Слайд 12
![Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Жергілікті мемлекетті басқармасы туралы» заңдарына](/_ipx/f_webp&q_80&fit_contain&s_1440x1080/imagesDir/jpg/1427632/slide-11.jpg)
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Жергілікті мемлекетті басқармасы туралы» заңдарына
сәйкес Қазақстан Республикасында әлеуметтік бөлімнің ережесі бекітілді.
Әлеуметтік сала бөлімі Форт-Шевченко қаласының құрылымдық бөлімшесі және өзінің қызметіне ҚР Конститутциясы, «Мемлекеттік қызмет туралы», «ҚР еңбегі туралы», «Коррупциямен күрес туралы», «ҚР тілдер туралы», «Әкімшіліктік процедуралар туралы», «Қағидалы заңдар актісі туралы» заң, ҚР Президентінің Жарлығы, ҚР Үкіметінің қаулысы, мемлекеттік қызметкерлердің қызмет этика ережелері және сол сияқты қағидалы актілері кіреді. Бөлім алдында келесі міндеттер тұр: ҚР Конституциясының, Заңдарының, Жарлықтарының, Қаулыларының, Қазақстан-2030 стратегиясының, ҚР Президентінің Жолдауы және қала, аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын тексеріп қадағалау. Аудан қызметінің шамасына қарай стратегиялық және тактикалық бағытты өңдеу, концепциялар, жоспарлар мен мемлекеттік бағдарламаларын дамытып, іске асыруына белсене араласу. Әлеуметтік салада мемлекеттік бағдарламалы құжаттардың реформалық бағытын іске асыру, насихаттау және оны түсіндіру. Аудан қызметтерінің тәжиірбелік қызметін теңестіру және жұмыспен қамту орталығы мен әлеуметтік бағдарламасымен жұмыс жасау, үйде қызмет көрсету бөлімі, денсаулықты сақтау мекемелері, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтер басқармасы, ауданның мемлекеттік зейнет ақы төлеу және ҰОС ардагерлер одағы, дәріхана жүйелері, емдік-профилактикалық мекемелері және денсаулықты сақтау сұрақтарымен айналысатын мекемелермен қатынасып жұмыс жасау.