Шаруаға икемді, тіл алғыш, үлкен-кішіге ілтипатты бала үй-ішіне азық-түлік, малына жем-шөп
тасумен өзі де айналысатын болған. Мектепте озат оқып, ылғи алдыңғы қатарда көрінетін, сыныптас достарынан да көмегін аямайтын. Мінезі орнықты, ісіне тындырымды да сабырлы Нұрсұлтан жаңалыққа жаны құмар жігіт болып өсті. Ол алғаш, барлық алғыр балалар сияқты, ұшқыш болуды армандаған, кейін ол ойынан бас тартты. Сөйтіп ол Днепродзержинск техникалық училищесін, Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орнын, жоғары партия мектебін бітірді.