Содержание
- 2. Жоспары 1. Кiрiспе 2. Негізгі бөлім ЖОҒАРҒЫ ЖАҚ СҮЙЕК ҚУЫСЫНЫҢ ОДОНТОГЕНДІ ҚАБЫНУЫ -Гаймориттің жіктелуі -Клиникалық белгілері
- 3. Кіріспе Гаймор қуысын (жоғарғы жақ қуысы, синус) 1651 жылы ағылшын дәрігері Гаймор бірінші болып тексеріп, оған
- 4. Гайморит одонтогенді риногенді гематогенді Жарақаттан кейінгі
- 5. Патогенезіне (өрбу жолдары) байланысты улану (токсический) және инфекциялы болып екіге бөлінеді. Біріншісі Гаймор қуысының кілегей қабығы
- 6. Жедел гаймориттің нақтамасы және клиникалық көрінісі.Одонтогенді жедел гайморит серозды немесе іріңді болып қабынады. Клиникалық белгілері нақсыз-субъективті
- 7. Нақты-объективті белгілері.Сырттан қарағанда ауырған жақтағы жұмсақ тіндер домбығып (ісініп), терісі қызарыңқырап, сау жағымен салыстырғанда қызуы көтеріледі.
- 8. Риноскопияға қосымша әдістердің бірі В.И.Воячек ұсынған диафоноскопия болып есептеледі. Қараңғыланған бөлмеге науқасты отырғызып, ауыз қуысына кішкене
- 9. Жоғарғы жақ қуысын төменгі мұрын жолымен Гартман әдісімен тесіп қуыс ішіндегі заттарды сорып алып, оны цитологиялық
- 10. Жедел одонтогенді гайморитті емдеужалпы және жергілікті болып бөлінеді. Ең алдымен, инфекция көзін жою үшін оған себепші
- 15. Созылмалы одонтогенді гайморит. Созылмалы гайморит жедел гаймориттің жалғасы немесе оның асқынуы. Кейбірде созылмалы гайморит өз бетінше
- 16. Егер науқас жағымсыз иісті өзі сезіп, одан жеркенсе оны субъективті какосмия, ал науқаспен қатар оның айналасындағы
- 17. Клиникалық көрінісін рентгенографиялық зерттеу дәлелдейді. Рентген суретте Гаймор қуысының күңгірттенгені анықталады. Іріңді түрі куңгірттенуінің біріңғай күшейе
- 19. Созылмалы одонтогенді гаймориттің емі. Созылмалы одонтогенді гайморитті отасыз-консервативті және хирургиялық жолдармен емдейді. Оның толық емделуі келесі,
- 20. жалғасы Қашаулап немесе бормен, Марченко тескішін қолдана отырып Гаймор қуысының алдыңғы қабырғасын тесіп ашады. Сүйек тесігіне
- 21. ЖОҒАРҒЫ ЖАҚ ҚУЫСЫ ТҮБІНІҢ ТЕСІЛУІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЖЫЛАНКӨЗІ Д. Е. Танфильев Гаймор қуысының тесілуінің себептеріне байланысты
- 22. Науқастың шағымына, аурудың келіп шығу тарихына-анамнезіне, арнайы зерттеу (сүңгімен тексеру, қуысты жуу, рентгенография т.б.) мәліметтеріне сүйене
