Мемлекеттік тіркеуге, қайта тіркеуге, тіркеу дерекнамаларына өзгерістер енгізуге берілген өтініш негізінде
Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және тіркеу дерекнамаларына өзгерістер енгізу үшін Өтініш беруші ұсынған ДЗ, ММБ және МТ қауіпсіздігін, тиімділігін және сапасын бағалау бойынша сараптама жүргізуге шарт жасасу үшін кадр жұмысы және іс жүргізу басқармасына мыналар өткізілуі тиіс:
1. Шартта міндетті түрде дана саны көрсетілген, қол қойылған және кәсіпорын мөрімен куәландырылған дәрілік затқа сараптама жүргізу жөніндегі типтік шарт, 2 данада;
2. Егер Шартқа қол қою құқығы және тіркеу процедураларын жүргізу сенімді тұлғаға тапсырылған жағдайда, онда өндіруші-зауыттан сенімді тұлғаға Сенімхат ұсынылады;
3. Сенімхат түпнұсқада ұсынылады немесе мәтінінің мемлекеттік тілге немесе орыс тіліне аударылған нотариалды куәландырылған көшірмесі ұсынылады;
ДӘРІЛІК ЗАТТАРҒА САРАПТАМА ЖҮРГІЗУ ШАРТЫН ЖАСАУ