Адамды саудаға салу қылмысының криминологиялық сипаттамасы және осы қылмыстың жасалуымен күресудің кейбір шаралары
- Главная
- Алгебра
- Адамды саудаға салу қылмысының криминологиялық сипаттамасы және осы қылмыстың жасалуымен күресудің кейбір шаралары
Содержание
- 2. XX ғасырдың басынан бастап осы күнге дейін адамды саудаға салу күннен-күнге дамып келе жатқан қылмыс түрі
- 3. Сол уақыттан бері адамды саудаға салу әрдайым сараптаманы қажет ететін болды, сонымен қатар көптеген даулар мен
- 4. 1997 жылы ЕҚЫҰ адамды саудаға салу қылмысының құрбаны болғандардың нақты санын атады [1]. Ол 1997 жылдың
- 5. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінде осы санатқа байланысты бірнеше баптар бар. Олар: — адамның дене мүшелері мен
- 6. Адамды саудаға салу әлем бойынша өте кең ауқымды қылмыс болып табылады, ж»не ол қылмыстық әрекеттердің өте
- 7. Адамды саудаға салу өте терең криминализацияланған құбылыс болып табылады, ол әлемдегі мемлекеттердің басым бөлігінде таралған, және
- 8. Негізінен, адамның құлдыққа түскенін анықтау, үш критерий бойынша жүргізіледі: — құлдыққа түскен адамның қызметі – қорқыту,
- 9. Жалпы әлемді шырмаған бұл мәселенің алдын алу үшін біздің елімізде де барлық шаралар қолға алынуда.Бірақ, ең
- 10. Осыған орай, қазіргі таңда, құлдыққа құрығына түспеу шараларын құқық қорғау органдары әр түрлі жолдармен жасап отыр.
- 12. Скачать презентацию
XX ғасырдың басынан бастап осы күнге дейін адамды саудаға салу күннен-күнге
XX ғасырдың басынан бастап осы күнге дейін адамды саудаға салу күннен-күнге
Адамды саудаға салу — қазіргі қоғамның ең бір залалды құбылыстарының бірі, бұл мәселе әлемдік құқық қорғаушылармен 1903 ж. көтеріле басталған.Бұл мәселенің етек алуы Ұлыбританиядан Еуропа континеталдық мемлекеттеріне жезөкшелік мақсатымен әйелдерді сатудан бастама алады.Осылайша «ақ құлдық» термині пайда болды,алайда, уақыт өте келе, бұл термин жалпылама «адамды саудаға салу» терминімен ұштасып кеткен. Басқа мемлекеттерге «хат жазысу бойынша жұп табу», үй қызметшісі, даяшылар және фотомодельдер, т.с.с. ретінде әйелдерді тасымалдау оларды секс-бизнеке енгізудің ең бір кең таралған нысаны болып қалыптасты.
Сол уақыттан бері адамды саудаға салу әрдайым сараптаманы қажет ететін болды,
Сол уақыттан бері адамды саудаға салу әрдайым сараптаманы қажет ететін болды,
«Адамды саудаға салу» ұғымы бұдан да кеңірек мағынада қарастырылғаны жөн: бұл қылмыстың жәбірленушісі ретінде жасына, жынысына қарамастан кез-келген тұлға бола алады. Саудаға салудың мақсаты ретінде зорлы неке, зорлы еңбек, үй шаруасында пайдалану, өндіріс пен агросекторларға пайдалану, тапсырыс бойынша немесе зорлап бала тапқызу, сексуалдық бизнесте пайдалану сияқты бағыттарды көрсетуге болады. Ер адамдарды әйелдерге қарғанда жиі құрылыс салу, өндіріс, ауыл шаруашылығы салаларында; ал балаларды – қайыршылыққа, тіленшілікке (попрошайничество) салу салаларында пайдаланады; ал кез келген жынысты және кез-келген жастағы тұлғаларды — олардың ішкі мүшелерін трансплантация пайдаланады.
