Портердің

Содержание

Слайд 2

Жоспар: Кіріспе Негізгі бөлім 1.Портердің биографиясы. 2.Ғылыми ойлары. 3.Портердiң бес күштерi. Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер

Жоспар:
  Кіріспе
  Негізгі бөлім
1.Портердің биографиясы.
2.Ғылыми ойлары.
3.Портердiң бес күштерi.
Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер
Слайд 3

Кіріспе. Майкл Портер әскери офицердiң жанұясында, 1947ж. Мичиган штатында дүниеге келдi.

Кіріспе. Майкл Портер әскери офицердiң жанұясында, 1947ж. Мичиган штатында дүниеге келдi. Принстон университетiн бiтiрдi, содан соң

бизнес- әкiмшілдiктің магистр дәрежесiн және Гарвард университетiндегi философия докторы дәрежесін алды, және де оқуды өте жақсы бағаларға бітірiп отырды. 1973 жылдан бастап (бұл колледждiң барлық тарихында ең жас профессор болып табылды) Harvard Business Schoolге жұмыс iстейдi. Әртүрлi елдерде үлкен зерттеу жұмысын 100-ден аса салалардан өткiздi. 1990 жж. Оңтүстік Корея елінің үкіметіне консультациялар жүргізді. 2006 ж. Ресейге шақырылып, оның өзге елдермен салыстырғандағы бәсекелестігі туралы консультация жүргізді.Портер экономикаға экономикалық кластер деген ұғым енгізді, оның айтуы бойынша, компанияның бәсекеге қабілеттілігі көп жағдайда оның қоршаған ортасына байланысты болып келеді
Слайд 4

Michael Eugene Porter (Майкл Юджен Портер, туыл. 1947) Гарвард кәсiпкерлiк-мектебiнің (ағылш.

Michael Eugene Porter (Майкл Юджен Портер, туыл. 1947) Гарвард кәсiпкерлiк-мектебiнің (ағылш. Harvard Business School) iскерлік

әкiмшілдiк кафедрасының профессоры, экономикалық бәсекелестiктi зерттеуден танылған маман, соның iшiнде елдер арасындағы және өлкелердiң арасындағы, халықаралық нарықтардағы бәсекелестiкті зерттеді . Елдердiң бәсекелестiк артықшылықтарының теориясын жасады.
Слайд 5

Кәсiби сыйлықтары, сыйақы: Өзінің мақалалары үшін McKinseyнiң наградасын үш рет алды.

Кәсiби сыйлықтары, сыйақы: Өзінің мақалалары үшін McKinseyнiң наградасын үш рет алды. George R награда. (менеджменттiң

академиясы) Terry Book менеджменттiң дамытуына үлкен үлес қосқаны үшін. (өнеркәсiптiк экономисттердың Ұлттық қауымдастығы) Adam Smith наградасы. Жетi құрметтi доктор дәрежелері.
Слайд 6

Ғылыми ойлары. Майкл Портер бәсекелестiктiң табиғатын зерттеудiң жетекшi мамандарының бiрі болып

Ғылыми ойлары. Майкл Портер бәсекелестiктiң табиғатын зерттеудiң жетекшi мамандарының бiрі болып табылады.

Мысалы, Портер өзінің өмірінде дүние жүзіне әйгілі AT T, DuPont, Royal Dutch / Shell және Procter Gamble компанияларында бизнес- консультант болып, Alpha-Beta Technologies, Parametric Technology Corp, R B Falcon Corp және ThermoQuest Corp компания директорларына басқарушылық қызметтер көрсеткен.Сонымен бiрге Портер үкiметте консультант ретiнде жұмыс iстеген. Ол президент Рейганның салалық бәсекеге түсе алатындығы бойынша президенттiк комиссияға тағайындалды, сонымен бiрге экономикалық өсуге және технологиялар бойынша губернатор кеңесiнiң төрағасының орынына Вильям Вэлдомдпен (Массачусетс губернаторы) шақырылған. М.Портер Үндістан, Жаңа Зеландия, Канада және Португалия, және Орталық Американың елдерiнiң президенттерi үшiн аймақтық стратегияны дамыту бойынша кеңес берген. 1990-шы жылдары Оңтүстiк Корея үкiметiне кеңес берген. Портерге Ресейүкiметi 2006 жылда елдiң бәсекеге түсе алатындығын талдауды зерттеуге тапсырыс бередi. Профессор Портер ескi Америка қалаларының бiр бөлiгiнiң экономикасының жандану iсінде новатордың ролiн ойнады
Слайд 7

Портердiң бес күштерi. Майкл Портер салалық пайдалылықтарды анықтайтын 5 бәсекелестiк күштерді

