МИКРОПРОЦЕССОР ТҮРЛЕРІ:
Pentium процессоры
Бір ғана кремний төсемде 3.1 миллионнан артық транзисторлар
біріктірілген 32 разрядты Pentium процессоры жоғары өнімділікпен сипатталады.
Pentium процессоры сырттан 32-биттық құрылғыны білдіреді. Жадыға деректердің сырт шинасы 64-биттық болып келеді.
Pentium процессоры компьютерлерді «нақты әлемдегі» атрибуттармен жұмыс істеуге үйретті – олар дыбыс, дауыстық және жазба сөйлеу, фотокескіндер.
Pentium Pro процессоры
Бір корпуста 2 кристалл орналасқан – процессор ядросы және жеке дайындалған екінші реттегі бүркемесі. Бұл Pentium Pro бастапқыда 150 МГц-дан небары 200 МГц-ға дейін ғана көтерілді. Түрлі модификациядағы бүркеме көлемі 256 Кбайт-тан 2 Мбайт-қа дейін болды. Осы процессорлар үшін 387 бағыттауыштары бар сокет 8 арналған. Интерфейс тікелей симметриялы мультипроцессорлық өңдеу (SMP) үшін 4 процессорға дейін біріктіруге мүмкіндік береді. Аса қуатты Pentium Pro процессоры 5,5 миллион транзисторларды есепке алады.