Слайд 3
![Кіріспе Фармакология (грек. pharmacon — дәрі және logos — ілім) —](/_ipx/f_webp&q_80&fit_contain&s_1440x1080/imagesDir/jpg/1406108/slide-2.jpg)
Кіріспе
Фармакология (грек. pharmacon — дәрі және logos — ілім) — адам организміне
әр түрлі дәрілік және биологиялық белсенді заттардың тигізетін әсерін зерттейтін, сондай-ақ дәрі-дәрмектің жаңа түрлерін іздеп табуды қарастыратын ғылым. Фармакологияда организмге дәрілік заттардың әсерін жануарларға әр түрлі әдістермен (мысалы, физиол., биохим., гистол., т.б.) жасалынған тәжірибелер негізінде анықтайды. Жалпы және жеке, медицина және ветеринар. Фармакология болып бөлінеді. Фармакология дәрілік заттардың денеге сіңуі, таралуы, органдар мен тіндерде жинақталуы, өзгеруі (фармокол. кинетика), олардың әсер етуіндегі биохим. механизмдер (фармокол. динамика), дәрілік препараттарды клиника жағдайында зерттеу (клиник. Фармакология), дәрілік заттардың сау және ауру организмге әсерін, биол. тасымалдануын, органдардан шығарылуын салыстырмалы түрде зерттеу (клиник.-кинетик. Фармокология) бағыттарында дамып келеді.
Жеке фармокология-дәрілік заттардың белгілі бір тобының және практикалық медицинада қолданатын аса маңызды препараттардың фармакодинамикасының ерекшеліктеріне арналған бөлім.