№10 зертханалық жұмыс Сірке қышқылы, қасиеттері, алу жолдары

Содержание

Слайд 2

Карбон қышқылдарының жалпы сипаттамасы Құрамында карбоксил СООН тобы бар органикалық қосылыстарды

Карбон қышқылдарының жалпы сипаттамасы

Құрамында карбоксил СООН тобы бар органикалық қосылыстарды

карбон қышқылдары дейді. Егер ондай қышқылдарда СООН тобы біреу болса бір негізді, ал екеу болса екі негізді т.с.с дейді. Осы топтағы органикалық қосылыстар мен олардың туындылары табиғатта жиі таралған.

Мысалы, майлардың бәрі дерлік карбон қышқылдарының глицеринді эфирі.

Оның қарапайым түрінің бірі- сірке қышқылының судағы ерітіндісі.

Слайд 3


Слайд 4

Слайд 5

Монокарбон қышқылдары

Монокарбон қышқылдары

Слайд 6

Карбон қышқылдарының химиялық және физикалық қасиеттері Химиялық қасиеті. Спирт атомынан R-O

Карбон қышқылдарының химиялық және физикалық қасиеттері

Химиялық қасиеті. Спирт атомынан R-O

гөрі қышқыл анионы R-COO тұрақтылау болғандықтан, ---СООН тобындағы сутек атомыың протоны, спирттегі ОН тобындағы сутек протонынан әлдеқайда активті қозғалғыш келеді.
Слайд 7

Физикалық қасиеті. Карбон қышқылының басым көпшілігі, суда ерімейтін кальций не барий

Физикалық қасиеті. Карбон қышқылының басым көпшілігі, суда ерімейтін кальций не барий

тұздары күйінде оңай бөлінеді. Олардың көпшілігі 18 ғасырдың аяғы мен 19 ғасырдың басында ашылған. Олар көбіне табиғи қосылыстардан алынған, солардың атына сәйкес аталып кеткен. Номенклатураның ережесіне орай, алифатты қышқылдарды оларға ұқсас көмірсутек атауларымен айта беруге болады.

Сірке қышқылын алайық СН₃СООН. Ол негізінде екі көміртек атомының тізбегінен құрылған. Оны этаннан алуға болады, яғни болмаса, оның негізі этан қышқылы. Демек, оны этанды қышқыл не жәй ғана этан қышқылы деп атауға болады.

Слайд 8

Карбон қышқылдарының алу жолдары Карбон қышқылдарын, көмірсутектерді, спирттерді, карбонильді қосылыстарды толықтыру,

Карбон қышқылдарының алу жолдары

Карбон қышқылдарын, көмірсутектерді, спирттерді, карбонильді қосылыстарды толықтыру,

сондай-ақ гологенді туындыларды гидролиздеу арқылы алады. Майларды гидролиздеу арқылы глицеринді және қышқылды бөліп алады. Бұл әдіс ертеректе таралған.
Ароматты қышқылдар алкилбензолдарды тотықтырып синтезделеді. Ароматты бензол сақинасына жасалған көмірсутекті радикал, оның ұзын қысқалығына қарамастан, ауадағы оттек пен не калий перманганатымен тотығады.
Слайд 9

1) Табиғи көзден; 2) Көміртектердің тотығуы. Сірке қышқылы, СН3СООН, өткір иісі

1) Табиғи көзден; 2) Көміртектердің тотығуы.

Сірке қышқылы, СН3СООН, өткір иісі бар

сұйықтық. Балқу т-сы 16,75 °С, қайнау т. 118,1°С. Тағам өндірісінде, тұздар, сірке ангидридін, ацетилхлоридті, ацетатты талшықтарды, аспирин, эфир және хош иісті заттар, дәрілерді, еріткіш алу үшін қолданылады.

