52 жастағы науқас, ауыздың шырышты қабығының ашып ауыратынына шағымданады. Аурудың басталуын
жүйке күйзелісімен байланыстырады. Емханада ауыз қуысын глицериндегі бура ерітіндісімен өңдеп емдеген, нәтижесі жоқ.
Ауыру оқтын-оқтын асқынады.
Анамнезде гиперацидті гастрит, холецистит, артериялық гипертензия.
Қарап тексергенде: жергілікті лимфа түйіндері қозғалмалы, біршама үлкейген, ауырмайды. Еріннің қызыл жиегі қалыпты. Қызылиек үсті тіс шөгінділері, шайнайтын тістердің үшкір шеттері бар.
Тілдің арқасында көптеген мүйізгектелген нүктелер. Екі ұрттың шырышты қабығының ортаңғы және артқы бөліктерінде қырғанда алынбайтын тор, шілтер түріндегі ақ түсті өзгермеген өрнек бар. 45 тіс аймағында өтпелі қатпар бойында фибринозды қақпен жабылған, ауыратын эрозия бар. Науқас 15 жыл бойы шылым шегеді.
Болжамды диагноз қойыңыз, негіздеңіз, салыстырмалы диагностика жүргізіңіз, емдеу тактикасын анықтаңыз.
КЕРІ
1
Ситуациялық есеп