Қазіргі кезде Қазақстанда онкологиялық аурудың әр түрлі этилогиясымен науқастанған 250 мыңнан
астам сырқат бар. Сондықтан «Арглабинге» сұраныс жылына 5 миллион ампуланы құрайды. Бұл дәрі әлемнің 11 елінде патенттелген. Халықаралық GMP cтандарттары бойынша бірегей фитопрепараттар өндірісін ұйымдастыру инновациялық жобасы іске асырылуда. Соған сәйкес бәсекеге қабілетті дәрілік өнімдер өндірісі ассортиментін және көлемін ұлғайту жүргізілуде. Ғылыми ізденістер ауқымы кеңейіп келеді. Бір топ ғалымдарымыз «Қазақстанда табиғи сесквитерпенді лактондар химиясы бойынша зерттеулерді дамыту, оларға ізденіс негізінде жаңа дәрілік заттарды жасау» ғылыми жұмысы үшін Мемлекеттік сыйлықтың лауреттары атанды. Бүгінде «Саусалин», «Атеролид» препараттары клиникалық сынақтан өтуде.
Қорытып айтқанда, холдинг ұжымы заман талабына орай кластерлі кешен ретінде іргелі ізденістен бастап, қолданбалы зерттеулер нәтижесінде отандық дәрі-дәрмектерді өндіруде елеулі табыстарға қол жеткізуде. Ең ізгілікті іс – адамдар денсаулығын қорғап, сақтауға біліміміз бен тәжірибемізді барынша жұмылдыра бермекпіз.
Қорытынды