Нуклеотидтердің ағза үшін ролі шектелмейді және нуклейнқышқылдардың қаңқасын құрайды. Кейбір коферменттер
өзінің нуклеотиді ретінде қабылдайды мысалы: Аденазинтрифосфат АТФ, АДФ, АМФ, және Кофермент А, Никотинамидадениндинуклеотид (НАД), Никотинамидадениндинуклеотидфосфат НАДФ және Флавинадениннуклеотид ФАД.
ДНҚ-ның биологиялык функциясы:
1. Генетикалық информацияны сақтау
2. Өзін-өзі eкi еселеуі
3. Ұрпақтан-ұрпаққа генетикалық материалды беру.
Әр түрге жататын ағзалардың ДНҚ молекуласы тұрақтылығымен және түрлік ерекшеліктерімен ажыратылады. Жоғарыда айтылғандай ДНҚ 6ip-6ipiнe комплементарлы eкi тізбектен тұрады. Сондықтан, ондағы А саны Т, Г саны Ц тең және А +Г ара қатынасы 1- ге Т+Ц
тең, оны Чаргафф ережесі деп атайды (1949 ж). Ал, А +Т ара катынасы 1- ге тең емес, ce6e6i Г + Ц
кейбір түрлерде А + Т жұптары көбірек болса Ц + Г азырақ болады, кейбіреуінде кepicінше. Мысалы; кейбір бактерияларда А + Т =0,42, ал Г+Ц
адамда А + Т =1,53 болады.
Г+Ц
Совет биохимии А.Н.Белозерскидің анықтауы бойынша азоттық негіздер жұбының ара қатынасы түрлік белгіні анықтайды.