Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы

Содержание

Слайд 2

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы

Слайд 3

Кіріспе Тақырыптың өзектілігі. Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылу тарихы мен оның даму

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылу тарихы мен оның даму барысы

және мұнда Қазақстан Республикасының мүше болуы егменді еліміздің дипломатиялық тарихындағы ең маңызды мәселерлердің бірі болып отыр.
Шанхай ынтымақтастық ұйымы тұрақты ұйым ретінде 2001 жылы 15 маусымда Шанхай қаласында Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан мемлекеттерінің өзара келісімімен құрылды. Оған мүше елдердің жер аумағы Еуразия кеңістігінің бестен үш бөлігін құрайды. Халқының саны- 1 миллиард 455 миллион адам. Яғни, жер шарын мекендеген адамзат қауымының тәрттен бір бөлігін қамтиды.
Ұйым құрамында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүше екі бірдей алып мемелекеттің, яғни Қытай мен Ресейдің болуы оның халықаралық деңгейде үлкен саяси беделге ие болуына және өңірдегі осы державалар мен АҚШ мүдделерін теңестіре ұстауға мүмкіндік беруде. Сыртқы қатынаста ШЫҰ қызметі ешбір елге қарсы бағытталмаған және ашық жағдайда жұмыс істеуге бағытталған.
Слайд 4

Қазақстан тәуелсіздігіне қол жеткізген алғашқы жылдардан бастап ұзақ мерзімді Ұлттық мүддені

Қазақстан тәуелсіздігіне қол жеткізген алғашқы жылдардан бастап ұзақ мерзімді Ұлттық мүддені

қамтамасыз етуге бағытталған көп қырлы сыртқы саясатты белсенді жүргізіп келеді. Бұл арада Қазақстанның ШЫҰ-ға қатысуы маңызды аспектілердің бірі болып табылады.
Тұтастай алғанда, Қазақстанның ШЫҰ-ға қатысуы Қытаймен және Ресеймен, сондай-ақ ұйымға мүше басқа да елдермен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған сыртқы саяси бағытқа толық көлемінде жауап береді.
ШЫҰ өзін әлемдік қауымдастықта алдына қойылған міндетін сәтті жүзеге асырушы мығым да болашағы бар ұйым ретінде дәлелдеуде. Күрделі геосаяси кеңістікте салмағын арттырып, тиімді халықаралық байланыстар аясын кеңейтіп келеді. ШЫҰ беделінің өскендігі оның БҰҰ Бас Ассамблеясының қасындағы байқаушы мәртебесін алғандығынан, АСЕАН мен ТМД хатшылықтарымен әріптестік байланыстар орнатқандығынан танылады.
Слайд 5

ШЫҰ органдары: Мемлекет Басшыларының Кеңесі Үкімет Басшыларының Кеңесі Сыртқы істер министрлерінің

ШЫҰ органдары:

Мемлекет Басшыларының Кеңесі
Үкімет Басшыларының Кеңесі
Сыртқы істер министрлерінің Кеңесі
Министрліктер және/немесе ведомстволар

басшыларының Кеңесі
Ұлттық Үйлестірушілердің Кеңесі
Хатшылық
Өңірлік Терроризмге Қарсы Құрылым (ӨТҚҚ)
ӨТҚҚ Кеңесі
Слайд 6

ШЫҰ жане Қазақстан ШЫҰ – қызметі басқа мемлекеттерге немесе халықаралық ұйымдарға

ШЫҰ жане Қазақстан

ШЫҰ – қызметі басқа мемлекеттерге немесе халықаралық ұйымдарға қарсы

бағытталған әскери блок болып табылмайды. Сонымен қатар, ШЫҰ өз мүшелерінің арасында әртүрлі салаларда кең ынтымақтастықтың дамуын қарастырады.
Қазақстанның ШЫҰ бойынша әріптес елдермен тең дәрежедегі диалогқа сындарлы және мақсатты қатысуы Қазақстанның өңірдегі ұстанымын күшейтеді, Ұйымның қағидаттарына толық сәйкес келетін мемлекеттер арасында өзара сенім мен түсіністіктің арта түсуіне көмектеседі. ШЫҰ-ның 2 жетекші ойыншысы – Ресей мен Қытайдың арасында орналасқан Қазақстан өңірлік ынтымақтастықтың жасампаз бастамалары мен жобаларын белсенді қолдайтын Ұйымның маңызды буыны болып табылады.
Слайд 7

