Хирургия

Содержание

Слайд 2

Хирургия (Cheirurgia, Cheir — қол, Ergon — жұмыс) дегеніміз гректің сөзі,

Хирургия (Cheirurgia, Cheir — қол, Ergon — жұмыс) дегеніміз гректің сөзі,

қазақша «қол жұмысы» деген мағынада. Бірақта, бұл мағына хирургиялық жұмысты толық қамтымайды. Хирургия мамандығы медицина ғылымы ішінде ең бір үлкен ғылымның бірі. Оған себеп болатын жағдайлар: бұл мамандық көне уақыттан бері келе жатқан мамандықтың бірі.
Слайд 3

ХИРУРГИЯЛЫҚ ИНФЕКЦИЯ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚОЗДЫРУШЫЛАРЫ ТУРАЛЫ Адам ағзасына кірген микробтарға қарсы,

ХИРУРГИЯЛЫҚ ИНФЕКЦИЯ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚОЗДЫРУШЫЛАРЫ ТУРАЛЫ

Адам ағзасына кірген микробтарға қарсы, олардың

қарым-қатынасына байланысты пайда болатын әсерді инфекциялық процесс деп аталады. Инфекцияның жеке бөлімдеріне хирургиялық инфекция жатады. Бұл инфекцияда ауруды тудырушы (ірің пайда етуші) микробтардың адам ағзасына түсіп, хирургиялық емдеуді керек ететін (сыздауықтар, сомдар, дүнкулер, остеомиелиттер, жаралардың іріңдеуі және т.б) іріңді аурулар болып есептеледі. Хирургиялық инфекция туралы мәселені қарауда мынандай түсініктерді білу қажет:
1)бірінші инфекция, процесс пайда болған уақытта мысалы, жараның бастапқы ластануынан пайда болады:
2)реинфекция-бірінші инфекцияның жоқ болу жағдайында микробтардың қайтадан денеге кіріп қайтадан асқынуы:
3) суперинфекция-инфекциялық процесс аяқталмаған жағдайларда қайтадан микробтардың түсуі, бұл әдетте өте ауыр түрде болады.
Слайд 4

Хирургиялық инфекцияның алдын алудың негіздеріне дененің қоршаушы күштерін күшейту, микрофлорамен тері

Хирургиялық инфекцияның алдын алудың негіздеріне дененің қоршаушы күштерін күшейту, микрофлорамен тері

және шырышты қабаттардың ластануын азайту, сондай-ақ жарақаттанулардың алдын алу және өз уақытында бірінші хирургиялық өңдеу, тазалау жатады. Операцияға қатысатын хирургтар, операция мейіркеші қолдарын микробтардан арылтып, тазалап жуады, операцияға керекті салфеткалар, шариктер, жаймалар, құрал саймандар т.б. операцияға керекті заттар микробтардан залалсыздандырылады. Кейбір жағдайларда операцияға тағайындалған науқастың денесінде микрофлораларды жою үшін алдын ала ем жүргізіледі.
Слайд 5

Хируругиялық инфекцияның алдын алудың негіздеріне дененің қоршаушы күштерін күшейту, микрофлорамен тері

Хируругиялық инфекцияның алдын алудың негіздеріне дененің қоршаушы күштерін күшейту, микрофлорамен тері

және шырышты қабаттардың ластануын азайту, сондай-ақ жарақаттанулардың алдын алу және өз уақытында бірінші хирургиялық өңдеу, тазалау жатады. Операцияға қатысатын хирургтар, операция мейіркеші қолдарын микробтардан арылтып, тазалап жуады, операцияға керекті салфеткалар, шариктер, жаймалар, құрал саймандар т.б. операцияға керекті заттар микробтардан залалсыздандырылады. Кейбір жағдайларда операцияға тағайындалған науқастың денесінде микрофлораларды жою үшін алдын ала ем жүргізіледі.
Слайд 6

Іріңдеткіш микробтар аэробты (олар ауа оттегі бар жерде өсіп өнеді) және

Іріңдеткіш микробтар аэробты (олар ауа оттегі бар жерде өсіп өнеді)

және анаэробты (ауасыз, оттегісіз жерде өседі) болып екіге бөлінеді. Стафилококк (Staphlococcus aureus) аэроб тобына жатады, кейде оттегінсіз жағдайда да өсе береді. Бұл микроб ауаду, заттарда, киім-кешектерде, адамның денесінде жиі кездеседі. Стрептококк (Streptococcus pyogenes), стафилококк сияқты өте көп тараған, сыртқы жағдайларға төзімді, іріңдеткіш қасиеті бар. Ішек таяқшасы (B. Coli communis) үлкен дәретпен ластанған жерлерде және ішектің ішінде болады.  Ауалы және ауасыз жерде өсе береді. Бұл микроб шелді, бұлшық еттерді, шандырды т.б. тіндерді шірітіп жібереді. Газда гангренаның таяқшасы (Clostidum perfringens) – көп тараған микроб. Бұл микроб түскен жеріне газ пайда болып, олрды зақымдап науқастың денесіне қан арқылы улы заттар тарап қанды ыдыратып (гемолиздеп), жүйке жүйесіне әсер етіп жалпы ағзаны уландырады. Қатерлі ісік таяқшасы (Clostridium oedematiens) тұқым (спора) шығаратын микроб. Улы заттар шығаруына байланысты  жара тез ісініп, көлемі ұлғайып, науқастың халі нашарлайды. Сепсистік вибрион (Clostridium Vibrion septicum) өсіп-өнген жерінде қоймалжың қанды ірің пайда болып, адам тез уланады. Ұлпаларды ірітіп-шірітетін бацилла (Clostridium histoliticum) тұқым шашады, басқа микробтармен бірге ағзаны уландырады. Сіреспе таяқшасы (Clostridium tetani) тұқым шашады, тетаногемолизин және тетаноспазмин деген екі түрлі у шығарады. Соңғысы орталық жүйке жүйесін жарақаттайды.

