Ұлттық өнердің тарландары

Содержание

Слайд 2

Суреттер бойынша қандай ақпараттар білетіндеріңді айтыңдар. Бұл суреттердің сабақтың тақырыбына қандай қатысы болуы мүмкін?

Суреттер бойынша қандай ақпараттар білетіндеріңді айтыңдар. Бұл суреттердің сабақтың тақырыбына қандай

қатысы болуы мүмкін?
Слайд 3

Сәуірдің он екісі. Сабақтың тақырыбы: Ұлттық өнердің тарландары

Сәуірдің он екісі.
Сабақтың тақырыбы: Ұлттық өнердің тарландары

Слайд 4

Сұрақтарға жауап беріңіздер. Қандай театр тарландарын білесің? Махаббат нышанына айналған әртістер

Сұрақтарға жауап беріңіздер.
Қандай театр тарландарын білесің?
Махаббат нышанына айналған әртістер жұбын

білесің бе?
Егер саған таңдау берсе, қандай әртіске қошемет көрсетер едің? Неге?
Слайд 5

1.Театр тарландарымен кездес.... 2. Еңлік пен Кебек мәңгілік махаббат нышанына айнал....

1.Театр тарландарымен кездес.... 2. Еңлік пен Кебек мәңгілік махаббат нышанына айнал....

3. Қойылым режиссерін қошемет.... 4. Төлеген Жібекке ынтызар бол.... 5. Сахнада актердің дауысы жаңғыр....

1-тапсырма. Көсемшенің тиісті жұрнақтарын жалғап, сөйлемдерді аяқтаңыз.

Слайд 6

Қазақ театр және кино өнерінің тарландары Құман Тастанбеков пен Меруерт Өтекешова

Қазақ театр және кино өнерінің тарландары Құман Тастанбеков пен Меруерт Өтекешова

мәңгілік махаббатың нышанына айналды. Оған қос тарланның «Қыз Жібек» көркем фильмінде ғашықтардың рөлін ойнауы себеп болды.
Бұл фильм халық ауыз әдебиетінің інжу-маржаны «Қыз Жібек» жырының жемісімен түсірілді. Басты рөлдерде Қ.Тастанбеков пен М.Өтекешова ойнаған. Құман Төлегеннің, Меруерт Қыз Жібектің бейнесін терең түсініп, шеберлікпен ойнады. Халықтың ықыласы мен қошеметіне бөленді. Төлеген жар іздеп, Сырлыбайдың еліне келеді. Көп қыздың ішінен Сырлыбайдың қызы Жібекті ұнатып, ынтызар болады. Алайда Төлегеннің әкесі Базарбай –оған қарсы болады. Төлеген әкесінің қарсылығына қарамай, сүйіктісі Жібектің еліне келеді. Сырлыбай елінің сарбазы Бекежан да Жібекке ынтызар болып, ғашықтардың махаббатын қызғанады. Сөйтіп, ол Төлегенді өлтіреді. Оны естіген Жібек Жайық өзеніне батып өледі.
Өнер тарландары Қ.Тастанбеков пен М.Өтекешованың ойнауымен «Қыз Жібек» махаббат дастаны халық санасында қайта жаңғырды. Екі актердің өнердегі, өмірдегі ұстанымдары үйлесім тауып, олар 1970 жылы отбасын құрды. Құман мен Меруерт мәңгілік махаббаттың, пәк сезімнің нышанына айналса, «Қыз Жібек» фильмі қазақ киносының алтын қорына айналды.
Қ.Тастанбеков пен М.Өтекешова М.Әуезов атындағы Қазақ драма театрында көптеген рөлде ойнады. «Сахна саңлағы» атанды. Көрермендердің қошеметіне бөленді. Құман Тастанбеков «Біздің Ғани», «Аққулар ұшып келеді», «Ерекше күн» т.б қойылымдарда ойнады. Қос шебер бір ғана маусымдық емес, мәңгілік сахна саңлағына айналды.

2-тапсырма. Мәтінді оқы. Қою қаріппен берілген сөздердің мағынасын анықтаңыз.

Слайд 7

3-тапсырма. Мәтін мазмұны бойынша кестедегі ақпараттар мен мәтін бөліктерін сәйкестендіріңіз

3-тапсырма. Мәтін мазмұны бойынша кестедегі ақпараттар мен мәтін бөліктерін сәйкестендіріңіз

Слайд 8

1. «Махаббат нышаны» деген атқа кімдер, қалай ие болды? 2. Фильм

1. «Махаббат нышаны» деген атқа кімдер, қалай ие болды?
2. Фильм ненің

желісімен түсірілді?
3.Басты рөлдерде Қ.Тастанбеков пен М.Өтешова ойнады ма?
4. Төлеген жар іздеп қайда барды?
5. Фильм қалай аяқталды?

4-тапсырма. Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беріп, диалог құрыңыз.

Слайд 9

Басты кейіпкер –Жібектің рөлін ойнайтын бойжеткен іздеп, 1968 жылы 1 қаңтарда

Басты кейіпкер –Жібектің рөлін ойнайтын бойжеткен іздеп, 1968 жылы 1 қаңтарда

«Лениншіл жас» газетіне хабарландыру жариялайды. Жібекті 500 қыздың арасынан таңдап алады. Төлегеннің ақ сауыты мен Жібектің көйлегі «Қазақфильм» мұрағатында сақтаулы. Бішкек қаласының хайуанаттар бағынан киноға түсіру үшін арнайы аққулар әкелінген. Фильмнің суретшісі- Гулфайруз Ысмайылова мың жарымнан астам эскиз жасаған.

5-тапсырма. Мәтінді оқып, сұрақтар құрастырыңдар.