Портердiң бес күштерi. Майкл Портер салалық пайдалылықтарды анықтайтын 5 бәсекелестiк күштерді ажыратады: 1.Егер (customers ) тапсырыс берушiлер

(себептен тәуелсiз) жабдықтаушыға қарағанда көп күшке ие болса, олар бұл артықшылықтарын пайдаланады және жабдықтаушының пайда маржаларын азайтады. 2.Егер ұйымның (suppliers ) жабдықтаушыларында күшті нарықтық артықшылығы бар болса, сонымен бiрге олар бұны пайдаланады және де өз өнімдерін анағұрлым қымбаттырақ сатады.
Слайд 8

Слайд 9

3.Егер (substitutes ) тауарлардың/қызметтердің ауыстырғыштары бар болса, олар ұйым тағайындаған бағаның

3.Егер (substitutes ) тауарлардың/қызметтердің ауыстырғыштары бар болса, олар ұйым тағайындаған бағаның өлшемiн

шектейтін болса, демек олар оның пайдасының мөлшерін нақ осылай шектейдi. 4.Егер салаларда (rivalry ) қарқынды бәсекелестік бар болса, онда ол қатысушыларды бағалық, зерттеушілік, жарнамалық соғыстарға қатысуға мәжбүрлеп қосады, және де бұл бағаның төмендеуіне себеп болады. 5.Eгер салаларда (new entrants ) жаңа қатысушылар көрiнiп қалса, және, олар өздерімен бiрге қосымша қорларды әкеледi және нарықтың бұрынғы қатысушыларынан пайданы тартып алуға ұмтылады. Бәсекелестік көбейеді , ал пайда азаяды. Бұл күштер бiрiгiп саланың пайдасының шектi потенциалдығын анықтайды[1].
Слайд 10

Слайд 11

Американ экономисі М. Портер 1991 жылы: «Елдердің бәсекелестік артықшылықтары» деген зерттеуді

Американ экономисі М. Портер 1991 жылы: «Елдердің бәсекелестік артықшылықтары» деген зерттеуді

жариялады. Зерттеуде халықаралық сауда мәселелері мүлде жаңа қырынан талқыланды: «Халықаралық нарықта елдер емес, фирмалар бәсекеге түседі. Елдің бұл процессте алатын орнын анықтау үшін фирманың бәсекелестік артықшылыққа қалайша қол жеткізетінін және оны қалай сақтап қалатынын түсіну керек».
Слайд 12

Портер өз үлестеріне экспорттың ½-і келетін 10 ірі өндірістік елде зерттеу

Портер өз үлестеріне экспорттың ½-і келетін 10 ірі өндірістік елде зерттеу

жүргізген. Ол осы зерттеу нәтижесінде елдің әлемдік нарықтағы бәсекелестік қабілеті соларға бағынышты негізгі параметрлерінің өзара байланысын көрсететін «ұлттық халықаралық бәсекелестік қабілеті» деген теориясын тұжырымдады. Портер қазіргі сыртқы сауданың дамуын анықтайтын 4 негізгі параметрді атап көрсетті: ─   Факторлық шарттар; ─   Сұраныс шарттары; ─   Жақын орналасқан және қызмет көрсететін салалар; ─   Фирма стратегиясы және бәсекелестігі.
Слайд 13

Портер бірінші параметрдің – саны жаңа шарттардың енгізілуі арқылы ұлғаятын факторлық

Портер бірінші параметрдің – саны жаңа шарттардың енгізілуі арқылы ұлғаятын факторлық

шарттардың маңыздылығын мойындайды.  Неоклассикалық теория негізін қалаушылар пікірлерінен өзгешелігі – ол аталған факторлар ел үшін мұра ретінде қалдырылмайды, өндірістің кеңеюі процесінде пайда болады деп санады. Мысалы, Жапониядағы жер жетіспеушілік факторы шағын технологиялық процестерді қалыптастыру үшін негізгі ынталандырушы күшке айналды. Бұл кейін әлемдік нарықта үлкен сұранысқа ие болды. Ал швейцар фирмалары соғыстан кейінгі жылдары жұмыс күшінің жетіспеушілігі салдарынан еңбек өнімділігін көтеру бағытын таңдады.
Слайд 14

Екінші параметр – сұраныс шарттары ішкі нарықтың қажеттіліктерін көрсетеді. Олар фирманың

Екінші параметр – сұраныс шарттары ішкі нарықтың қажеттіліктерін көрсетеді. Олар фирманың

