Қозғыштық. Қозу үрдісі

Содержание

Слайд 2

Қозғыштық – бұл тірі тіндердің тітіркендіргіштерге қозу үрдісімен жауап беруі. Қозу

Қозғыштық – бұл тірі тіндердің тітіркендіргіштерге қозу үрдісімен жауап беруі. Қозу

– бұл физиологиялық, биофизикалық, биохимиялық және құрылымдық өзгерістермен сипатталатын тіндердегі күрделі үрдіс.
Слайд 3

Қозғыш тіндердің қасиеттері мен көрсеткіштері

Қозғыш тіндердің қасиеттері мен көрсеткіштері

Слайд 4

Қозғыштықтың өлшемдері 1. Қозу табалдырығы – қозу үрдісін (яғни минималды жауап

Қозғыштықтың өлшемдері

1. Қозу табалдырығы – қозу үрдісін (яғни минималды жауап реакциясын)

тудыратын тітіркендіргіш күшінің ең аз мөлшерін айтады.
2. Реобаза – қозу тудыратын токтың минималды күші (Вольт).
3. Пайдалы уақыт – ең аз уақыт, яғни осы уақыт аралығындағы табалдырық күшінің тітіркендіргіш стимул әсерінің бір реобазасы.
4. Хронаксия – тінді қоздыратын екі реобазаға тең күш әсерінің ең қысқа уақыты.
5. Аккомодация – қозғыш тіннің ток күші үдеуіне бейімделуі.
6. Лабилдік – тітіркендіру жиілігіне сәйкес бір секунд ішінде пайда болатын қозудың ең жоғарғы (максималды) санын айтады.
- жүйке тіні: - 500-1000 имп/сек;
- абсолюттік рефрактерлік кезеңі – 1-2 мсек.
- бұлшықет: - 250-330 имп/сек;
- абсолюттік рефрактерлік кезеңі – 4-5 мсек
- синапс: - 100-125 имп/сек;
- абсолюттік рефрактерлік кезеңі – 8-10 мсек.
Слайд 5

«Күш – уақыт» қисығы (Гоорвег, 1892 ж.; Вейс, 1901 ж.; Лапик,

«Күш – уақыт» қисығы (Гоорвег, 1892 ж.; Вейс, 1901 ж.; Лапик, 1909

ж.)
1 – реобаза;
2 – екі реобаза.
а – пайдалы уақыт;
б – хронаксия.
Слайд 6

Қозу кезіндегі қозғыштықтың өзгеру кезеңдері 1. Абсолюттік рефрактерлік кезең. Бұл кезеңде

Қозу кезіндегі қозғыштықтың өзгеру кезеңдері

1. Абсолюттік рефрактерлік кезең.
Бұл кезеңде тін

ешқандай тітіркендіргішке жауап бермейді.
Бұл кезеңнің ұзақтығы:
- жүйке талшығында – 1-2 мсек;
- бұлшықетте – 4-5 мсек;
- мионевралды синапста – 8-10 мсек.
2. Салыстырмалы рефрактерлік кезең.
Бұл кезеңде табалдырық күшінен жоғары тітіркендіргішке жауап реакциясы туады.
3. Супернормалды кезең.
Бұл кезеңде, тін, табалдырықтан төмен күшкеде жауап береді.
4. Субнормалды кезең.
Бұл кезеңде тіннің қозғыштық қосиеті күрт төмендейді де, табалдырық күшінен жоғары тітіркендіргішке жауап береді.
Слайд 7

Мембраналық потенциал Мембраналық потенциал – бұл жасуша мембрана беті мен оның

Мембраналық потенциал

Мембраналық потенциал – бұл жасуша мембрана беті мен оның протоплзамасы

арасындағы потенциалдар айырмасы.
Мембрананың сыртқы беті «+» зарядталған;
Мембрананың ішкі беті «-» зарядталған.
Бұлшықет талшығының мембраналық потенциал мөлшері: – 60 - – 90 мв.
Слайд 8

Мембраналық потенциал

Мембраналық потенциал

Слайд 9

Әрекет потенциалы Әрекет потенциалы – бұл қозу кезеңіндегі мембраналық потенциалдың тербелісі (мембрана зарядтары өзгереді).

Әрекет потенциалы

Әрекет потенциалы – бұл қозу кезеңіндегі мембраналық потенциалдың тербелісі (мембрана

зарядтары өзгереді).
Слайд 10

Әрекет потенциалы кезеңдері 1. Жергілікті жауап. 2. Деполяризация. 3. Реполяризация. 4.

Әрекет потенциалы кезеңдері
1. Жергілікті жауап.
2. Деполяризация.
3. Реполяризация.
4. Теріс іздік потенциал.
5.

Оң іздік потенциал.