Артемиданың ғибадатханасы.
Грек әйел пірі Артемиданың Кіші Азияның Эфес қаласындағы ғибадатханасы
әлемнің үшінші «кереметі» деп есептелген.
Ол кілең мәрмәр тастан 120 жыл бойы салынып,жаңа заманға дейінгі 550 жыл шамасында аяқталған. Ғибадатхананы көз тартарлық әдемі салып, ішінде бағалы заттар мол болады. Сондықтан атағы жер жүзіне жайылып кетеді.
Біздің заманымызда бұрынғы 356ж. Герострат деген біреу атын шығармақ оймен ғибадатхананы өртейді. Ақыры оның есімі ақылға қонымсыз зиянкестіктің белгі-бейнесі болып мәңгілікке ел аузында қалады.