- 23. Клиникалық мәліметтерге қарағанда Гаймор қуысы түбінің тесілуі 50%-дан 90%-ға дейін тіс жұлу отасына байланысты. Жоғарғы жақ
- 24. Дәрігер-стоматолог науқасты емдеу кезінде көптеген кедергілерге тап болады. Сол үшін науқастың толық емделуі келесі, негізгі талаптарды
- 25. Гаймор қуысында қабыну кезеңі жайылмалы немесе созылмалы түрлеріне өткен жағдайларда отасыз-консервативті ем өз нәтижесіне бермейді. Сондықтан
- 26. Қорытынды Одонтогендік гаймориттің пайда болуы, өрбуі жергілікті және жалпы патогенетикалық жағдайлар, оның анатомиялық құрылымына байланысты болады
- 27. Пайдаланылған әдебиеттер Тайбағаров С.Е., Ю.М.Овчиников Алматы білім – 1994, «Құлақ, тамақ және мұрын аурулары». Толеубаев Раис
- 29. Скачать презентацию
Жоспары
1. Кiрiспе
2. Негізгі бөлім
ЖОҒАРҒЫ ЖАҚ СҮЙЕК ҚУЫСЫНЫҢ ОДОНТОГЕНДІ
ҚАБЫНУЫ
-Гаймориттің жіктелуі
-Клиникалық белгілері
-Созылмалы
Жоспары
1. Кiрiспе
2. Негізгі бөлім
ЖОҒАРҒЫ ЖАҚ СҮЙЕК ҚУЫСЫНЫҢ ОДОНТОГЕНДІ
ҚАБЫНУЫ
-Гаймориттің жіктелуі
-Клиникалық белгілері
-Созылмалы
-Жоғарғы жақ қуысы түбінің тесілуі және оның жыланкөзі
-Гаймор қуысының қабынуы кезіндегі стоматологтың рөлі
3. Қорытынды
4. Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Гаймор қуысын (жоғарғы жақ қуысы, синус) 1651 жылы
Кіріспе
Гаймор қуысын (жоғарғы жақ қуысы, синус) 1651 жылы
Қуыс ішін жауып тұратын кілегей қабығының қабынуының инфекция көзі одонтогендік болса, онда бұл қабыну кезеңін гаймор қуысының одонтогенді қабынуы деп атайды.
Одонтогендік гаймориттің пайда болуы, өрбуі жергілікті және жалпы патогенетикалық жағдайлар, оның анатомиялық құрылымына байланысты болады және оған өз әсерін тигізеді. Жергілікті патогенетикалық жағдайларға: периодонтит, остеомиелит, жоғарғы жақ сүйегінің сары-сулы ісігінің қабынуы, жоғарғы жақ өсіндісіне ота жасаған кезде және жарақаттан болған жоғарғы жақ қуысның тесіктері, Гаймор қуысына басқа заттардың түсуі, сүйек ішінде шықпай қалған тістер болып есептеледі. Гаймориттің дамуына жедел және созылмалы ауруларден кейінгі организм халінің жалпы әлсіреуі әсерін тигізеді.
Гайморит
одонтогенді
риногенді
гематогенді
Жарақаттан кейінгі
Гайморит
одонтогенді
риногенді
гематогенді
Жарақаттан кейінгі
Патогенезіне (өрбу жолдары) байланысты улану (токсический) және инфекциялы болып екіге бөлінеді.
Патогенезіне (өрбу жолдары) байланысты улану (токсический) және инфекциялы болып екіге бөлінеді.
