ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 2011 – 2015 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН «САЛАМАТТЫ ҚАЗАҚСТАН» ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУДЫ
ДАМЫТУ МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ
Осы бағдарламаның денсаулық сақтаусаласындағы алдыңғы мемлекеттік саясаттың жалғасы болып табылатынын атап өту керек. Бағдарламаны құрастырушылар ана өлімінің төмендеуінің нысаналы көрсеткіштерін белгілеу кезінде сақ болды: 2013 жылға қарай 100 мың тірі туғандар 28,1 дейін, 2015 жылға қарай 24,5 дейін жеткізу жоспарланған болатын. Шын мәнінде бұдан бұрын қабылданған шаралар, сондай-ақ, өзге де факторлар бұл көрсеткішті күрт жақсартты және 2010 жылдың өзінде ол 100 мың тірі туғандарға 22,7, ал 2011 – 17,4 құрады, бұл ретте 2009 жылы өлім-жітім 36,8 болған еді.
Нәрестелер өлімінің төмендеуін 2013 жылға қарай 1000 тірі туғандарға 14,1 дейін, жылға қарай –12,3 дейін жеткізу жоспарланады. Іс жүзінде 2010 жылы көрсеткіш 1000 тірі туғандарға 16,54, ал 2011 – 14,84 құрады.
Жалпы өлім-жітім көрсеткіші 2013 жылға қарай 1000 халыққа 8,14 дейін, 2015 жылға қарай –7,62 дейін төмендету жоспарланған. Шын мәнінде 2010 жылғы факт бойынша 1000 халыққа 8,9, 2011 – 8,7 өлім-жітім тіркелген.