1997 жылы ЕҚЫҰ адамды саудаға салу қылмысының құрбаны болғандардың нақты санын
1997 жылы ЕҚЫҰ адамды саудаға салу қылмысының құрбаны болғандардың нақты санын
Біздің мемлекетімізде бұл мәселе он шақты жылдар бұрын етек ала бастады. Бұл мәселені өзге мемлекеттерге қарағанда тежеп тұрған құбылыстардың қатарына мемлекеттік идеологияны, ұлттық менталитетті, экономикалық тұрақтылықты және құқық қорғау органдарының қызметін жатқызуға болады [2].
Қазіргі таңда адамды саудаға салуға толық анықтаманы 2008 жылдың 4 маусымында Қазақстан Республикасымен ратификацияланған «Біріккен Ұлттар Ұйымының Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы конвенциясын толықтыратын Адамдарды, әсіресе, әйелдер мен балаларды сатудың алдын алу мен жолын кесу және ол үшін жазалау туралы хаттама» бере алады. Осы құжат бойынша «адам саудасы» күш қолданамын деп қорқыту және оны қолдану немесе мәжбүрлеудің басқа да нысандарын қолдану, ұрлау, алаяқтық, алдау, билікті асыра пайдалану, пайда табу жолымен адамдарды қанау мақсатында арбауды, әкетуді, жасыруды, сатуды жүзеге асыруды білдіреді.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінде осы санатқа байланысты бірнеше баптар бар.
Олар:
— адамның
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінде осы санатқа байланысты бірнеше баптар бар.
Олар:
— адамның
— адамды ұрлау (125 бап);
— бас бостандығынан заңсыз айыру (126 бап);
— саудаға салу (128 бап);
— кәмелетке толмағандарды жезөкшелікпен айналысуға тарту (132 бап);
— адамды оның тұрақты немесе уақытша тұратын жерінен алыстатуға және оны – ата – аналары, таныстары мен құқық қорғау органдары үшін белгісіз жерде ұстауға бағытталған қасақана ұрлау, пайдалану болып табылады
Адамды саудаға салу әлем бойынша өте кең ауқымды қылмыс болып табылады,
Адамды саудаға салу әлем бойынша өте кең ауқымды қылмыс болып табылады,
Адамды саудаға салу айтусыз мөлшерге дейін дамып жатыр: жылына 800 000 адам, әсіресе әйелдер және балалар шекаралар арқылы сатылып және сатып алынып жатыр, және бұл қылмыстың көлемі тоқтамай етек алуда. Европол (Еуроодақтың полициялық одағы) мәліметтері бойынша, адамдарды саудаға салудан түсетін жылдағы пайда 19 миллиард АҚШ долларына дейін жетеді.
Әйелдерді сексуалдық мақсатта пайдалану үшін саудаға салу көптеген миллиард доллар айналымды жасырып отырған көлеңкелі нарық болып қалыптасты.Бұл қылмыстың құрбаны Ресей, Қазақстан, Украина және бұрынғы Кеңес Одағы мемлекеттерінің әйелдері мен қыздары болып табылады. Және осындай сипаттамасымен әйелдің әлемдегі статусына нұқсан келтіріп отыр. Егер де мемлекеттегі азаматтардың басым бөлігі потенциалды тұрғыда тауар ретінде қарастырылып, олар сатылып немесе сатып алына алатын болса, мемлекеттегі демократия туралы қалайша сөз қылуымызға болады?!
Адамды саудаға салу өте терең криминализацияланған құбылыс болып табылады, ол әлемдегі
Адамды саудаға салу өте терең криминализацияланған құбылыс болып табылады, ол әлемдегі
1926ж. 25 қыркүйектегі Женева қ. Құлдық туралы конвенцияда, «Құлдық» дегеніміз» – меншік құқығының атрибуттары немесе оларды кейбіреуі қолданылатын адамның жай күйі мен жағдайы деп белгілеген. Ал, «Құл саудасы» деп – қандай да болмасын адамды ұстап алуға, сатып алуға немесе оны құлға айналдыру мақсатында пайдалануға, сондай-ақ, осындай мақсатпен сатып алынған адамды сату немесе айырбастау жөніндегі барлық әрекеттер деп белгілеген.