Жедел гаймориттің нақтамасы және клиникалық көрінісі.Одонтогенді жедел гайморит серозды немесе іріңді
Жедел гаймориттің нақтамасы және клиникалық көрінісі.Одонтогенді жедел гайморит серозды немесе іріңді
Нақсыз-субъективті белгілері алдында ұстамалы түрде басталып, кейін келе жоғарғы жақ сүйегін кернеп ауырады. Жоғарғы жақ сүйегінде орналасқан тістер түгелімен қақсап, бас ауыруы үдейді. Ал «бұзылған» тіс ұзарғандай болады. Дене түршігіп, қалтырап әл кетеді. Дене қызуы 38-40° С-ге дейін көтеріледі. Ауыру сезімі самай, көз және маңдайға тарайды. Мұрын арқылы дем алу қиындап, иіс сезу төмендейді. Ауырған жақтағы мұрын жолы бітеліп (тұмау) одан су мен ірің қосылып ағады. Кейіншелік осы жолменен ұдайы ірің ағады. Ауырған жақтағы көз жанары жарықтан қорқып, одан жас ағады. Осындай белгілермен қатар көзасты жүйкесінің невралгиясы басталады
Нақты-объективті белгілері.Сырттан қарағанда ауырған жақтағы жұмсақ тіндер домбығып (ісініп), терісі қызарыңқырап,
Нақты-объективті белгілері.Сырттан қарағанда ауырған жақтағы жұмсақ тіндер домбығып (ісініп), терісі қызарыңқырап,
Риноскопияға қосымша әдістердің бірі В.И.Воячек ұсынған диафоноскопия болып есептеледі. Қараңғыланған
Риноскопияға қосымша әдістердің бірі В.И.Воячек ұсынған диафоноскопия болып есептеледі. Қараңғыланған
Жоғарғы жақ сүйегі қуысының ауруларын тексергенде рентгенография әдісі өте бағалы мағлұматтар береді. Әдетте қуыс іші толған, сондықтан рентген сәулесін кедергісіз өткізеді де рентгенограммада ашық болып көрінеді. Егер Гаймор қуысында сулы-ірің немесе басқа заттар болса рентген сәулесі тосқауылға тоқтап рентгенограммада бұлдыр немесе қараңғы болып көрінеді.
Егер, жоғарғы жақ қуысында сұйық ірің жиналса рентгенографияны науқасты тұрғызып жасағанда оның деңгейін байқауға болады. Қуыстың кілегей қабығы домбықса қабырға көлеңкесі тәріздес көрінеді. Одонтогенді гайморитте бұл айтылған көріністер тек бір жағында орналасып, басқа қосалқы мұрын қуыстары таза болады. Рентгенографияны сәуле тоқтататын (контрасты) сұйық заттармен жасағанда аурудың көлемін және сипатын көрумен қатар, дұрыс ем қолданылуын қамтамасыз етеді.
Томография әдісі аурудың қай қабатта жатқанын, оның орналасуын-топографиясын анықтайды. Қазіргі кезде компьютерлік томография әдісі Гаймор қуысында кездесетін ауруларды анықтауға үлкен көмегін тигізеді.
Жоғарғы жақ қуысын төменгі мұрын жолымен Гартман әдісімен тесіп қуыс
Жоғарғы жақ қуысын төменгі мұрын жолымен Гартман әдісімен тесіп қуыс
Гаймор қуысының ауруларын тіс ауруларымен байланысын анықтау үшін жоғарғы жақ сүйегінде орналасқан тістерді тексеру қажет. Әсіресе жегімен бұзылған тістерді, емделген тістерді электроодонто-нақтама әдісін қолдана отырып тексереді.
Жедел одонтогенді гайморитті жедел іріңді периоститтен, жоғарғы жақ сүйегінің жедел остеомиелитінен, үшкіл жүйкенің невралгиясынан және риногендік гаймориттен айыра білген жөн.
Одонтогенді гайморитті риногенді гаймориттен келесі ерекшеліктеріне сүйене отырып ажыратуға болады: Ауру тістің ауырғанынан басталады, жоғарғы жақ сүйегінде қабыну кезеңдері (периодонтит, пародонтоз, остеомиелит, іріңді киста) болуы мүмкін, жоғарғы жақ қуысымен қатынасты жыланкөз, әдетте қуыс біржақты бұзылады.
Жедел одонтогенді гайморитті емдеужалпы және жергілікті болып бөлінеді.
Ең алдымен, инфекция көзін
Жедел одонтогенді гайморитті емдеужалпы және жергілікті болып бөлінеді.
Ең алдымен, инфекция көзін
Созылмалы одонтогенді гайморит.
Созылмалы гайморит жедел гаймориттің жалғасы немесе оның асқынуы. Кейбірде
Созылмалы одонтогенді гайморит.
