Содержание
- 2. Бактериалық жасушаның химиялық құрамы. Бактерия жасушасының 80-90% судан, ал калған 10% құрғақ заттан тұрады. Жасуша ішіндегі
- 3. Майлар немесе липидтер цитоплазмалық мембрана құрамына кіреді, грамтеріс бактериялардың жасуша қабырғасында болады,қоректік зат ретінде жинақталады, грамтеріс
- 7. Бактериялардың ферменттері Бактерия жасушаның барлық метаболиттік реакциялары негізінде 6 классқа жататын ферменттер арқылы атқарылады: оксиредуктазалар, трасферазалар,
- 8. Бактерия жасушасьшың ішіне заттарды тасымалдау механизмі. Жасушаға қоректік заттардың келіп түсуіне цитоплпзма жауапты. Қоректік заттар жасуша
- 11. Бактериялардың дақылдық қасиеті оларды идентификациялаған кезде ескеріледі.Ргосаrуоtае патшалығына жататын бактериялар бинарлық көбеюден басқа да көбею тәсілдеріне
- 15. Дақылдандыру атмосферасы. Қатаң аэробтар өсіп көбею үшін оттегі қажет. Аэробтар сұйық ортаның жұқа беткі қабатында жақсы
- 16. Облигатты анаэробтар өсу және көбею үшін ауадағы оттегінің ортаға түспеуін талап етеді. Бұған келесі шаралар арқылы
- 18. Дақылдапдыру уақыты. Генерациялау уақытына байланысты. Бакатериялардың көпшілігі өсе беру үшін 18-48 сағат аралығында дақылданады. Көкжөтел қоздырғышын
- 19. Саңырауқұлақтар мен қарапайымдылар физиологиясының ерекшеліктері. Саңырауқұлақтар қоректеруі бойынша-гетеротрофтар, оттегіге қатынасы бойынша аэробтар мен факультативті анаэробтар.Температураның кең
- 20. Қарапайымдыларда қозғалу (талшықтар, кірпікшелер, жалған аяқтар), қоректену (ас қорыту вакуольдері), және шығару (жиырылғыш вакуольдер) мүшелері бар.
- 22. Скачать презентацию
Бактериалық жасушаның химиялық құрамы.
Бактерия жасушасының 80-90% судан, ал калған 10% құрғақ
Бактериалық жасушаның химиялық құрамы.
Бактерия жасушасының 80-90% судан, ал калған 10% құрғақ
Құрғақ зат құрамы төмендегідей:
52% - ақуыз, 17% - көмірсулар, 9% - майлар, 16% - РНҚ, 3% -ДНҚ және 3% - минералдық заттар.
Ақуыздары ферменттер болып табылады, сонымен қатар жасушаның құрлымдық бөлігі, ол цитоплазматикалық мембрана және оның туындылары, жасуша қабырғасы, талшықтар, споралар және кейбір капсулулар құрамына кіреді. Кейбір бактериялардың ақуыздары олардың антигендері мен токсиндері болады. Бактериялар ақуыздарының құрамына адамдарда болмайтын Д-аминқышқылдары мен диаминопимелин қышқылы кездеседі.
Бактерия жасушасы құрамындағы көмірсулар моно-, ди-, олигосахаридтер мен полисахаридтер күйінде болады, сонымен қатар ақуыздар, майлар және басқа қосындылар құрамына кіреді.
Майлар немесе липидтер цитоплазмалық мембрана құрамына кіреді, грамтеріс бактериялардың жасуша қабырғасында
Майлар немесе липидтер цитоплазмалық мембрана құрамына кіреді, грамтеріс бактериялардың жасуша қабырғасында
Нуклеин қышқылдары. Бактерия жасушасында РНҚ-ның барлық түрлері кездеседі: иРНҚ, тРНҚ, рРНҚ. Пуриндік және пиримидиндік нуклеотидтер - нуклеин қышқылдарын түзетін құрылыстық блоктар болып табылады. Бұдан басқа пурин және миримидин қышқылдары көптеген коферменттер құрамына кіре отырып аминқышқылдарын, моносахаридтерді және органикалық қышқылдарды тасымалдауға қатысады. ДНҚ бактерия жасушасында тұқым қуалау қызметін атқарады. ДНҚ молекуласы екі полинуклеотидтік тізбектерден тұрады.
Минералдық заттар жасушаны өртегеннен кейінгі күлден табылады. Төмендегідей көптеген минералдық заттар : N, S, Са, К, Мg, Ғе, Мn, сонымен қатар микроэлементтер: Zn, Сu, Со, Ва кездеседі.
Аутотрофтар (гректің аиtоs- өзім, trорhе- қоректену)-өз жасушаларын құруда көміртегін ауадағы СО2-нен сіңіретіндер.
Гетеротрофтар (грекше heteros-басқа) – көміртегіні органикалық қосылыстардан пайдаланатындар. Жеңіл сіңірілетін көміртегі көздері гексозалар, көп атомды спирттер, аминқышқылдар болып табылады.
