Слайд 5
Темекі зияны
Темекі тарту адамды баяу улайды. Темекі құрамындағы никотин – өте
күшті у. Адам темекі тартқанда қоршаған ортаға темекі түтіні тарайды. Темекі құрамында никотинмен бірге иісті газ, синил қышқылы, NH3 аммиак, формальдегид, бензопирин (өкпені қатерлі ісікке шалдықтырады) бар. Алғашқы рет темекі тартқанда адамның жүрегі айниды, басы айналады, құсады, жүрек қатты соғады, тамақта, өңеште, асқазанда түйілу, қысылу сезіледі, кейде естен тану байқалады.
Темекі шайыры ми мен жүрек тамырларын бұзады, өкпенің көпіршіктерін зақымдайды, қауіпті ісік ауруларына, жүрек демікпесі, ұстама ауруы, инфаркт ауруларына себепкер болады. Темекі тартушылар өзіне ғана зиян келтірмейді, айналасына да зиянын тигізеді. Темекі тартпайтын сау адам темекі түтіні бар бөлмеде бір сағат отырса, 4 тал темекі тартқан адамдай уланады.