Созылмалы гайморит жедел гаймориттің жалғасы немесе оның асқынуы. Кейбірде
Созылмалы периодонтиттерге, тіс жұлу отасынан кейін немесе сарысулы ісіктің іріңдеуіне байланысты созылмалы гайморит астыртын басталады.
Созылмалы гаймориттердің патологиялық-анатомиялық көрінісі әртүрлі болып келеді. Мысалы: қанталап қабынуда Гаймор қуысын жапқан кілегей қабық домбығып кейбір жерлері қалыңдайды, кейде барлық қуысты толтырады. Ал полипозды қабынуда түрі шыны тәріздес жасыл-көк түсті кең сабаққа орналасқан ісік кездеседі.
Іріңді қабынуда, кілегей қабық үсті грануляциямен жабылып, қалыңдап іріңдейді. Кейбір жерінде жара пайда болып, ол сүйекке шауып, кейін жыланкөз пайда болады.
Бұл аурудың клиникасында нақсыз-субъективті және нақты- объективті белгілері болады.
Тұрақты белгілерінің бірі — ауырған жағындағы танаудан үнемі іріңді су ағуы. Әдетте оның сапасы, көлемі бір тәулік ішінде өзгеріп отырады, Осыған байланысты мұрыннан жағымсыз иіс сезіледі. Ол объективті және субъективті какосмия болып бөлінеді.
Егер науқас жағымсыз иісті өзі сезіп, одан жеркенсе оны субъективті какосмия,
Егер науқас жағымсыз иісті өзі сезіп, одан жеркенсе оны субъективті какосмия,
Науқас басының бір жағы тоқтамай ауырады, мимен жұмыс істеу қиындайды. Үшкіл жүйкенің екінші бұтағының невралгиясы басталады. Бастың аударылу бағытына байланысты танаудан ағатын ірің көлемі өзгеріп, бас қай жаққа ауса сол жақтан ірің ағады. Жоғарғы жақ қабырғаларын ұрып тексергенде ауыру сезімі болуы мүмкін.
Нақты-объективтік белгілері тек арнайы тексеру әдістерін қолдану арқылы анықталады. Ауыз қуысын тексергенде түбірлері Гаймор қуысының түбіне жақын орналасқан, тіс жегімен зақымдалған тістердің үстіндегі жыланкөздері немесе шектелген одонтогенді гаймориттің клиникалық көрінісі байқалады.
Алдыңғы риноскопияда ауру жағында кей кезде ортаңғы, тыныс жолының, ортаңғы және төменгі мұрын қуыстарының шырышты қабатының гипертрофиясы қою немесе шырышты ірің, іріңді қабық, полиптер көрінеді. Дегенмен одонтогенді гаймориттерде риногенді гаймориттерге қарағанда жиі жағдайда Гаймор қуысының шырышты қабаты өзгермейді, сондықтан экссудаттың Гаймор қуысынан мұрынға ағуы бұзылмайды (А.М.Солнцев, 1962).
Клиникалық көрінісін рентгенографиялық зерттеу дәлелдейді.
Рентген суретте Гаймор қуысының күңгірттенгені анықталады.
Клиникалық көрінісін рентгенографиялық зерттеу дәлелдейді.
Рентген суретте Гаймор қуысының күңгірттенгені анықталады.
Созылмалы одонтогенді гайморитті Гаймор қуысының шырышты қабатының қатерлі ісігінен ажырата білген жөн. Тұрақсыз белгілерден басқа қатерлі ісік болған жағдайда рентген суретінде Гаймор қуысы қабырғаларының бүлінуі-деструкциясы көрінеді. Толық дұрыс нақтама қою үшін эндоназалды биопсия немесе гайморотомия отасында алынған тінді гистологиялық зерттеу жүргізу керек.
Гаймор қуысындағы одонтогенді қабыну кезеңін басқа да ісіктерден (саркома, остеома, амелобластома, сарысулы ісік) айыра білу керек.