Бактериялардың ферменттері
Бактерия жасушаның барлық метаболиттік реакциялары негізінде 6 классқа жататын ферменттер
Бактериялардың ферменттері
Бактерия жасушаның барлық метаболиттік реакциялары негізінде 6 классқа жататын ферменттер
Бактерия жасушасьшың ішіне заттарды тасымалдау механизмі.
Жасушаға қоректік заттардың келіп түсуіне цитоплпзма
Бактерия жасушасьшың ішіне заттарды тасымалдау механизмі.
Жасушаға қоректік заттардың келіп түсуіне цитоплпзма
Енжар тасымалдауда заттар тек қана концентрациялық градиент бойынша енеді. Бұл кезде энергия жұмсалмайды. Енжар тасымалдаудың екі түрін ажыратады: жай диффузия және жеңілдетілген диффузия. Жай диффузияда молекулалардың мөлшері мен липофилділігі негізгі орын алады, бұл кезде заттар жасушаға специфи-калық емес жолмен енеді. Жеңілдетілген диффузия тасымалдаушы ақуыз-пермеазалар қатысуымен өтеді. Бұл процестің жылдамдығы заттың сыртқы қабаттағы концентрациясына байланысты.
Белсенді тасымалдау кезінде зат жасуша ішіне тасымалдаушы ақуыз - пермеаза көмегімен концентрация градиентіне қарсы енеді. Бұл кезде энергия шығындалады. Белсенді тасымалдаудың екі түрі бар. Белсенді тасымалдаудың бір түрінде шағын молекулалар (амин қышқылдары, кейбір қанттар) жасуша ішіне еніп, жасуша сыртына қарағанда 100-1000 есе артық болатын концентрациялық жағдай тудырады. Екінші тасымалдау түрін радикалдар транслакациясы деп атайды, бұл кезде кейбір қанттар (мысалы, глюкоза, фруктоза) жасушаға тасымалдануы кезінде фосфорилденеді, химиялық өзгерістерге ұшырайды. Бұл процестерді жүзеге асыру үшін бактерия жасушасының ішінде фосфотрансферлі жүйе болады,оның кұрамдық бөлігі белсенді фосфорлирленген түрдегі тасымалдаушы ақуыз болып табылады.
Бактериялардың дақылдық қасиеті оларды идентификациялаған кезде ескеріледі.Ргосаrуоtае патшалығына жататын бактериялар бинарлық
Бактериялардың дақылдық қасиеті оларды идентификациялаған кезде ескеріледі.Ргосаrуоtае патшалығына жататын бактериялар бинарлық
Микоплазмалар көбею ерекшеліктеріне байланысты полиморфты болып келеді. Егер көбею ДНҚ синтезімен бірлесіп жүретін болса, көлденең бөлінуден басқа олар бүршіктеніп көбейе алады. Бұл жағдайда негізгі морфологиялық репродукцияланатын бірлік, домалақ немесе сопақша пішінді болып келген, фрагментация немесе бүршіктену арқылы көбейетін элементарлық денешіктер болып табылады.
Бактерияларды дақылдандыру үшін бірқатар шарттарды сақтау қажет.
1. Құнды қоректік ортаның болуы. Кез-келген қоректік орта құрамының күрделілігі мен пайдалану мақсатына қарамастан негізі судан, энергия мен көмірсутегінің органикалық көзінен, тұрақты рН пен осмостық қысымға ие болуы қажет.
2. Дақылдандыру температурасы. Көбею жылдамдығына температура әсерін тигізеді. Температураға бактериялар әрқалай жауап береді:
- мезофилдер 20-40С температуралық аралықта көбейеді. Адамдарда ауру тудыратын бактериялардың көпшілігі мезофилдерге жатады;
- термофилдер 40-60С температуралық диапазонда өседі. Термофилдерге актиномицеттер, кейбір споратүзуші бактериялар жатады;
- психрофилдер 0-20С температуралық аралықта көбейеді.
Дақылдандыру атмосферасы. Қатаң аэробтар өсіп көбею үшін оттегі қажет. Аэробтар
Дақылдандыру атмосферасы. Қатаң аэробтар өсіп көбею үшін оттегі қажет. Аэробтар
Факулътативті анаэробтарды дақылдандыру үшін жоғарыда аталып кеткен әдістерді қолданады, себебі оттегі бар жерде оларға энергетикалық қамтамасыз етуде оксидативті метаболизм ферментациядан тиімді болады.
Микроаэрофилдер оттегінің парциалдық қысымы төмен жағдайда көбейеді. Бұған ауадағы СО2-нің парциалдық қысымы 0,03%-ға қарағанда дақылдандыру атмосферасындағы СО2 парциалдық қысымын 1-5% концентрациясына көтеру арқылы қол жеткізіледі. Бұл үшін арнайы СО2-инкубаторлар қолданылады, немесе себінділерді жанып тұрған шырағдан қойылған эксикаторларға орналастырады.
