Салықтардың басты қызметіне үкіметтің өзінің шығындарын өтеу жатады.Бірақ салықтардың басқа да
қызметтері бар.Кейде салықтар өндірістің белгілі салаларын қорғау үшін алынады.Көп жылдар бойы импорттық тауарды қымбат ете отырып, ірі фирмалардың мүддесін қорғауға көмектескен еді. Салықтар, сонымен қатар, үкіметтің көзқарасы бойынша, зиян қызметке бөгет болу үшін қолданады.
Мысалы: «күнә» салықтары деп аталатын спиртті ішімдіктер мен темекілерге салынатын салықтар ақша алу және сонымен бірге, темекі шегу мен ішімдік ішуден адамдардың көңілін аудару мақсатымен алынады.Бұл салық акцизді салық деп аталады.
Акциз - өндіріске немесе жеке тауар түрінің сатылуына салынатын салық.