Негізінен, адамның құлдыққа түскенін анықтау, үш критерий бойынша жүргізіледі:
— құлдыққа түскен
Негізінен, адамның құлдыққа түскенін анықтау, үш критерий бойынша жүргізіледі:
— құлдыққа түскен
— құлдыққа түскен адам белгілі бір жерде еріксіз және мәжбүрлі түрде қызметін атқарады, бірақ
ол жағдайды өз еркімен өзгерте алмайды;
— құлдық құрығындағы адам өз қызметі үшін төлемақысын төмен мөлшерде немесе тіпті мүлдем алмайды.
Аталған осы анықтамаларға негізделетін болсақ, құлдық немесе құлдыққа сатуға байланысты қылмыстар – азаматтардың қоғамдық қауіпсіздігіне, өміріне, денсаулығына, жеке бас бостандығына және оларға ешкімнің тиіспеушілігіне қол сұғады. Қылмыстың бұл түрі, қылмыскерлердің пікірі бойынша, баюдың және басқа да құқыққа қайшы міндеттерді шешудің әлдеқайда тез әрі тиімді тәсілі болып табылады. Алайда, көрсетілген қылмыстардың өсу үрдісіне септігін тигізіп келе жатқан бұдан гөрі әлдеқайда терең себептер бар. Өкінішітісі сол, бұл себептер әлеуметтік – экономикалық, ал кейде тіпті саяси сипатқа ие болуда. Мысалы, қоғамның байлар мен кедейлер болып әлеуметтік тұрмыстық ахуал жағынан жікке бөлінуі, кәсіпкерлер мен өзге де ауқатты адамдардың көбеюі және олардың кейде қылмыстық ортамен байланыста болуы өз әсерін тигізуде. Сонымен қатар, ұлттық-этностық негізге байланысты және билік өкілдері мен балаларды ұрлау оқиғаларын да осы келеңсіз құбылысқа жатқызамыз. Құлдыққа алу немесе құлдыққа сату туралы айтқанда, қылмыстық ортада материалдық сұраныстың белең алып, ұйымдасқан құрылымдардың белсене қалыптасып отырғанын, бизнестің алуан түрлі салаларына оның ықпал ету әсерінің арта түскенін және қылмыстық кәсіптің неғұрлым «тиімді» тәсілдерінің іздестіріліп жатқанын ескерусіз қалдыруға болмайды. Демек, мұның бәрі сайып келгенде, құлдық саудасы әрекетінің қоғамдық қауіптілік дәрежесінің артып, қылмыстық аясының кеңейе түсуі оған қарсы тосқауыл қоятын қолданыстағы заңды, жауаптылықты барынша қатаңдатуды қажет етеді.
Жалпы әлемді шырмаған бұл мәселенің алдын алу үшін біздің елімізде де
Жалпы әлемді шырмаған бұл мәселенің алдын алу үшін біздің елімізде де
— кез келген құлдық көріністеріне және құлдық саудасына қатаң тыйым салу, егер кей жерлерде болсын құлдыққа сату байқалған жағдайда, оған қатаң жаза шараларын қолдану;
— жоспарланған құлдық және құлдыққа сатуды жасауға дайындалғандарды, яғни зорлау сияқты әрекеттерге жазалау шараларын барынша қатаңдату;
— жоспарланған құл саудасын жасаған адамдарға жеткілікті түрде жазалау шараларын белгілеу;
— мемлекеттің құлдық және құлдыққа сатудың алдын алу мен болдырмау шараларын қатаң қадағалануы.
Осыған орай, қазіргі таңда, құлдыққа құрығына түспеу шараларын құқық қорғау органдары
Осыған орай, қазіргі таңда, құлдыққа құрығына түспеу шараларын құқық қорғау органдары
Сондықтан, адам саудасына жаппай тосқауыл қою мәселесіне біздің ел азаматтары да барынша көңіл бөліп, осы бір келеңсіз құбылыстың жолын кесуге өз үлестерімізді қоссақ екен дейміз.
Тәуелсіз еліміздің ертеңінің бүгінгіден нұрлы болуының өзі осыған байланысты екенін әсте естен шығармаған дұрыс.