Слайд 7
![Көңіл-күй бұзылуының симптомдары Эмоционаның күшеюімен сипатталатын бұзылыстар: Гипертимия— жоғары көңілді, қуанышты](/_ipx/f_webp&q_80&fit_contain&s_1440x1080/imagesDir/jpg/526885/slide-6.jpg)
Көңіл-күй бұзылуының симптомдары
Эмоционаның күшеюімен сипатталатын бұзылыстар:
Гипертимия— жоғары көңілді, қуанышты
көңіл-күй, өте жақсы физикалық сезінумен, барлық сұрақтарды шешудегі жеңілілікпен, өз мүмкіндіктерін асыра бағалаумен сипатталады.
Эйфория— көңіл-күйдің өте жоғарылауы, рахаттану, жоғары оптимизм, болып жатқан құбылыстарды толық емес бағалау.
Гипотимия— төмен көңіл-күй, уайымдық, өмірге қанағат болмау сезімдері, қазіргі өмір, өткен шақ пен болашақ сұр тонмен бейнеленеді.
Дисфория— өз-өзіне және қоршаған адамдарға деген қанағатсыздылық сезімімен сипатталатын, себепсіз, айқын басталатын көңіл-күйдің ызалы төмендеуі.
Уайым— ішкі тынышсыздық, қайғыны, жаман нәрселерді, катастрофаны күту сезімі.
Эмоционалды әлсіздік— лабилділік, көңіл-күйдің тұрақсыздығы, оның айқын емес құбылыстардың әсерінен күрт өзгеруі.
Ауырсынатын психикалық сезімнің жоғалуы (anaesthesia psychica dolorosa)- барлық адамдық сезімдердің (жақындарына деген махаббат, қайғы, қуаныш) жоғалуын қатты уайымдау.