Созылмалы одонтогенді гайморитті парадентарлы Гаймор қуысы қабырғасын жоғары және артқа ығыстырып өсетін сары-сулы ісіктен ажырату керек. Бұл жағдайда мұрыннан су ақпайды. Рентгенограммада ісік анық шектелген, ал пункция жасаса жылтырақ ірің алуға болады. Осымен қатар одонтогенді гайморит Гаймор қуысының шырышты қабатының созылмалы аллергиялық қабынуына ұқсайтынын есте сақтау керек. Аллергиялық гайморитпен ауырған науқастардың талдауында, аллергиялық экзема, ңейродермит, коньюнктивит, Квинке ісінуі, эксудативті диатез (тамаққа немесе дәрі-дәрмектерге) бар екені анықталады. Аллергиялық гаймориттерде одонтогенді ошаққа байланысты ауыру сезімі болмайды, ауру өте ұзаққа созылу мерзімі тән болып, өте көп мөлшерде мұрыннан мөлдір қою су бөлінеді. Мұрынның шырышты қабаты күрт ісініп көгереді.
Созылмалы одонтогенді гаймориттің емі.
Созылмалы одонтогенді гайморитті отасыз-консервативті және хирургиялық жолдармен
Созылмалы одонтогенді гаймориттің емі.
Созылмалы одонтогенді гайморитті отасыз-консервативті және хирургиялық жолдармен
1) гайморитке соқтықтырған себепті жою; 2) Гаймор қуысындағы патологиялық өзгеріске ұшыраған тіндерді мұқият түрде алып тастау;
3) Гаймор қуысынан эксудатқа ағуға мүмкіндік жасау және оны аэрациялау; 4) соңынан рационадды ем қолдану. Гайморит емін барлық жағдайларда қабыну кезеңінің дамуына себепкер болған одонтогенді қабыну ошағын жоюдан бастап, соңынан отасыз-консервативті ем қолданады. Оларға физиотерапия әдістері (УЖЖ, диатермия, солюкс) және қайта пункция жасап Гаймор қуысын жуып, патологиялық өзгеріске ұшыраған шырышты қабатының көлемі аз ғана болған жағдайда оны дәрімен емдеуге болады.
Гаймор қуысында қабыну кезеңі жайылмалы немесе созылмалы түрлеріне өткен жағдайларда отасыз-консервативті ем өз нәтижесіне бермейді. Сондықтан хирургиялық ем жиі тағайындалады.
Гаймориттердің хирургиялық ем әдістерінің бірі кеңінен таралып қолданатын Коллуэль-Люк отасы. Ота жергілікті ішке сіңу-инфильтративті және өткізгіш (туберальды, көзасты) жансыздандыру арқылы жасалады, ал кей кезде эндотрахеалды наркоз беріледі. Мұрынның шырышты қабаты 3% кокаин немесе 1% дикаин ерітіндісімен жансыздандырылады. Тілік жоғарғы жақтың өтпелі қатпарында латеральды күрек тістен екінші үлкен азу тіске дейін жасалады. Шырышты қабатты сүйектің сыртқы қабығын қоса сылады.
жалғасы
Қашаулап немесе бормен, Марченко тескішін қолдана отырып Гаймор қуысының алдыңғы
жалғасы
Қашаулап немесе бормен, Марченко тескішін қолдана отырып Гаймор қуысының алдыңғы
Қуыстағы патологиялық өзгерген тіндерден тазаланған соң мұрынның төменгі тыныс жолымен қатынасатын көлемі 1,2x1,5 см тесік жасалады. Тесіктің мұрынның төменгі тыныс жолының деңгейінде болғанына көңіл аудару керек.
