Microsoft Office Excel

Слайд 2

Excel дегеніміз не? Кестелік кұрылымды құжаттармен жұмыс істеуге арналған кең тараған

Excel дегеніміз не?
Кестелік кұрылымды құжаттармен жұмыс істеуге арналған кең

тараған кұралдардың бірі Місcrosoft Ехсеl болып табылады. Ол сандық мәліметтермен жұмыс істеуге негізделген. Ехсеl көптеген математикалық амалдарды, күрделі есептеулерді жеңілдету үшін пайдалануға болады. Ол кестедегі мәліметтердің негізінде түрлі-түсті диаграммалар түрғызып, мәліметтер базасын даярлап, олармен жұмыс істеуді, сандык тәжірибелер жүргізуді қамтамасыз ете алады. Ехсеl мүмкіндігінің көпжақтылығы тек экономика саласында ғана емес, ғылыми зерттеу, әкімшілік жұмыстарында да кеңінен қолдануынан көрінеді.
Слайд 3

Excel программасын іске қосу үшін бірнеше тәсілдері бар. 1) Пуск ->

Excel программасын іске қосу үшін
бірнеше тәсілдері бар.

1) Пуск -> Программы-> Microsoft

Office -> Microsoft Excel

2) Жұмыс үстелінен Құру
-> Microsoft Excel әрекеттерін орындау арқылы

Слайд 4

Excel терезесінің негізгі элементтері: Меню жолы – Excel командаларына қатынас құруға

Excel терезесінің негізгі элементтері:

Меню жолы – Excel командаларына қатынас құруға

мүмкіндік береді.
Тақырып жолы – құжат атауы мен терезені басқару батырмаларын қамтиды.
Стандарттық тақта – Excel командаларының көпшілігіне арналған батырмаларды қамтиды.
Форматтау тақтасы – форматтау командаларына арналған батырмаларды қамтиды.
Формула жолы - ағымдағы ұяшықтардың ішіндегі барын, оның адресін немесе сілтемесін бейнелейді.
Тапсырмалар аймағы – ағымдағы тапсырмалар тізімін қамтиды.
Жолдар тақырыбы – бұл әрбір жолдың сол жақ бөлігінде орналасқан нөмірленген ентаңба.
Бағандар тақырыбы – бұл алфавит бойынша реттелген әріптік ентаңбалар, олар әрбір бағанның үстінде орналасқан.
Қалып-күйлер жолы – құжаттың ақпаратын қамтиды.
Шиыру жолақтары - құжаттың әр түрлі бөліктерін қарауға мүмкіндік береді.
Слайд 5

Ехсеl даярлайтын күжат Жұмыс кітабы деп аталады. Жұмыс кітабы жұмыс парағынан

Ехсеl даярлайтын күжат Жұмыс кітабы деп аталады. Жұмыс кітабы жұмыс

парағынан тұрады. Жұмыс парағының күрылымы кестенің күрылымындай және ол бір немесе бірнеше кестені камтиды. Әрбір парақтын аты төменгі жағында орналасқан таңбашада көрініп тұрады. Осы таңбашаның көмегімен кітапты парактауға болады. Таңбашаны тышқанның батырмасымен екі рет шерту арқылы атын езгертуге болады.
Әрбір жұмыс парағы жолдар мен бағандардан тұрады. Бағандардың аты латын алфавитінің бас әріптерімен жазылады. Бір жұмыс парағы 256-ға дейін баған санын қамти алады. Бағандар А-дан Z әріптерінің комбинацияларымен белгіленеді, ал жолдар 1-ден бастап 65536-ға дейін нөмірленеді.

Жұмыс кітабы

255 бетке
дейін

256 бағана

65536 жол

Слайд 6

Ұяшықтар мен оның адрестері Ұяшық – бұл баған мен жолдың қиылысы.

Ұяшықтар мен оның адрестері

Ұяшық – бұл баған мен жолдың қиылысы. Ағымдағы

ұяшықтың ішіндегі мәліметтері мен адресі Формула жолында бейнеленеді Ол электрондық кестенің мәліметтер енгізетін ең кіші элементі болып табылады. Әрбір ұяшықтың жол мен бағандардың белгіленуінен тұратын адресі болады. Мысалы: С22, А21, Е15, Е28.