ТОР-200-16 терминалы
Барлық РҚжА жүйесінің негізгі және резервті комплектілерінің бір шкафта орналасуы
ТОР-200
Терминалының байланыс интерфейсі
Менің дипломдық жұмысыма сәйкес келетін терминалдың түрі – ТОР 200-16 болып табылады. Терминалдың функционалдығы: БТҚС-ның 110/35/6 кВ бірінші ретті қондырғыларының релелік қорғанысын қамтамасыз ету, коммутациялық аппараттардың автоматты түрде басқару.
Ыңғайлылығы: терминалдың көмескілік дәрежесінің төмен болуы, -40ºС мен +70ºС арасындағы жұмыс істеу диапазоны, USB-порт арқылы қоректенуі. ТОР 200-16 терминалының басты ерекшелігі болып, терминал бас төмендетуші қосалқы станцияларда да, бас таратушы қосалқы станцияларда да қолданылады. Ауа және кабель желілерін, жұмыстық, резервті қосылуларды, қозғалтқыштарды, төмен қуатты генераторларды, жоғарылатқыш/төмендеткіш трансформаторларды қорғайды.