Слайд 7
Оның мазмұны мен құрылымы педагогикалық тұрғыдан талданып,
жан- жақты сарапталуы, пән ретінде жүйеленуі – дене тәрбиесінің теориясы
деп аталады.
Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі педагогика, психология, социология, физиология, анатомия ғылымдарымен сабақтас жүргізіліп, жас ұрпаққа білім беру, оны тәрбиелеу, оның днсаулығын нығайтудың жолдарын жан-жақты қарастырады. Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі гимнастика, жеңіл атлетика, шаңғы спорты, ұлттық ойындар мен ат спорты, спорттық педагогика, спорттық психология пәндері ортақ теориялық заңдылықтарға сүйенеді. Осы пәндерден алынған нақты нәтижелер теорияға негіз болып табылады. Дана халқымыз: «Басты байлық - денсаулық», «Тазалық – саулық негізі, саулық – байлық негізі» - деп тегін айтпаса керек. «Қазақстан - 2030» мемлекеттік стратегиясында дене тәрбиесі туралы: «Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткілерді, темекі мен ішімдікті тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға (және тағы сол сияқты) бағытталған.