Слайд 8
Аустениттін изотермиялық ыдырау диаграммасы
650-700град. температуралардың аралығында болаттың құрылымында перлит деген феррит-цементиттің
қоспасы пайда болады, оның дисперсия ірі, d~1мкм және қаттылығы НВ150-200
650-600град температураларда сорбит деген феррит-цементиттің қоспасы түзіледі, d~0,8мкм, қаттылығы НВ250-300.
600-500град температура аралығында тростит деген феррит-цементиттің қоспасы түзіледі, оның дисперсиясы d~0,6мкм, қаттылығы НВ300-400.
500град температурадан төмен бейнит деген фаза пайда болады, оның дисперсиясы ұсақ, d~0,4мкм, қаттылығы НВ450-550. Бейнитті екі түрге бөледі: жоғарғы – 500-350град темпертура аралығында түзілетін және төменгі бейнит – 350-250град температураларда түзейтін.
Перлит, сорбит, тростит және бейниттің табиғаты бір, барлығы да цементит пен ферриттің қоспасы болып табылады, олардың айырмашалығы тек дисперсиясында.
250град төмен суыту мратенситке әкеледі. Оның қаттылығы өте жоғары, НВ600-650