матем руб

Содержание

Слайд 2

Бағдарлама бойынша ұсынылып отырған білім мазмұны келесіні кіргізеді: төменгі сынып оқушыларын

Бағдарлама бойынша ұсынылып отырған білім мазмұны келесіні кіргізеді:

төменгі сынып оқушыларын оқыту,

тәрбиелеу және дамыту талаптары мен мақсатына сәйкес;
төменгі сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне және мүмкіндік өрісіне сай;
қоршаған ортаның, әдет-ғұрыптардың, салт-дәстүрлердің, ана тілінің өзіндік ерекшеліктерін бейнелейді және халықтық педагогиканың элементтерін пайдалануға мүмкіндік береді;

бір сарындылықты және орынсық қайталауды болдырмай сабақтаса дамуды қамтамасыз етеді, өйткені ол оқушылардың дайын болуына орай білімді горизонталь және вертикаль бойынша толықтыра және кеңейте түсуге мүмкіндік беретін сызықты-сатылы құрылымды жүзеге асырады.
Оқушылардың мектеп алды дайындықтарының нақты деңгейін ескере отырып оқу материалының мектептің бастауыш сатысындағы әрбір сынып бойынша тиімді бөлінуін қамтамасыз етеді.

Арифметикалық және қарапайым геометриялық материалдардың пән ішілік үйлесімді байланыста болуын және олардың өзара әсерлесуін және бірін-бірі байыта түсуін қамтамасыз етеді.
Мектептің бастауыш сатысындағы басқа оқу пәндерінің мазмұны мен пән аралық байланыстар ескеріледі.
Теориялық және практикалық мәселелердің үйлесімді ара қатынасын жүзеге асыру арқылы математикалық заңдылықтар, ережелер мен қорытындылардың өмір қажеттігі мен мұқтаждығынан туындайтынын көрсетіп беруге мүмкіндік жасайды.

Слайд 3

Сондықтан бастауыш математикалық білім мазмұнына мәтінді арифметикалық есептердің жүйесі енгізілген. Осы

Сондықтан бастауыш математикалық білім мазмұнына мәтінді арифметикалық есептердің жүйесі енгізілген.

Осы

қағидаларға негізделе отырып анықталған бастауыш мектеп математикасының базалық білім мазмұны біршама кеңейеді.
Слайд 4

Бастауыш сынып бүтін сандардың арифметикасын оқытып үйретудің толық аяқталуымен сипатталады. Бастауыш

Бастауыш сынып бүтін сандардың арифметикасын оқытып үйретудің толық аяқталуымен сипатталады. Бастауыш

сыныптарда «10 көлеміндегі сандар», «100 көлеміндегі сандар», «Мыңдықтар», «Натурал сандар» мен «0 саны» тақырыптары біртіндеп кеңейтіле және дамытыла отырып қарастырылады.

Бағдарламада ауызша және жазбаша есептеу тәсілдерінің үйлесімді қатынасы анықталған.

Сондай-ақ микрокалькуляторды (көп таңбалы натурал сандармен арифметикалық амалдарды жазбаша орындауды саналы түрде игергеннен кейін) пайдалануға үйретіледі.

Слайд 5

Есептеулердің негізіне алынатын арифметикалық амалдардың заңдары мен қасиеттері табиғи тілдің көмегімен

Есептеулердің негізіне алынатын арифметикалық амалдардың заңдары мен қасиеттері табиғи тілдің көмегімен

тұжырымдалады және тәжірибеде тікелей қолданылады, ал оларды әріптермен жазып көрсету қарастырылмайды.

Есептеулер тәсілдеріне үйрету барысында қосу мен азайту, көбейту мен бөлу - өзара кері амалдар ретінде қарастырылады.

Сондықтан амалды орындау және оны кері амалды пайдаланып тексеру оқытылып үйретіледі, яғни мұнда арифметикалық амалдардың арасындағы байланысқа сүйеніп білім-біліктерін ірілендіру ұсынылады.

Слайд 6

Бағдарлама маңызды шамалар және оларды өлшеуді оқытып үйретудің ондық есептеу жүйесі

Бағдарлама маңызды шамалар және оларды өлшеуді оқытып үйретудің ондық есептеу жүйесі

мен өлшеудің метрлік жүйесі арасындағы байланысқа негізделген жалпы әдістемесін ұсынады:
Слайд 7

Сандармен орындалатын және шамалармен жүргізілетін арифметикалық амалдар қатар қарастырылады. Бағдарлама есептердің

Сандармен орындалатын және шамалармен жүргізілетін арифметикалық амалдар қатар қарастырылады.

Бағдарлама есептердің

жүйесін анықтаумен қатар, оларды қарастырудың реті мен кезеңдерін, сондай-ақ топтау және сыныптарға бөліну принциптерін, есептерді шешу тәсілдерін (арифметикалық және алгебралық) енгізудің өзіндік әдістемесін анықтайды.

Шаманың атау бірліктері сандар облысының кеңейтілуіне сәйкес енгізіледі.

Слайд 8

Арифметикалық амалдарды енгізу ретіне қарай есептерді қарастырудың келесі кезеңдері ұсынылады: математикалық

Арифметикалық амалдарды енгізу ретіне қарай есептерді қарастырудың келесі кезеңдері ұсынылады:

математикалық жаттығулардың

ерекше түрі ретінде есепті енгізуге дайындық;

«есеп» терминін енгізу және оның құрамды бөліктерімен таныстыру;

қосу мен азайту амалдарының және қатынастардың (<, >, айырмалық салыстыру) мән-мағынасын ашатын қосу мен азайту амалдарының белгісіз компоненттерін табуға берілген жай есептерді шығару;

көбейту мен бөлу амалдарының және қатынастардың (есе артық, есе кем, еселік салыстыру), «үлес» ұғымының мән-мағынасын ашатын көбейту мен бөлу амалдарының белгісіз компоненттерін табуға берілген жай есептерді шығару, шамалардың негізгі тобының арасындағы тәуелділікпен байланысты жай есептерді шығару; 3-4 амалмен шығарылатын есептерді қарастыру.

Слайд 9

Көрнекілікті мынадай тізбекте пайдалануды ұсынады: нақты заттық иллюстрация, схемалық иллюстрация, оқушының

Көрнекілікті мынадай тізбекте пайдалануды ұсынады:

нақты заттық иллюстрация, схемалық
иллюстрация, оқушының

түсінігі;
белгілі түсіндірмелердің үлгілері;
есептің қысқаша жазылуы;
тұжырымдалған жалпы ережеге сілтеме жасау, есептің мәтіні (тірек сөздер).
Слайд 10

Осындай шығармашылық жұмыс берілген есепке кері есеп құрастыру және шығару; шығарылуы

Осындай шығармашылық жұмыс берілген есепке кері есеп құрастыру және шығару; шығарылуы

берілген қатынас, дайын сызба және сурет бойынша есептер құрастыру; сұраққа сәйкестендірілген шартты іріктеп алу және керісінше, шартқа сәйкесетін сұрақты сұрыптау; есептің шартын және сұрағын түрлендіру, жай есепті 2 және одан да артық амалдармен шығарылатын есепке түрлендіру сияқты мәселелерді қамтиды.

Бағдарламада математиканы өту барысында қарапайым геометрияның элементтерін қарастырады.

Бағдарлама балалардың математикалық білім-біліктерін қалыптастыру, ой-өрісін кеңейту, шығармашылығын қиялдау қабілетін дамыту, оқытудың өмірмен байланысын нығайту мақсатындағы қосалқы әдістемелік тәсілдер арқылы өздігінен есептер құрастырып, шығаруды ұсынады.