даму барысын айқындап, оның болашақтағы әлемдік нарықтың әлеуеттік дамуымен байланысын көрсетеді. Портер Линдер теориясын дамыта отырып, компания қызметіне ықпал жасайтын ішкі нарықтың қажеттіліктерін аса маңызды фактор ретінде қарастырды. Мысалы, шағын бөлмелерде тұратын жапондықтар жапон өнеркәсібі шығара бастаған энергия қуатын сақтайтын арзан кондиционерлер тұтынуды қолайлы деп санайды. Кейіннен мұндай кондиционерлер экспортталуын жапондық компаниялар қамтамасыз етуі арқылы бүкіл әлемде кеңінен пайдаланылатын болды.
Слайд 15

Үшінші параметр – жақын орналасқан және қызмет көрсететін салалар фирма қызметіне

Үшінші параметр – жақын орналасқан және қызмет көрсететін салалар фирма қызметіне

тікелей әсер ететін тиімді өндірістік ортаны сипаттайды. Әшекейлік бұйымдар өндіретін италиандық фирмалардың гүлденуінің себебі: Италия асыл тастар мен металлдарды өңдеу өндірісі бойынша әлемдік жетекші орынға ие болып отыр.
Слайд 16

Төртінші фактор – фирма стратегиясы және бәсекелестік фирмалық стратегияға және ұйымдастырушылық

Төртінші фактор – фирма стратегиясы және бәсекелестік фирмалық стратегияға және ұйымдастырушылық

құрылымына байланысты. Бұл жерде басқарудың жалпы және универсалдық жүйелерін ерекшелеп бөлуге болмайды. Мысалы жиһаз өндірісі, жарық беру құрылғылары, буып-түю  машиналары өндірісінде жетекшілік орындағы италияндық фирмалар өзгерістерге тез бейімделгіштігімен, серпінділігімен, басқару нысандарының икемділігімен ерекшеленеді. Ал оптика, дәлме-дәл машина құрылысы өндірісіне бейімделетін неміс фирмалары үшін орталық басқарудың қатаң жүйесі үйреншікті жайт болып табылады.
Слайд 17

Ішкі нарықта бәсекелердің бар болуы өте маңызды. Портер өндірістің мемлекеттік көмекпен

Ішкі нарықта бәсекелердің бар болуы өте маңызды. Портер өндірістің мемлекеттік көмекпен

қорғалған бір ұлттық фирмаға жинақталуының барынша пайдалы екенділігін жоққа шығарады. Осындай мемлекеттік фирмалардың көпшілігі тиімділік деңгейінің төмендегімен, табиғи шикізаттарды асыралты пайдалануымен, өнімділігінің мардымсыздығымен ерекшеленеді.
Слайд 18

Ішкі нарықтағы күшті бәсеке фирманы сыртқы нарықтар іздестіре отырып, шетелге шығуға

Ішкі нарықтағы күшті бәсеке фирманы сыртқы нарықтар іздестіре отырып, шетелге шығуға

ынталандырады. Ішкі бәсеке ұлттық фирмаларға өзінің тәтсіздіктері үшін шетелдіктерді кінәлауға, сөйтіп мемлекеттен көмек сұрауға мүмкіндік бермейді. Сонымен қатар, ішкі нарықтағы бәсекелестік тауардың жеткілікті дәрежедегі бәсекелестік қабілеттілігі жағдайында оның сыртқа шығарылу жолдарын белсенді түрде іздестіруге ықпалын тигізеді. Осы М. Портердің теориясы 90-шы жылы Австралияда, Жаңа Зеландияда және Америка Құрама Штаттарында сыртқы сауда тауарларының бәсеке қабілеттілігін арттыруға байланысты мемлекеттік деңгейдегі ұсыныстарды дайындауда негіз ретінде қызмет атқарды.
Слайд 19

Қорытынды. Қазіргі таңда халықаралық сауданың қатысушыларының, оның ішінде экономикасы өтпелі кезеңдегі

Қорытынды. Қазіргі таңда халықаралық сауданың қатысушыларының, оның ішінде экономикасы өтпелі кезеңдегі елдердің

алдында ұлттық мүдде үшін не жақсы екенін анықтауды қажет ететін күрделі мәселе тұр: ─   Еркін сауданы ұстанушылардың айтуынша экспортты көбірек қолдап, сыртқа бағытталу; ─   Протекционизмді жақтаушылардың ұсынысына сәйкес ішке бағытталу және импортты отандық өніммен алмастыру; ─   Сыртқы саудадағы импорт алмастыру мен экспортқа бағытталу стратегияларын рационалды түрде араластыру (біріктіру). Осы амалдардың шегінде көптеген жылдар бойы екі үлкен лагерь; тауарлар мен қызметтерді экспорттауды арттыруға мүдделілер фритерлер мен импорт алмастыру стратегиясын жақтаушылардың, протекционистердің арасында қызу пікір-талас жүріп келеді.