Электронды аналогты аспаптар. Сандық өлшеу аспаптары
Электронды вольтметрлер
Жалпы мағлұматтар. Электронды вольтметрлер
(ЭВ) өзінше электронды түрлендіргішітің, көбінесе, магниттіэлектрлі жүйенің өлшеу аспаптарымен үйлесімділігін береді. Радиоэлектронды өлшеу тәжірибелерінде ЭВ-ді кеңінен лайдалану келесі себептермен дәлелденген:
1) кең амплитудалы және жиілікті диапазонды (сезімталдығы жоғары және реттелген кезінде ЭВ-нің өлшеу шектері бір микровольт-тан жүздеген вольтқа дейін болады; жиілік диапазондары ондаған герцтен жүздеген мегагерцке шейін созылып жатыр. Транзисторлы түрлендіргіші бар ЭВ-нің жиілік диапазоны 20 Гц ÷ 1 МГц, лампалынікі - 20 Гц ÷ 500 МГц);
2) өлшеу объектісінен аз қуатын пайдалануда, бірақ өлшейтін шығыс аспаптарын қозғалу әрекетіне келтірудің жеткілікті қуатын дамытады (осы арқылы ЭВ-ге тікелей қуаты аз тізбектерде, олардың жұмыс режимдерін бұзбай өлшейді); бұл сапаы кіріс параметрлерімен сипатталады (ЭВ-де жоғары кіріс кедергілері болады, аз жиілікте 0,5 ÷ 20 мОм-ге, арнайы схемаларда – 106 мОм-ге, ал жоғары жиіліктерде – бірнеше ондаған килоОмге тең; кішкене аз сиымдылығы 1 ÷ 30 пФ);
3) жұмыс кезінде сенімді және жүктемелерді жақсы қабылдайды.