Слайд 13
Дина Нұрпейісова (1861-1955) ұстазы Құрманғазыға арнап «Жігер» күйін шығарған. Тоқсан төрт
жасында күй анасы Дина әжеміз өлерінде әлсіз саусақтарымен Құрманғазының «Қайран шешем» күйін бастап, саусақтары икемге келмей көз жұмады. Динаның сүйегі Алматының орталық зиратында, М. Әуезов пен Қ. Қуанышбаевтың артында, тасада жатыр. Қашаған Күржіманұлы (1841-1929) Қосайдың Бәлиі, Маңғыстаудың «Қырықкез» деген жерінде жерленгені мәлім. Оның да кесенесін Мақсұт Нұрқабаев тұрғызған. Осы Қашаған Құрманғазымен көп жолдас болған. Құрманғазының інісі Байғазы ұрпағы Самара облысына көшкен. Құрманғазының Қази, Құбаш деген екі ұлы болған. Қазидың ұрпағы әзірге белгісіз. Ал Құбаштан үш бала: Төлеу, Төлеген, Кәрім туған. Төлеуден Тәнзила (балалары Салахиден, Саламат, Салауат, қыздары – Бақытжамал, Зоя Атырау өңірінде тұрады). Төлегеннен өрбіген Кәкім Аққыстауда, қыздары Дариға, Әлима, Әсималар Атырау қаласында тұрады. Құбаштың үшінші ұлы Кәрім ұрпағы Володарда. Құбаштан туған Жұманың Зияда деген қызынан Рашид, Дамир, Мұрат және үш қыздың Алтыны мен Сәниясы Ақтау қаласында, Әния Алматыда. Олар Құсайыновтар әулетінен тарайды.