Қуысты йодоформды немесе синтомицин эмульсиясына малынған тампонмен толтырады. Тампонның бір ұшын мұрынның төменгі тыныс жолына шығарады. Жоғарғы жақтық өтпелі қатпарындағы жараға кетгутпен тігіс салады. Ертеңіне тампонды алып тастайды, 3-4 тәулік бойы мұрынның төменгі тыныс жолында жасалған тесік арқылы қуысты жуып тұрады.
Қабыну кезеңі жоғарғы жақтың ұяшық өсіндісінің сүйегін қамтыған жағдайда Денкер, Иванов, Рудаков, Лянде т. б. ғалымдар әдістері бойынша жасалатын оталар оқулықтарда берілген.
Сол оталардың бірі Верлоцкий мен Заславский радикалды
гайморотомия отасының түрі. Мұнда тек қабыну кезеңсімен қамтылған ұяшық өсіндінің вестибулярлы бетінен шырышты және сүйектің сырт қабығынан трапециялы қиынды кесіліп алынады. Сонан соң тілік өтпелі қатпармен немесе одан сәл төменірек латеральды күрек тіске және үшінші үлкен азу тіске дейін жалғасады. Әрі қарай ота барысы жоғарыдағы жазылған әдісімен жасалады. Отадан кейін жалпы қабынуға қарсы тағайындалатын терапиямен науқастарға прозерин, дибазол, В1 витамині, ал отадан екі күн өткен соң УЖЖ, 8-10 күндерінен бастап калий йодиді немесе новокаин мен электрофорез тағайындалады. Жүргізілген емнен кейін анемия, парестезия сезімі азайып, тістердің электр тітіркену сезімінің деңгейі төмендейді.
ЖОҒАРҒЫ ЖАҚ ҚУЫСЫ ТҮБІНІҢ ТЕСІЛУІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЖЫЛАНКӨЗІ
Д. Е. Танфильев Гаймор
ЖОҒАРҒЫ ЖАҚ ҚУЫСЫ ТҮБІНІҢ ТЕСІЛУІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЖЫЛАНКӨЗІ
Д. Е. Танфильев Гаймор
1) Одонтогендік тесік (тіс жұлу, тіс түбірін кесу, цистотомия, гайморотомия).
2) Арнайы тесік (туберкулез, мерез, актиномикоз).
3) Ісіктерден болатын тесік.
4) Жарақатқа байланысты тесіктер.
Клиникалық мәліметтерге қарағанда Гаймор қуысы түбінің тесілуі 50%-дан 90%-ға дейін тіс жұлу отасына байланысты. Жоғарғы жақ қуысының түбі жиі жағдайда жоғарғы үлкен және кіші азу тістерді жұлғанда тесіледі, ол әдетте қуыспен тіс түбірлерінің өзара анатомиялық қарым-қатынасына немесе тіс түбірлеріндегі созылмалы қабыну кезеңдеріне байланысты. Кей жағдайда ұяшық өсіндінің ісіктеріне жасалған отаның асқынуынан, созылмалы остеомиелит, сарысулы ісік, жоғарғы жақ жарақатының салдарынан да тесіледі. Гаймор қуысы түбінің, тесілуі жедел немесе созылмалы, асқынған және асқынбаған түрлерінде болуы мүмкін.
Қуыс түбі тесілген күннен бастап 2-3 аптаға дейін нақтама қойылса ол жедел түріне жатады, ал жоғарыда аталған мерзімнен асса-созылмалы деп саналады.
Егер түбі тесілген Гаймор қуысында қабыну кезеңі дамымаса немесе оған бөгде заттар кірмесе (тіс түбірі, тампон т.б.) бұл асқынбаған түрі, ал гаймор қуысында қабыну кезеңі дамыса, тіс түбірі кірсе, жұлынған тіс ұяшығында остеомиелит болса асқынған деп есептейді.
