Жылы Қазақстанда халықаралық PISA салыстырмалы зерттеуін жүргізу туралы 1

Слайд 2

PISA зерттеулері туралы негізгі мағлұматтар Әдістер Бақылау жазбаша түрде ұйымдастырылады (тестілеу).

PISA зерттеулері туралы негізгі мағлұматтар
Әдістер
Бақылау жазбаша түрде ұйымдастырылады (тестілеу). Тапсырманы орындауға

2 сағат бөлінеді.
Тест жұмысы ашық және жабық тапсырмалардан тұрады. Кейбір тапсырмалар белгілі бір өмірлік жағдаятқа қатысты түрлі деңгейдегі бірнеше тапсырмадан құралады…
Тест тапсымалары екі нұсқада беріледі. Бір тапсырма екі нұсқада да қайталануы мүмкін.
Ата-аналардан, мектеп әкімшілігінен алынған сауалнама негізінде оқыту нәтижесіне ықпалын тигізетін түрлі факторлар туралы алдын ала ақпарат жинақталады.
Слайд 3

PISA зерттеулері туралы негізгі мағлұматтар Өткізу мерзімі Зерттеу үш жылда бір

PISA зерттеулері туралы негізгі мағлұматтар

Өткізу мерзімі
Зерттеу үш жылда бір рет өткізіледі.

Әр циклда зерттеудің белгілі бір бағытына назар аударылады (тестке жіберілетін уақыттың үштен екі бөлігі осы бағытты қамтиды).
Біріншісі – 1998-2000 жылдар – «оқу сауаттылығы». (Нәтижесі 2001 жылы жарияланды).
Екіншісі – 2001-2003 жылдар - «математикалық сауаттылық». (Нәтижесі 2004жылы жарияланды ).
Үшіншісі – 2004 –2006 жылдар – «ғылыми-жаратылыстану пәндері бойынша білім деңгейі». (Нәтижесі 2007 жылы жарияланды).
Төртіншісі – 2007-2009 жылдар – «оқу сауаттылығы». 2008 жылы зерттеу тәсілдері эксперименттік тәжірибеден өткізілді. 2009 жылдың сәуір айында негізгі зерттеу ұйымдастырылды.
Слайд 4

PISA-2009 Қазақстанда Ұлттық координатор – Қазақстан республикасының Білім және ғылым министрлігіндегі

PISA-2009 Қазақстанда

Ұлттық координатор – Қазақстан республикасының Білім және ғылым министрлігіндегі білім

сапасын бағалау ұлттық орталығы
Зерттеуге қатысқан мектеп саны – 202, оқушы саны – 5805.
Зерттеудің негізгі кезеңдері:
Негізгі зерттеуді жүргізуге даярлық – тамыз 2008 ж – наурыз 2009 ж
Негізгі зерттеуді жүргізу – сәуір 2009 ж
Нәтижені өңдеу – мамыр – желтоқсан 2009 ж
Ұлттық және халықаралық есеп даярлау – қаңтар – желтоқсан 2010 ж