Карбон қышқылдарының алу жолдары

Слайд 10

2 а) Спирттердің тотығуы: 2 б) альдегидтердің тотығуы: 3) Тригалогеналкандардың гидролизі:

2 а) Спирттердің тотығуы:
2 б) альдегидтердің тотығуы:
3) Тригалогеналкандардың гидролизі:

Слайд 11

Зертханалық жұмыс Реактивтер мен құрал-жабдықтар: натрий ацетаты, концентрлі күкірт қышқылы, сірке

Зертханалық жұмыс

Реактивтер мен құрал-жабдықтар: натрий ацетаты, концентрлі күкірт

қышқылы, сірке қышқылы, натрий гидроксиді, фенолфталеин ерітінділері, магний жаңқалары, мырыш түйірлері, изоамил спирті, су. Сынауықтар, сынауықтарға арналған тұрғы, газөткізгіш түтікті тығын.
Слайд 12

Қауіпсіздік техникасы Қыздырғыш құралдармен, қышқылдармен жұмыс істеу ережесін сақтау.

Қауіпсіздік техникасы

Қыздырғыш құралдармен, қышқылдармен жұмыс істеу ережесін сақтау.

Слайд 13

1- тәжірибе: Сірке қышқылының кейбір металдармен әрекеттесуі Жұмыс барысы: екі сынауыққа

1- тәжірибе: Сірке қышқылының кейбір металдармен әрекеттесуі

Жұмыс барысы: екі сынауыққа

1мл-ден сірке қышқылын құйыңдар. Оның біреуіне магний, екіншісіне мырыш түйірін салыңдар. Сынауықтардағы газдың бөліну жылдамдығына көңіл аударыңдар.
Тапсырма: сірке қышқылы магниймен, мырышпен қалай әрекеттеседі? Реакциялардың жүру жылдамдықтарын салыстырып, тиісті реакция теңдеулерін жазыңдар.
Слайд 14

2- тәжірибе: Сірке қышқылының негіздермен әрекеттесуі Жұмыс барысы: сынауыққа 1-1,5 мл

2- тәжірибе: Сірке қышқылының негіздермен әрекеттесуі

Жұмыс барысы: сынауыққа 1-1,5 мл

натрий гидроксидінің ерітіндісін құйып, оған бірнеше тамшы фенолфталеин тамызыңдар. Ерітінді түссізденгенше сірке қышықылын қосыңдар.
Тапсырма: сірке қышқылы негіздермен әрекеттескенде қандай заттар түзіледі? Тиісті реакция теңдеуін жазыңдар.
Слайд 15

3- тәжірибе: Сірке қышқылының спирттермен әрекеттесуі Жұмыс барысы: сынауыққа 2 мл

3- тәжірибе: Сірке қышқылының спирттермен әрекеттесуі

Жұмыс барысы: сынауыққа 2 мл

сірке қышықылын құйып, үстіне 2 мл изоамил спиртін қосыңдар. Қоспаға абайлап 1 мл концентрлі күкірт қышықылын тамызыңдар. Сынауықты ұзын шыны түтігі бар тоңазытқышты тығынмен тығындаңдар. Қоспаны су моншасында абайлап қыздырыңдар. Қоспа салқындағаннан кейін сынауыққа бірнеше тамшы су қосыңдар. Нәтижесінде суда ерімейтін алмұрт иісі бар май тәрізді сірке қышқылының изоамил эфирінің тамшылары пайда блады.
Тапсырма: сірке қышқылының қандай қасиеттері минералды қышқылдарға ұқсайды? Сірке қышқылы спиртпен әрекеттескенде қандай заттар түзіледі. Тиісті реакция теңдеулерін жазыңдар.
Слайд 16

Сұрақтарға жауап беріңіз! Карбон қышқылдары дегеніміз не? Карбон қышқылының химиялық қасиеттері

Сұрақтарға жауап беріңіз!

Карбон қышқылдары дегеніміз не?
Карбон қышқылының химиялық қасиеттері
Карбон қышқылдары өкілдеріне

мысал келтір
Сірке қышқылының салыстырмалы молекулалық массасын есепте, құрылымдық формуласын жазыңдар
Пентан қышқылы, гексан қышқылының изомериясын жазыңдар.