Тазалау клизмасын диагностикалау және емдеу мақсатымен: іш қату, операция алдында, босанар
алдында, уланғанда, дәрілік микроклизма және тамызғыш клизма жасар алдында қояды. Тазалау клизмасын қойған кезде тоқ ішектің төменгі бөлігі босатылады. Бұл нәжіс массасының сұйықталуымен және тоқ ішек перистальтикасының күшеюімен іске асады. Тазалау клизмасын жасау: Егер науқастың жағдайы келсе бұл процедура арнайы бөлмеде орындалады, онда кушетка, Эсмарх кружкасын ілетін штатив, қол жуғыш, таза және лас клизмалық түтікшелерге арналған маркіленген ыдыстар, дезинфекциялық ерітінді, вазелин. Жақын жерде әжетхана болуға тиіс. Тазалау клизмасын қоюға бөлме температурасындағы су алынады.
Тазалау клизмасы