3.Әңгімелесу диалогі.Әңгімелесу диалогінің хабарлаушылық бағыты жоғары тұрады, нәтижесінде қатысушылардың пікірлесуі күшейеді,
тұлғалық жағы ашылады. Әңгіме бір немесе бірнеше затқа байланысты айтылуы мүмкін. Әңгімелесу диалогінде құрылымы бір-бірін жалғастырушы сөйлем бірлігі, қайталай сөйлеу болады. Бірден жауаптың сапасы әңгімелесуде көрінеді, диалогтің құрылуы (сәлемдесу, құттықтау, сұраулы сөйлемдер), олардың мақсаты әңгімелеушінің пікірлесуге ниеті бар ма екенін анықтауды көздейді. Мысалы:
-How do you feel when you fly?
I love it. I really love flying. I like going to different places, it doesn`t matter how long it takes. I just love flying.
What do you least like about flying?
The meals on the plane, that`s what I don`t like about flying.
4. Қоштау диалогі. Модальдік диалогтің бұлтүрінеәңгімесушілердің пікірлерінің сәйкес келуі,тән екі қатынасушы жақ таактив болады, бірдей дәрежеде пікірлерін айтуға тырысады. Қоштаудиалогінің ішкі сөздік нәтижесі болмайды, негізгі құрылымы лексика-синтаксистік паралельдік арқылы диалог бірлігін құрайды. Сөйлеудің дамуы жауаптың бірін-бірі қолдауымен, алынған хабардың мазмұнына сәйкес, екі қатысушының ойлары бірдей, бір уақытта айтады, толықтырады, нақтылайды.Сөйлеушілер қоршаған адамдарды, оқиғаны бірдей бағалауы мүмкін,бірдей сезімде болады.