Ол өз шығармаларында тәрбиенің негізі жалпы адамгершілік деп есептеді. Адамгершілік –
ақыл мен еңбек тәрбиесінің жемісі мен нәтижесі деп уағыздады. Жастар махаббатын жырлау арқылы адамгершілік, эстетикалық тәрбиенің негізін салды.
Ғұлама Низами адамды жетілдірудегі тәрбиенің рөліне ерекше мән берді. Олар ең алдымен өз кездеріндегі ресми педагогикада - айналадағы өзіндік болып жатқан ағартушылық, тәрбие мен оқу процесінің көріністеріндегі орын алып келген баланың дами отыра, жетіле алатын мүмкіндіктеріне сенбестік туғызатын көзқарастарға қарсы шықты.