

Тапсырма
Көзі байланған бес адам затты сипап табады.

03.12.2015

"БӨБЕК" ҰҒПББСО Адамның үйлесімді

дамуы институты
Слайд 15

Ақиқат кеңістік және уақытпен шектелмейді. Барлық ел, барлық заман, барлық адам

Ақиқат кеңістік және уақытпен шектелмейді. Барлық ел, барлық заман, барлық адам

үшін Ақиқат – біреу. Ол өзгермейді. Оның бірнеше пішіні болғанымен, ол – жалғыз.
Біз Ақиқатты пендешілік өмірге қолданамыз да, сөйтіп сыртқы әлеммен теңдестіреміз. Пендешілік немесе материалдық әлемдегі Ақиқаттың мәні – іс жүзінде болған нәрсені немесе ойды шынайы жеткізу. Материалдық тұрғыда, Ақиқатқа жүгіну – айтқан, істеген, көрген немесе естіген нәрсені дәл жеткізу деп саналады.
Бірақ нағыз шындық – ол Ар-ұждан.
Мысал: Бір үйге ұры түседі. Полиция екінші күні ол адамды ұстап алады, әрине ол мойындамайды. Алайда оның Ар-ұжданы үнемі оның есіне салып тұрады.

Сөзде жалғандық көп, бірақ Ар-ұждан әрқашан шын.

03.12.2015

"БӨБЕК" ҰҒПББСО Адамның үйлесімді дамуы институты

Слайд 16

Сөз Ар-ұжданды басшылыққа алса, ол Ақиқатқа айналады. Ақиқат үшін қиындықтарға жолығуың

Сөз Ар-ұжданды басшылыққа алса, ол Ақиқатқа айналады.
Ақиқат үшін қиындықтарға жолығуың

мүмкін. Бірақ қиындықтан қашып, өтіріктің жолына түсуге болмайды.
Өтірік айтып, сіз қиындықтан құтылуыңыз мүмкін, бірақ мезгілі келген кезде сіз ауыр сынаққа кезігесіз.
Дұрыс әрекет – Ақиқат жолын ұстау болып табылады. (Бұғы туралы аңыз).

03.12.2015

"БӨБЕК" ҰҒПББСО Адамның үйлесімді дамуы институты

Слайд 17

Экхарт Толле, неміс жазушысы, философ. Жоғалған сақина, онымен бәрібір бір кезде

Экхарт Толле, неміс жазушысы, философ.
Жоғалған сақина, онымен бәрібір бір кезде

айырылысуға тура келеді.
Кейде сен өзіңнің бір нәрсеге байланып қалғаныңды оны жоғалтқанға дейін білмейсің. Түсінген сәтте бұл теңдестіру толық болудан қалады. «Мен байланудың бар екенін түсіне білетін, саналы түрде түсінемін». Бұл сана трансформациясының басталуы.
Тәнмен теңдестіруден аулақ болу оны елемеу емес. Егер сен өзіңді тәнмін деп санасаң, онда ол сұлулығы, күші, мүмкіндіктерінен айырылып қалғанда, өзіңді-өзің бағалауың немесе тұлғаңа ешбір ықпал ете алмайды. Шын мәнінде, тән әлсірей бастағанда, сана сәулесіне оның солған формасы арқылы ену оңай.

03.12.2015

"БӨБЕК" ҰҒПББСО Адамның үйлесімді дамуы институты

Слайд 18

Гүлдердің әсемдігіне сырттай қарау, мүмкін адамдарды аз да болса өзіндік сырлы

Гүлдердің әсемдігіне сырттай қарау, мүмкін адамдарды аз да болса өзіндік сырлы

мәнісінің негізі болатын сұлулықты көріп, түсіне алуға, өзінің шынайы табиғатын көре білуге оятар. (114 млн. жыл бұрын).
Гүлдер, кристаллдар, асыл тастар және құстар бағзы заманнан бері адам рухы үшін ерекше маңызға ие болды.
Өмірдің басқа формаларының жағдайына қарағанда, өзіндегі жердікіне тән емес табиғатының арқасында олардың формасы өзіндегі бар рухты көлегейлеуі азайып келеді.
Бұған тек өмірдің жаңа туған формалары – балалар, күшіктер, мысықтар, қозылар және тағы басқалары ғана қосылмайды.
Олардағы бұл пәниге тән келмейтін, пәктік, тәттілік және сұлулық әлі де болса жарқырап жарып шығуда. Тіпті олар біршама жүрегі қатты адамдарды да масаттандырады.

03.12.2015

"БӨБЕК" ҰҒПББСО Адамның үйлесімді дамуы институты

Слайд 19

Егер, мүмкін болғанша жиірек өз тыныс алуыңды ұғатын болсаң, әркез ол

Егер, мүмкін болғанша жиірек өз тыныс алуыңды ұғатын болсаң, әркез ол

туралы есіңе алсаң, осылайша жыл бойы істесең, сонда бұл осы курстан өткеннен гөрі неғұрлым қайта құрушы (түрлендіруші) болар еді. Әрі ақысыз.
Тыныс алудың ешбір формасы болмайтындықтан, ол ежелгі уақыттан бері бірыңғай формасыз Өмір рухына теңестіріліп келеді.
Тыныс алуды ұғуың сені осы сәтке итермелейді, ал бұл барлық ішкі трансформация үшін кілт. Тыныс алуды ұғыну арқылы сен абсолютті қатысасың. Сен сондай-ақ бір мезетте ойланып және тыныс алуды ұға алмайтыныңды ескересің. Тыныс алуды ұғыну ақылға тоқтау салады.

03.12.2015

"БӨБЕК" ҰҒПББСО Адамның үйлесімді дамуы институты

Слайд 20

Фильмнен үзінді «Мирный воин» 03.12.2015 "БӨБЕК" ҰҒПББСО Адамның үйлесімді дамуы институты

Фильмнен үзінді «Мирный воин»

03.12.2015

"БӨБЕК" ҰҒПББСО Адамның үйлесімді дамуы институты