Дені сау бала кабинеті жұмысын ұйымдастыру

Содержание

Слайд 2

ЖОСПАР: Кіріспе. Негізгі бөлім. Дені сау бала кабинетінің негізгі міндеттері; Дені

ЖОСПАР:

Кіріспе.
Негізгі бөлім.
Дені сау бала кабинетінің негізгі міндеттері;
Дені сау бала кабинетінің ұйымдастырылуы.
Қорытынды.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Слайд 3

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІНІҢ 2011 ЖЫЛҒЫ 31 НАУРЫЗДАҒЫ № 164

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІНІҢ 2011 ЖЫЛҒЫ 31 НАУРЫЗДАҒЫ № 164

БҰЙРЫҒЫ.

Дені сау балалар кабинеті – балалар емханасының құрылымдық бөлімшелері, әдістмелік орталық.
Дені сау бала кабинеті балаға бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының құрылымдық бөлімшесі ретінде ұйымдастырылады.
ДСБК штаты медициналық ұйымның жалақы қоры мен штаттық кестесі шегінде белгіленеді. ДСБК-ның негізгі штат бірлігі орта медициналық білімі бар қызметкер болып табылады - 10 000 балаға 1 лауазым. Бала саны 10 000-ға жетпейтін жағдайда ДСБК қызметі БМСК ұйымының орта медициналық білімді қызметкерінің біріне жүктеледі.

Слайд 4

ДЕНІ САУ БАЛА КАБИНЕТІНІҢ МАҚСАТЫ: Ерте жастағы бала денсаулығын сақтау, профилактикалық

ДЕНІ САУ БАЛА КАБИНЕТІНІҢ МАҚСАТЫ:

Ерте жастағы бала денсаулығын сақтау, профилактикалық

іс-шараларды уақтылы өткізу мәселелері жөнінде медицина қызметкерлерінің білімі мен дағдыларын үздіксіз жетілдіруді жаңарту арқылы консультациялық және оқу жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ баланы тікелей күтіп-бағумен айналысатын ата-аналар мен өзге адамдарды үйрету арқылы ұйымдастыру-әдістемелік және үйлестіруші орталықтың рөлін атқарады.
ДСБК қызметіне БМСК педиатрия бөлімшесінің бастығы немесе аға дәрігері басшылық етеді.
Саламатты өмір салтын қалыптастыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын аумақтық денсаулық сақтау ұйымдары ДСБК-ге ақпараттық-әдістемелік көмек көрсетеді.
Слайд 5

ДЕНІ САУ БАЛА КАБИНЕТІНІҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ: 1) БМСК ұйымдарының медицина қызметкерлерін

ДЕНІ САУ БАЛА КАБИНЕТІНІҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ:

1) БМСК ұйымдарының медицина қызметкерлерін 3

жасқа дейінгі бала ауруларын профилактикалық жұмыстарының мәселелері бойынша білімі мен дағдыларын арттыратын іс-шараларды өткізу;
2) медицина қызметкерлерін жүкті әйелдерге бала туғанға дейін патронаж өткізу, сондай-ақ ерте жастағы балаға патронаж өткізу ережесі мен әдістемесін үйрету;
3) әйелдер консультациясының және жүкті әйелдерді бақылаудағы сабақтастықтың тұрақты байланысын жүзеге асыру;
4) Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымдарына сәйкес дені сау және ауру балаға, мүмкіндігі шектеулі баланың тамақтануы, физикалық және психологиялық-әлеуметтік дамуы күтім жасау мәселелері жөнінде тақырыптық сабақтар өткізу;
5) медицина қызметкерлерін жүкті, бала емізетін әйелдер мен ерте жастағы баланы құнарлы тамақтандыруды, сонымен қатар емшекпен қоректендірудің негіздері мен тәжірибесін, уақытылы қосымша тамақтандыруды енгізу, дайындау мәселелері жөнінде үйрету;
6) медицина қызметкерлерін ерте жастағы баланы психофизикалық дамыту скринингін өткізуге үйрету;
Слайд 6

7) медицина қызметкерлерін мынадай мәселелер бойынша үйрету: - балада болатын микронутриентті

7) медицина қызметкерлерін мынадай мәселелер бойынша үйрету:
- балада болатын микронутриентті

