Ақпараттық коммуникативтік технологиялар

Содержание

Слайд 2

Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте-мөте қажет. Н.Ә.Назарбаев

Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа

білім беру өте-мөте қажет. Н.Ә.Назарбаев
Слайд 3

ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы

ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы

дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздейді.
Слайд 4

Ақпараттық-коммуникативті технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға,

Ақпараттық-коммуникативті технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға,

модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.
Ақпараттық-коммуникативті технологияларды білім беру саласында үйлесімді пайдалану оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне негізделіп, өзіне қажетті мазмұн мен мәліметті ақпарат көзінен таңдап, талғап білуіне үйретеді.
Ақпараттық-коммуникативті технологияның келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.
Слайд 5

Ақпараттық-коммуникативті технология арқылы жалпы оқыту үрдісінің функциялары: оқыту, тәрбиелеу, дамыту, ақпараттық

Ақпараттық-коммуникативті технология арқылы жалпы оқыту үрдісінің функциялары: оқыту, тәрбиелеу, дамыту, ақпараттық

болжамдау және шығармашылық қабілеттерін дамытумен анықталады.

Ақпараттық-коммуникативті технологияларды пайдалану арқылы мұғалім оқушының интеллектуалдық, рухани азаматтық және басқа да адами келбетінің қалыптастыруына игі әсерін тигізеді.

Ақпараттық-коммуникативті технологиямен жұмыс істеу – компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді.

Слайд 6

Әртүрлі ғылыми зерттеулер мен алдыңғы қатарлы ұстаздардың тәжірибесі дәлелдегендей, оқытудың интерактивті

Әртүрлі ғылыми зерттеулер мен алдыңғы қатарлы ұстаздардың тәжірибесі дәлелдегендей, оқытудың интерактивті

әдістерін пайдалану, оқыту-тәрбиелеу үрдісін толық жетілдіруге, педагогикалық еңбектің тиімділігін арттыруға, оқушылардың білім, білік, дағды сапаларының жақсаруына септігін тигізеді.
Интерактивті тақта – компьютердің қосымша құрылғыларының бірі және де дәріс берушіге немесе баяндамашыға екі түрлі құралдарды: ақпараттың кескіні мен қарапайым маркер тақтасын біріктіретін құрал болып табылады.
Слайд 7

Интерактивті тақтамен жұмыс істеу – ол заттар мен құбылыстардың өзіне тән

Интерактивті тақтамен жұмыс істеу – ол заттар мен құбылыстардың өзіне тән

жаратылыс бітімін, сыр-сипатын, сезім мүшелері арқылы көзбен көріп, қолмен ұстап, құлақпен естіп қабылдауға баулитын дидактикалық үрдіс.
Слайд 8

Бұл технологияны пайдаланудың негізгі мақсаты: 1. Ақпараттық-технологияларды пайдалана отырып оқу-тәрбие процесінің

Бұл технологияны пайдаланудың негізгі мақсаты:

1. Ақпараттық-технологияларды пайдалана отырып оқу-тәрбие процесінің барлық

деңгейін жетілдіру, оқу-тәрбие жұмысына жаңашылдық енгізу:
-сабақты қызықты етіп өткізу арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру;
-білім сапасының көтерілуіне жағдай жасау;
-оқыту процесінің сапасын арттыру;
-пәнаралық байланысты тереңдету;
-қажетті ақпаратты іздеуді оңайлату және көлемін ұлғайту.
2. Оқушыны заман талабына сай жан-жақты дамыту, ақпараттық қоғамда өмір сүруге икемдеу, даярлау.
-коммуникативтік қабілеттерін дамыту;
-өздігінен ізденуге, шешім қабылдай білуге бағыттау;
-компьютерлік графика, мультимедиа технологиясын пайдалану, киноларды, видеороликтерді көрсету, сабаққа байланысты музыкаларды тыңдату арқылы эстетикалық тәрбие беру;
-пәнаралық байланыс орнату;
-ақпараттық мәдениетті қалыптастыру, ақпаратты өңдей білуге үйрету.
Слайд 9

Ақпараттық-коммуникативті технологияны оқу-тәрбие үрдісіне енгізудің мұғалім үшін тиімділігі неде? Сабақты тартымды

Ақпараттық-коммуникативті технологияны оқу-тәрбие үрдісіне енгізудің мұғалім үшін тиімділігі неде?

Сабақты тартымды түрде

қызықты етіп өткізуге мүмкіндік туады;
Оқушы өз бетімен жұмыс жасайды;
Аз уақытта көп білім береді, уақытты үнемдейді;
Шығармашылық жұмыстар жасайды;
Қашықтықтан білім беру мүмкіндігі туады;
Оқушының ой-өрісін, дүниетанымын кеңейтуге ықпал болады;
Оқушылардың танымдық қабілеттерін қалыптастырады;
Сабақта этнопедагогикалық тәрбие беруге мүмкіндік туады;
Оқулықтан тыс, қосымша мәліметтер береді т.б.
Слайд 10

Ақпараттық технология – ізденімпаздыққа үйретеді. Сондықтан, бүгінгі компьютерлендірілген ғасырда ақпараттық-коммуникативтік технологиялар

Ақпараттық технология – ізденімпаздыққа үйретеді. Сондықтан, бүгінгі компьютерлендірілген ғасырда ақпараттық-коммуникативтік технологиялар

құзыреттілігін арттырып, пайдалану арқылы ғылымның кез-келген саласын жылдам дамытып, одан нақты тиімді нәтиже алуымызға болады.
Бүгінгі заман талабына сай жаңа технологиялармен сабақ жүргізуде ақпараттық-коммуникативті технологияларды пайдалану өте тиімді.
Дәстүрлі білім берумен қатар, қазіргі білім беру және ақпараттық технологияларды негізделген дәстүрлі емес оқыту амал-тәсілдері кеңінен қолданыла бастады. Бұл интернет-технологиялар немесе электронды білім беруге негізделген ашық және қашықтан оқыту жүйелері.
Слайд 11

Білім беру саласында түрлі технологиялар енгізілуде, бірақ олардың ішінен қажеттісін таңдап,

Білім беру саласында түрлі технологиялар енгізілуде, бірақ олардың ішінен қажеттісін таңдап,

сабақтың әр кезеңінде тиімді қолдану басты талап. Мәселе технологияларды кеңінен пайдалану емес, мәселе – тұлғаны нәтижеге бағыттай білім беруде. Қазіргі таңда айтар болсақ, көрнекілік әдісі мен техникалық құралдарды қолдану әдісін ақпараттық-коммуникативті технологияның бір өзі атқара алады.