Кейбір науқастардың Гаймор қуысында қабыну кезеңі кезінде, жоғарғы азу тістерін жұлып жатқанда қуыс түбі тесілуі мүмкін. Гаймор қуысымен ауыз қуысының арасындағы тесік ұзақ мерзімге созылса, жара өзегі бітпесе, жұлынған тіс ұяшығының аумағында жыланкөз дамиды.
Науқастың шағымына, аурудың келіп шығу тарихына-анамнезіне, арнайы зерттеу (сүңгімен тексеру, қуысты
Науқастың шағымына, аурудың келіп шығу тарихына-анамнезіне, арнайы зерттеу (сүңгімен тексеру, қуысты
Клиникалық мәліметтерге қарағанда Гаймор қуысы түбінің тесілуі 50%-дан 90%-ға дейін
Клиникалық мәліметтерге қарағанда Гаймор қуысы түбінің тесілуі 50%-дан 90%-ға дейін
Гаймор қуысының қабынуы кезіндегі стоматологтың рөлі
Дәрігер-стоматолог науқасты емдеу кезінде көптеген кедергілерге тап болады. Сол үшін
Дәрігер-стоматолог науқасты емдеу кезінде көптеген кедергілерге тап болады. Сол үшін
1) гайморитке соқтықтырған себепті жою; 2) Гаймор қуысындағы патологиялық өзгеріске ұшыраған тіндерді мұқият түрде алып тастау; 3) Гаймор қуысынан эксудатқа ағуға мүмкіндік жасау және оны аэрациялау; 4) соңынан рационадды ем қолдану. Гайморит емін барлық жағдайларда қабыну кезеңінің дамуына себепкер болған одонтогенді қабыну ошағын жоюдан бастап, соңынан отасыз-консервативті ем қолданады. Оларға физиотерапия әдістері (УЖЖ, диатермия, солюкс) және қайта пункция жасап Гаймор қуысын жуып, патологиялық өзгеріске ұшыраған шырышты қабатының көлемі аз ғана болған жағдайда оны дәрімен емдеуге болады.
Гаймор қуысында қабыну кезеңі жайылмалы немесе созылмалы түрлеріне өткен жағдайларда отасыз-консервативті
Гаймор қуысында қабыну кезеңі жайылмалы немесе созылмалы түрлеріне өткен жағдайларда отасыз-консервативті
Гаймориттердің хирургиялық ем әдістерінің бірі кеңінен таралып қолданатын Коллуэль-Люк отасы.Егер қуыс түбі тесілуімен қатар, аз көлемді қабыну кезеңі болса алдымен отасыз-консервативті ем қолданады. Гаймор қуысын антисептик ерітінділерімен жуып соңынан сульфаниламидтер, антибиотиктер, протеолитикалық ферменттер жібереді. Хирургиялық ем тек тесікті жабумен шектеледі.
Қорытынды
Одонтогендік гаймориттің пайда болуы, өрбуі жергілікті және жалпы патогенетикалық жағдайлар,
Қорытынды
Одонтогендік гаймориттің пайда болуы, өрбуі жергілікті және жалпы патогенетикалық жағдайлар,
Пайдаланылған әдебиеттер
Тайбағаров С.Е., Ю.М.Овчиников Алматы білім – 1994, «Құлақ, тамақ және
Пайдаланылған әдебиеттер
Тайбағаров С.Е., Ю.М.Овчиников Алматы білім – 1994, «Құлақ, тамақ және
Толеубаев Раис Кашкенович «Отоларингология»
.А.Г. Басова история сурдопедагогики. М. Просвещение, 1984.
.Күзембаева Ә. Адам анатомиясы. Алматы 2001
.Қ. Дүйсембин, З. Алиакбарова. Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасы (Оқулық). Алматы 2003.
Сәтбаева Х.Қ., Өтепбергенова А.А., Нілдібаева Ж.Б. Алматы – 2005, «Адам физиологисы».
Жандар Керімбектің Ермаханы «Тәнтану. Адам анатомиясы», Алматы – 2004.