ЭЕМ зердесіндегі есте сақтайтын
элементтерді әдетте (8, 16, 32, 64) биттен
тұратын топтарға
біріктіреді. ЭЕМ УКНЦ
де мысалы, әрқайсысы 0-ден 65535-ке
дейінгі сандармен нөмірленген 8 биттік
топтар пайдаланылады, ондай сандар
байттар адрестерідеп аталады. УКНЦ-де
адресті кодтау үшін 16 биттік тізбектер
пайдаланылады. Адрес кодын анықтайтын
биттер санын ЭЕМ адресінің
разрядтылығы деп атайды. Ол сан
зерденің процессор алатын ең үлкен
көлемін (информацияны) сипаттайды.
Бір бит информацияны зердеде сақтайтын
электрондық схема триггер деп аталады.
Оның RS-триггер деп аталатын қарапайым түрін қарастырамыз (79-сурет).