жетіспеушілік пен мешел ауруларының алдын алу;
- «қауіпті белгілер» анықталған жағдайда ата-аналар немесе балаға тікелей күтім жасайтын басқа адамдарға ауру баланы күтіп-бағу ережесін, тамақтандыру мен сұйық ішкізу режимін үйрету;
- ерте жастағы баланың психологиялық-әлеуметтік дамуын кейіннен консультация бере отырып бағалау;
- отбасында баланы жек көрушілікті анықтау және оған зорлық-зомбылық көрсетудің алдын алу;
- баланы мектепке дейінгі балаға ұжымдарына баруына дайындау;
- әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын аналардан баланы бөліп алу;
8) медицина қызметкерлерін ерте жастағы балаға массаж және оларға жаттығу жасау тәсілдерін өткізуді үйрету;
9) жүкті және бала емізетін әйелдерді құнарлы тамақтану практикасына үйрету және оларға консультация беру;
Слайд 7

10) ерте жастағы баланы күтіп-бағатын адамдарға мына мәселелер бойынша консультациялар беру

10) ерте жастағы баланы күтіп-бағатын адамдарға мына мәселелер бойынша консультациялар беру

және оларды үйрету:
- дұрыс тамақтану (емшек емізудің өзектілігі, тамақты уақтылы беру);
- ерте жастағы баланы массаж және жаттығу жұмыстарын жасату;
- ерте жастағы баланы психологиялық-әлеуметтік дамыту;
- қауіпті белгілер анықталған жағдайдағы әрекеті, бала ауырған кездегі тамақ беру және ішкізу режімі;
- микрорнутриентті жетіспеушілік пен мешел ауруының уақтылы алдын алу;
- балаға отбасында зорлық-зомбылық көрсету мен оны жек көрудің алдын алу;
11) медицина қызметкерлері мен халықты дені сау бала тәрбиелеу мәселелері бойынша ақпараттық-әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету.
Слайд 8

7. ДСБК медицина қызметкері өз жұмысын жеке және ұжымдық әңгімелесу, сондай-ақ

7. ДСБК медицина қызметкері өз жұмысын жеке және ұжымдық әңгімелесу, сондай-ақ

практикалық сабақ және тренинг ретінде ұйымдастырады.
8. ДСБК баланы дамыту мен тәрбиелеу бойынша қажетті медициналық жұмыс құжаттамасын және нұсқамалық-әдістемелік материалдардың есебін жүргізеді.
9. ДСБК-да үш жасқа дейінгі баланы психологиялық-әлеуметтік тұрғыдан ынталандыру үшін ойыншықтар жиынтығы, практикалық сабақтар өткізуге арналған жиынтық (зонд, кесе, шай қасық), компьютер, теледидар, бейне немесе DVD-ойнатқыш, жүкті және бала емізетін аналармен практикалық сабақтар өткізуге арналған қуыршақтар (манекендер) (2 дана), медициналық таразылар, бой өлшегіш құрал болуы тиіс.
Слайд 9

10. ДСБК-нің оқу материалдары, көрнекі құралдары және ұйымдастыру техникасы: 1) ерте

10. ДСБК-нің оқу материалдары, көрнекі құралдары және ұйымдастыру техникасы:
1) ерте

жастағы балаға патронажды бақылау және бала туғанға дейінгі патронаж өткізу ережесі;
2) (дені сау және науқас баланы) тамақтандыру және дамыту мақсатында күтім жасау бойынша – «Анаға жаднама» әдістемелік ұсынымы;
3) «Ерте жастағы баланы тамақтандыру» әдістемелік ұсынымы;
4) Қазақстан Республикасының ұлттық профилактикалық екпесінің күнтізбесі;
5) тамақ өнімдердің пирамидасы;
6) дені сау баланы тамақтандыру мен ауырған кезде де оған күтім жасау туралы ұсынымдар;
7) ерте жастағы балаға арналған массаж және жаттығулар кешені;
8) бала ауырған кезде «қауіпті» және баланың дамуындағы қолайсыздық белгілері;
9) физикалық даму картасы;
10) бейнематериалдар (емшек емізу, дамыту мақсатындағы күтім, аурудың қауіпті белгілері және отбасындағы науқас балаға жасалатын күтім);
11) бала жастағы ауруларды ықпалдастыра қарау модулінен фотоальбом.
Слайд 10

11. БМСК-да емшек емізу, тамақ беру, аурудың «қауіпті» белгілері, ауру баланы

11. БМСК-да емшек емізу, тамақ беру, аурудың «қауіпті» белгілері, ауру баланы

тамақтандыру және сұйықтық ішкізу режимі бойынша ата-аналар мен бала күтімімен тікелей айналысатын адамдардың білімін бағалау арқылы ерте жастағы баланың денсаулығын сақтау және профилактикалық іс-шараларын өткізуіне ДСБК ішкі бақылауды (ішінара сауалнама жүргізу арқылы) жүзеге асырады.