Тамақ өнімдерін спектроскопиялық зерттеу әдістері
Қазіргі уақытта 20 000 көп қосылыстың инфрақызыл спектрлері
зерттелінген және жүйеленген, бұл анализдің практикалық жүргізуді жеңілдетеді. Алғашқы жуық болжамды мәліметтерді алу үшін Колтуп картасы деп аталатын сипатты жиіліктің спектральді аймағын қолданады. Соңғы қорытынды үшін көп жағдайда спектрдің жете анализін талап етеді. Кейбір жағдайда белгілі қосылыс спектрімен анализденетін заттың спектрін салыстыру сапалық анализ мақсатының шешімі болып табылады.