Облигатты анаэробтар өсу және көбею үшін ауадағы оттегінің ортаға түспеуін талап
Облигатты анаэробтар өсу және көбею үшін ауадағы оттегінің ортаға түспеуін талап
қоректік орталарға оттегіні редуциялайтын заттар қосу арқылы: тиогликоль қышқылын, аскорбин қышқылын, цистеин, сульфидтер;
сұйық қоректік орталарды қайната отырып оттегіден регенерациялап, содан-соң орта құйылған ыдысты резинка тығынмен тығындап қою арқылы;
сілтілі пирогаллол және тағы да басқа оттегіні сіңірушілерді пайдаланып, герметикалық жабылатын ыдыстарға «газпактарды» салып қою арқылы. Бұл әдіс аэротолерантты бактерияларды дақылдандыруда қолданылады.
ауадағы оттегіні механикалық жолмен ығыстырып, орнына ыдысты инертті газбен толтыру арқылы (бұл мақсатта анаэростаттар мен анаэробты бокстар қолданылады).
Хемо және автотрофты бактерияларды дақылдандыру үшін СО2-мен қанықтырылған атмосфера жасалынады.
Дақылдапдыру уақыты. Генерациялау уақытына байланысты. Бакатериялардың көпшілігі өсе беру үшін
Дақылдапдыру уақыты. Генерациялау уақытына байланысты. Бакатериялардың көпшілігі өсе беру үшін
Жарықтандыру. Фототрофты бактерияларды өсіру үшін жарық қажет. Шартты-патогенді бактериялардың кейбір түрлері жарықтандыруға байланысты пигмент түзеді, оны идентификациялау кезінде пайдаланады.
Абсолюттік жасуша ішілік паразиттерді дақылдандыру оған (Rickettcia, Ehrlichia, Coxiella, Chlamidia) тұқымдастығының бактериялары жатады, жасушалар дақылдарында немесе жануарлар мен буынаяқтылардың организмінде, сонымен қатар тауық эмбриондарында (эрлихиялардан басқа) өсіру арқылы іске асырылады. Тауық эмбриондарын гетеротрофтық деңгейі жоғары бактерияларды дақылдандыруда да қолданады, мысалы: Воrrеlіа мен Legionellа тұқымдастығының бактериялары.
Өндірістік жағдайларда бактериялар мен саңырауқұлақтардың биомассасын антибиотиктер, вакциналар мен диагностикалық препараттар жасау мақсатында қолдануға алу үшін дақылдандыру, сыйымдылығы әртүрлі арнайы аппараттарда (ферментерлерде) дақылдардың өсу және көбеюінің ең тиімді параметрлерін қатаң түрде сақтау арқылы іске асырылады.
Саңырауқұлақтар мен қарапайымдылар физиологиясының ерекшеліктері.
Саңырауқұлақтар қоректеруі бойынша-гетеротрофтар, оттегіге қатынасы
бойынша аэробтар
Саңырауқұлақтар мен қарапайымдылар физиологиясының ерекшеліктері.
Саңырауқұлақтар қоректеруі бойынша-гетеротрофтар, оттегіге қатынасы
бойынша аэробтар
кең аралықтарында өседі, жыныстық және жыныссыз жолмен көбейеді.
Сол себептен саңырауқұлақтар қоршаған ортада, әсіресе топырақта кеңінен таралған.
Саңырауқұлақтар көк-жасыл балдырлармен бірге қына түрінде симбиоз құрайды. Бұл симбиозда саңырауқұлақтар су мен ондағы еритін заттарды сіңіреді, ал көк-жасыл балдырлар саңырауқұлақтарға органикалық қосылыстарды жеткізіп отырады. Қарым-қатынастың басқа түрі - микориза жоғарғы сатылы өсімдіктердің тамырлары мен саңырауқұлақтардың симбиозы.
Саңырауқұлақтарды бірнеше тәулік бойы сусло-агарда немесе сұйық суслода, Сабуро, Чапек және т.б. орталарда дақылдандырады. Бәл мақсатта зертханалық жануарларды пайдалануға болады.
Кейбір саңырауқұлақтарға диморфизм тән, атап айтқанда өсу жағдайларына байланысты жіпшелі және ашытқылы пішін түзуге қабілетті. Ашытқы тәрізді пішіндері жиі in vivo яғни адамға жұққан кезде түзіледі.
Қарапайымдыларда қозғалу (талшықтар, кірпікшелер, жалған аяқтар), қоректену (ас қорыту вакуольдері), және
Қарапайымдыларда қозғалу (талшықтар, кірпікшелер, жалған аяқтар), қоректену (ас қорыту вакуольдері), және
Қарапайымдылардың көпшілігі (дизентерия амебасы, баланти-диялар) нативті белок пен аминқышқылдары бар қоректік орталарда өсе алады. Оларды дақылдандыру үшін жасушалар (тіндер) дақылын, тауық эмбриондары мен зертханалық жануарлады да қолданады.