Слайд 11
![Елімізде тыйым салынған және дәстүрлі емес діни ағымдардың елімізге тигізер кері](/_ipx/f_webp&q_80&fit_contain&s_1440x1080/imagesDir/jpg/1311756/slide-10.jpg)
Елімізде тыйым салынған және дәстүрлі емес діни ағымдардың елімізге тигізер
кері әсерлерін былай тізбектеуімізге болады:
Біріншіден, бұлар мемлекеттің ішкі қауіпсіздігіне зиян тигізеді.
Екіншіден, дамыған немесе даму үстіндегі тыныш жатқан бір елді тоқырауға жіберудің бір тәсілі түрлі діни ағымдар арқылы қоғам ішіндегі іріткі тудырады.
Үшіншіден, мемлекеттің болашағы білім мен ғылымға, экономика мен көреген саясатқа байланысты. Ал дәстүрлі емес діни ағымдар білім мен ғылымға қарсы келеді.
Төртіншіден, болашақ жастардың қолында деп білеміз. Олай болса, дәстүрлі емес діни ағамдар біздің болашағымыз деп үміт артып отырған жастарымызды өз қатарларына тартумен келешекке қауіп төндіреді.
Бесіншіден, уақыт өте келе дінаралық қақтығыс тудырады.
Алтыншыдан, қоғамды діннен, руханияттан алшақтату арқылы қоғамды дінге қарсы қояда.
Сол себепті жастарымызды имандылыққа, білімге, ата-бабаларымыздың сан ғасырлар бойы ұстанып келген асыл дініміз исламға оның ішінде Ханафи мәзһабы бойынша тәрбие берсек түрлі жат ағымдардың жетегіне кетпейтін, отанын, елін, жерін сүйетін, салт-дәстүрін, тілін, мәдениетін берік ұстайтын ел азаматы болады.