Кеш ересек шақтың психологиялық сипаты

Содержание

Слайд 2

ЖОСПАРЫ: Кеш ересек шақтың қазіргі кездегі жайы. Қарттық шақтың дене аспектілері.

ЖОСПАРЫ:

Кеш ересек шақтың қазіргі кездегі жайы.
Қарттық шақтың дене аспектілері.
Қартаю

себептері және теориялары.
Қарт адамда когнитивті өзгерістер.
Слайд 3

КЕШ ЕРЕСЕК ШАҚТЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ЖАЙЫ Халықаралық классификация бойынша қарттық кезең

КЕШ ЕРЕСЕК ШАҚТЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ЖАЙЫ

Халықаралық классификация бойынша қарттық кезең 60

жастан басталады. Қарттық кезең – адамның өмірлік цикл жүйесіне ерекше рөл атқаратын кезең ретінде қарастырылады. Бұл кезең жеке тұлға дамуының нәтижесін қорытындылау кезеңі және ол ұрпақтармен уақыт байланысын қамтамасыз етеді. Тек қарттық позиция арқылы ғана өткен және келер ұрпаққа өмірді бір бүтін ретінде, оның мәні мен мағынасын толық түсіндіруге болады.
Слайд 4

Физикалық денсаулығының төмендігі қарапайым материалдық жағдайда өзінің кәрілігіне сабырлы қарым-қатынаста болады.


Физикалық денсаулығының төмендігі қарапайым материалдық жағдайда өзінің кәрілігіне сабырлы

қарым-қатынаста болады. Кәрі адамдардың мінез-құлқындағы әртүрлілік олардың бір түрдегі ситуацияға әр түрлі қарым-қатынасы, олардың индивидуалды ерекшелігіне байланысты. Сонымен қатар кәрі адамдардың тұлғасы көптеген өзгерістерге ұшырайды, өзінің индивиудалды ерекшеліктерін сақтап қалады. Кәрілік шақта ешқандай жеке бастық өзгерістер болмайды. Жеке адамның әлеуметтік қасиеттері жоғалмайды. Осы жеке адамның қандай мінездік қырлары оның қартаюға бейімделуіне көмектеседі десек, жеке адамның белсенділігі, шығармашылық іс-әрекеті маңызды жағдай болып табылады. Белсенді және өнімді өмір сүретін адамдар ешқашанда өз-өзін жоғалтпайды. Керісінше ойлауы және эмоционалды қасиеттері сақталады, тек физикалық күші әлсірейді.
Слайд 5

ҚАРТТЫҚ ШАҚТЫҢ ДЕНЕ АСПЕКТІЛЕРІ

ҚАРТТЫҚ ШАҚТЫҢ ДЕНЕ АСПЕКТІЛЕРІ

Слайд 6

Ағзалық денесінде қартаю белгілері әр түрлі құрылым деңгейлерде байқалады: Ас қорыту

Ағзалық денесінде қартаю белгілері әр түрлі құрылым деңгейлерде байқалады:
Ас қорыту жүйесінде

мынадай өзгерістер байқалады – тістер босап, қаусап түсе бастайды, ас қорыту сөлдерінің бөлінуі азаяды. Ішкі секреция бездерінің қызметінде де айтарлықтай өзгерістер байқалады – кейбір бездердің қызметі төмендеп гормондарды аз мөлшерде бөліп шығарады, мысалы жыныс бездері, қалқанша безі, бүйрек үсті безі т.с.с, ал кейбіреулерінің қызметі керісінше жоғарылайды, мысалы гипофиз.Жүйке жасушаларының көбейе алмайтындығы ескерсек, жас ұлғайған сайын олардың саны бірте – бірте азаятындығы өздігінен – ақ түсінікті.
Слайд 7

Қарттық кезеңде – дене мүшелері өз функцияларын бәсеңдетеді. Бұл кезеңге тән:

Қарттық кезеңде – дене мүшелері өз функцияларын бәсеңдетеді. Бұл кезеңге

тән: дене қажып, күш-қуат кемігенмен сана мен сезім сергектігі. Есте сақтау, көру .ұсақ моторика қызметтерінің әлсіреуі. Төңірекке жіті көзқарас, ойға берілу. Байсалдылық, пайымдылық, шүкіршілік. Қарттық нормасының физиологиясы мен медицинадағы ортақ мағынасы адамның организмнің, оның мүшелері мен функцияларының бірдейлік қоршаған орта шартында оптимальды өмір қызметін қамтамасыз етуші. Организмнің структуралық және функционалдық нормасы – оның жалпы денсаулықты қамтамасыз ететін тұрақты-резистенттілігі, жұмысқа қабілеттілігі, адаптацияға қабілеттілгі және ұзақ өмір сүруді белсенді сақтауы
Слайд 8

ҚАРТАЮ СЕБЕПТЕРІ ЖӘНЕ ТЕОРИЯЛАРЫ Американдық психологтар қартаюдың мынадай типтерін көрсетеді: регрессия;

ҚАРТАЮ СЕБЕПТЕРІ ЖӘНЕ ТЕОРИЯЛАРЫ

Американдық психологтар қартаюдың мынадай типтерін көрсетеді:

регрессия;

қашу немесе тұрақты

өмір сүру орнын өзгерту, қиын жағдайдан құтылу формасы ретінде;

ерікті изоляция, қоғамдық өмірге енжар араласу;

