Пәні:Основы информационной безопасности

Слайд 2

1-БӨЛІМ. АҚПАРАТТАНДЫРУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАТЫНАСТАРДЫ РЕТТЕУ НЕГІЗДЕРІ 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1-бап. Осы

1-БӨЛІМ. АҚПАРАТТАНДЫРУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАТЫНАСТАРДЫ РЕТТЕУ НЕГІЗДЕРІ 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын

негiзгi ұғымдар
      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) автоматтандыру – ақпаратты жасауды, іздестіруді, жинауды, жинақтауды, сақтауды, өңдеуді, алуды, пайдалануды, өзгертуді, көрсетуді, таратуды және беруді оңтайландыру үшін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдарын пайдалану процесі;
      2) ақпараттандыру – ақпараттандыру субъектілерінің қызметін автоматтандыруға бағытталған ұйымдастырушылық, әлеуметтiк-экономикалық және ғылыми-техникалық процесс;
      3) ақпараттандырудың сервистік моделі – ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді құруға немесе дамытуға, сондай-ақ оларды көрсетуге негізделген, мемлекеттік функциялар мен мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ақпараттандырудағы орталықтандырылған тәсілді іске асыру;
Слайд 3

2-бап. Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы

2-бап. Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасы
      1. Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы

заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
      2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзгеше қағидалар белгiленсе, халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
3-бап. Ақпараттандыру саласындағы қоғамдық қатынастарды мемлекеттiк реттеудiң мақсаттары мен қағидаттары
      1. Ақпараттандыру саласындағы қоғамдық қатынастарды мемлекеттiк реттеудiң мақсаттары ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды қалыптастыру және оны дамытуды қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының әлеуметтік және экономикалық дамуы мен бәсекеге қабілеттілігін ақпараттық жағынан қамтамасыз ету үшін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер өндірісінде жергілікті қамтуды дамыту үшін жағдайлар жасау болып табылады.
Слайд 4

4-бап. Осы Заңның қолданылу саласы 1. Қазақстан Республикасының аумағында, ақпараттандыру объектілерін

4-бап. Осы Заңның қолданылу саласы
      1. Қазақстан Республикасының аумағында, ақпараттандыру объектілерін

құру, дамыту, қолдап отыру, пайдалану кезінде, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын дамытуды мемлекеттік қолдау кезінде мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар арасында туындайтын ақпараттандыру саласындағы қоғамдық қатынастар осы Заңның қолданылу саласы болып табылады.