1996 жылы Шанхай үдерісі басталғалы бері Қазақстан – ШЫҰ аясында жан-жақты

1996 жылы Шанхай үдерісі басталғалы бері Қазақстан – ШЫҰ аясында жан-жақты

өзара іс-қимылдың белсенді қатысушысы болып табылады. Қазақстан Ұйымның аясында өтетін лаңкестікке қарсы әскери жаттығуларға, ғылыми конференциялар мен форумдарға тұрақты қатысып отырады, ШЫҰ құқықтық базасының нығаюына үлкен үлес қосып келеді. 2006 жылы Қазақстан Бейжіңдегі Хатшылықтың жанындағы және Ташкенттегі Өңірлік лаңкестікке қарсы құрылымның Атқарушы комитетіндегі өзінің тұрақты өкілдігінің аппаратын алғашқы құрғандардың бірі болды.
2007 жылдан бастап 2009 жылдың соңына дейін ШЫҰ бас хатшысы болып Болат Нұрғалиев (Қазақстанның өкілі), Аймақтық лаңкестікке қарсы Ташкенттегі құрылымның Атқарушы комитетінің директоры болып Мырзақан Субанов (Қырғызстан өкілі) тағайындалды. ШЫҰ-ның әрбір жұмыс органында Қазақстанның атынан 6 адам қызмет атқаруда.
2006 жылғы маусымның 15-інде Шанхайда өткен саммитте Қазақстан ШЫҰ Азия энергетикалық стратегиясын жасауға бастама көтерді. Бұл ШЫҰ-да сауда-экономикалық салада тәжірибелік ынтымақтастықтың басталуына түрткі болды. Сондай-ақ ҚР Президенті ШЫҰ аясында заңсыз көші-қонмен күрес жөнінде келісім жасасуды ұсынды.
Слайд 8

Бүгінде ШЫҰ Орталық Азиядағы өңірлік ынтымақтастықтың барынша табысты модельдерінің бірі болып

Бүгінде ШЫҰ Орталық Азиядағы өңірлік ынтымақтастықтың барынша табысты модельдерінің бірі болып

табылады. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың айтуынша, « Қазақстанның ұсынысымен жүзеге асырылған Еуразия идеясының 3 киті – ЕурАзЭҚ, АӨІСШК және ШЫҰ».
Ұйымға мүше мемлекеттердің арасында қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету саласында өзара іс-қимылдың зор оң тәжірибесі жиналған, мүше мемлекеттердің арнайы қызметтері мен құқықтық органдары лаңкестік және экстремистік күштермен күресу үшін тиімді байланыстар орнатты.
2006 жылы Қазақстан Қытаймен бірлесіп, шекаралас аудандарда «Тянь-Шань – 2006» лаңкестікке қарсы жаттығуларын, сондай-ақ ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің қатысуымен «Шығыс-Лаңкестікке қарсы» жаттығуларын өткізді. 2007 жылы жазда Ресейде «Бейбітшілік миссиясы – 2007» ШЫҰ-ның кең ауқымды әскери жаттығулары өтті.
Слайд 9

Үндістанның, Пәкістанның, Иран мен Моңғолияның ШЫҰ жанында бақылаушылар мәртебесі бар. ШЫҰ-ға

Үндістанның, Пәкістанның, Иран мен Моңғолияның ШЫҰ жанында бақылаушылар мәртебесі бар. ШЫҰ-ға

мүше мемлекеттер басшыларының тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында бақылаушы мемлекеттерді Ұйымның сауда-экономикалық саласындағы жұмысына барынша белсенді тарту жұмыстары жүргізілуде. Тараптар 2008 жылға арналған ШЫҰ жанындағы бақылаушы мемлекеттермен өзара іс-қимылды дамыту жөніндегі шаралардың тізімін мақұлдады.
Қазақстан ШЫҰ мүшесі болу бақылаушы, «диалог жөнінде әріптес» ретінде Хартияда көрсетілген осындай ынтымақтастықтың формасын пайдалануды қарастыратын, кезең-кезеңмен өтіп, содан кейін ғана ШЫҰ-ның толық қатысушы болуы тиістігін негізге алады
Слайд 10