Толық кедергінің өрнегі бір катеті активті кедергіге R тең, екінші катеті
реактивті кедергіге X тең, ал гипотенузасы толық кедергіге Z тең тікбұрышты үшбұрышқа сәйкес келеді.
Бұл үшбұрышты кедергілер үшбұрышы деп атайды.
Бұл үшбұрыштан фазалық ығысуы анықталады:
Комплекстiк кедергiге керi шаманы, комплекстiк өткiзгiштiк деп атаймыз:
мұндағы: -комплекстік өткізгіштік,
Y - комплекстiк өткiзгiштiктiң модулi,
-толық өткiзгiштiк деп аталады,
G - активтi өткiзгiштiк,
В – реактивтi өткiзгiштiк.
Тізбектің толық өткізгіштігінің өрнегі бір катеті активті өткізгіштікке G тең, екінші катеті реактивті өткізгіштікке тең, ал гипотенузасы толық өткізгіштікке Y тең тікбұрышты үшбұрышқа сәйкес келеді. Бұл үшбұрыш өткізгіштер үшбұрышы деп аталады. Ток пен кернеу арасындағы фазалық