өзіне деген қоршаған орта адамдарының қызығушылығын тудыруға тырысу;

қоғамдық өмірге деген қосылуға тырысу, жасына, денсаулық күтінуіне қарамау;

Слайд 9

ҚАРТАЮ ТҮРЛЕРІ:

ҚАРТАЮ ТҮРЛЕРІ:

Слайд 10

Қазіргі таңда психология ғылымында қартаю – ерекше бейімделу процестерін сақтай отырып,

Қазіргі таңда психология ғылымында қартаю – ерекше бейімделу процестерін сақтай

отырып, ағзаның өзіндік қайта құрылуы ретінде қарастырылады. Бұл кезеңді психологияда қарастырған ғалымдар: Э. Эриксон, Д.Б. Бромлей, А.А. Богомолец, Ф. Гизе, И.С. Кон, К. Рощак, П. Балтес, Р. Пек. Қазіргі уақытта қарттық кезеңді қарастыру мәселесі туындады, бірақ геронтопсихология – даму психологиясының ең жас саласы.
Э.Эриксонның ойынша кемелденудің негізгі проблемасы өнімділік пен инерттілік арасында таңдау болып табылады. Өнімділік түсінігі шығармашылық және өндірістік (кәсіптік) өнімділікке ие. Кәсіби өнімділік Э.Эриксон бойынша “адам қызығушылығының нәтижесі, идеясы және адамдар туралы” қамқорлық. Кемелденудің маңызды ерекшелігі өзінің және өзгелердің алдында өзінің өмірінің мазмұнына жауапкершілікті сезіну. 
Слайд 11

М. Рубнердің (1908) "қуаттық қартаю теориясын" атауға болады. Бұл теория бойынша

М. Рубнердің (1908) "қуаттық қартаю теориясын" атауға болады. Бұл теория

бойынша әрбір ағзаның қуат қоры болады. қуат қоры таусылса, сағаттың пружинасы босағандай, тіршілік те баяулап, дүние салуға алып келеді. Ағзаның қуат қорын жұмсауы дененің сыртқы мөлшеріне тәуелді болады, яғни ағза дене сыртына жылуды қаншалықты көп шығарса, соншалықты энергия алмасуы белсенді түрде болып, оның қоры тез таусылады және ондай ағзалар көп өмір сүрмейді.
И.И. Мечниковтың интоксикациялық (улану) теориясы бойынша қартаю құбылысы тек қана биологиялық факторға - физиологиялық, патологиялық т.с.с. тәуелді болмай, сол сияқты әлеуметтік факторларға да тәуелді болады. И.И. Мечниковтың пайымдауынша ағзаның өсуімен қатар әртүрлі заттардың алмасуы, мысалы азоттың алмасуы нәтижесінде жинақталған ыдырау өнімдері - аммиак, ағзаны улайды, тоқ ішекте шіру өнімдері көптеп жинақталады. Бұл теория бойынша улы ыдырау өнімдері кейбір мүшелер мен ұлпаларды көбірек улайды, мысалы бауыр, ми жасушаларын, ал дәнекер ұлпа жасушалары керісінше көбейеді. И.И. Мечников қартаю құбылысын тек фагацитоз ілімі негізінде түсіндірмек болды. Ол ішекте шіру құбылысын болдырмау үшін шіріту бактерияларының тіршілігіне қолайсыз орта жасау керек, сондықтан сүт өнімдерімен көбірек қоректену кажет деп айтқан.

ҚАРТАЮ ТЕОРИЯЛАРЫ:

Слайд 12

Белгілі ағылшын психологы В. Генри қарт адамдарды бойларындағы психикалық энергиясы бойынша 3 топқа бөліп қарастырады:

Белгілі ағылшын психологы В. Генри қарт адамдарды бойларындағы психикалық энергиясы бойынша

3 топқа бөліп қарастырады:
Слайд 13

социолог А. Качкин қарттардың қызығушылық деңгейлеріне байланысты оларды былайша жіктейді:

социолог А. Качкин қарттардың қызығушылық деңгейлеріне байланысты оларды былайша жіктейді:

Слайд 14

Қарт адамда когнитивті өзгерістер Когнитивті психология

Қарт адамда когнитивті өзгерістер

Когнитивті психология

Слайд 15

Когнитивті өзгерістер

Когнитивті өзгерістер

Слайд 16

Деменция — жоғары психикалық функциялардың жете дамымауының не кемуінің салдары болып

Деменция — жоғары психикалық функциялардың жете дамымауының не кемуінің салдары болып

табылатын кемақылдық. Бастапқы деменция — тұқым қуалаған аурудың, туа біткен зақымдаушы факторлардың немесе баланың өсуінің ең алғашқы кезеңдеріндегі жоқшылықтың салдарынан зияттың жете дамымаушылығы. Екінші деменция — жаттығулардың, эмоциялық қуаттаулардың үнемі әсер етуі себепті психикалық функциялардың сипатына байланысты сенильдік (қарттық), алкогольдіх, эпилепсиялық, жарақаттанудан кейін болған және т.б. деменциялар түрлері болады. Деменция — жалпы алғанда зияттылық қабілетінің әлеуметтік және кәсіптік функциялардың қалыпты орындалуы мүмкін болмайтындай болып жоғалуы. Әдетте, когнитивтік процестердің мұндай бұзылулары тұлғаны жеке әлеуметтік өзара әрекеттестік қабілеттерінің бұзылуына ұласады.