ІРІҢДІ МИКРОБТАР.

Слайд 7

АСЕПТИКА Асептика – манипуляциялық диагностикасында, адам ағзасының емделу барысында қоршаған ортадан

АСЕПТИКА

Асептика – манипуляциялық диагностикасында, адам ағзасының емделу барысында қоршаған ортадан

микроорганиздердің енуін ескерту, сонымен бірге зерттеу материалы микроорганизмдердің культурасымен қоректік ортасына лабораториялық зерттеу жүргізілуді ұйымдастыру жүйесі. Асептика ғылымын ең бірінші рет неміс ғалымы Бергман 1890 жылы ұсынды. Асептикасыз хирургия жоқ.  Микробтарды және олардың спораларын жоқ ету тәсілін стерилизация деп атайды. Стерилизацияның түрлері: күйдіру, қыздыру, қайнату, автоклавқа салу, химиялық тазалау арқылы жүргізіледі. Сұйық затты қысым күшімен жылытуға арналған жабық қазанды автоклав деп аталады.
Слайд 8

АНТИСЕПТИКА Антисептика деп микробтардың жарада немесе адам мүшелерінде өсіп-өнуіне кедергі жасайтын

АНТИСЕПТИКА

Антисептика деп микробтардың жарада немесе адам мүшелерінде өсіп-өнуіне кедергі жасайтын

әдіс, оларды жоюға бағытталған ем, алдын алу шараларының жиынтығы. Ағылшын хирургі Д.Листер Л.Пастердің ғылыми еңбектеріне сүйене отырып, 1867 жылы операцияға пайдаланатын құрал-саймандар, хирургтің, операция мейіркешінің қолдары және т.б. микробтан таза болуы керектігін дәлелдеп еңбек жазып шығарды. Микробтардың өсіп-өнбенуіне ол ғалым карбол қышқылын ұсынды. Сондықтан микробтардың өсуіне мүмкіншілік  бермейтін химиялық заттарды-антисептикалық заттар деп атайды. Бұл әдісті пайдаланған хирургтар карбол қышқылы адамның клеткаларына зиянын тигізетіндігін, науқасты уландырып, кейде өлімге ұшырататындығын, ал хирургтардың және олардың көмекшілерінің уланып, тістерінен айырылатандығын анықтады. Сондықтан карбол қышқылы орнына сумела, салицил қышқылы, бор қышқылы, көмір қышқылды натрий (сода) және т.б. химиялық заттар пайдаланыла бастады.
Слайд 9

АНТИСЕПТИКАНЫҢ ӘДІСТЕРІ: ХИМИЯЛЫҚ, ФИЗИКАЛЫҚ, МЕХАНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БИОЛОГИЯЛЫҚ БОЛЫП БӨЛІНЕДІ. Механикалық антисептика:Алған

АНТИСЕПТИКАНЫҢ ӘДІСТЕРІ: ХИМИЯЛЫҚ, ФИЗИКАЛЫҚ, МЕХАНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БИОЛОГИЯЛЫҚ БОЛЫП БӨЛІНЕДІ.

Механикалық

антисептика:Алған жарақаттардың бәрі ластанып, әр түрлі заттар: ағаш, топырақ  т.б. және олармен бірге жараға микробтар да түседі. Сондықтан бұндай жарақаттарды микробты (септикалық) жарақат деп атайды. Хирургтар жараны бірінші хирургиялық өңдеу (БХО) деп атап, оған түскен бөгде заттармен бірге микробтарды дер кезінде (6-12 сағат, мойында,баста 12-18 сағат мөлшерінде) алып, жараның іріңдемей жылдам жазылып, науқастың өміріне қатер тудырмайтындығын тәжірибеде дәлелдеп отыр.
Физикалық антисептика:Бұл емнің негізгі мақсатыжараға пайдаланған салфетка 10 процент тұз ерітіндісіне малынып  салынса, онда тереңде жатқан іріңнің сыртқа жылдамырақ ағуына, шығуына көмектеседі. Кейде іш, көкірек қуыстарына жасалған операцияларданкейін жара іріңдемей жазылуы үшін жіңішке резеңке түтік (микроирригатор) қойылып, ол арқылы тәулігіне бір рет антибиотиктер жіберіліп отырады.
Слайд 10

Биологиялық антисептика: Микробтарды биологиялық тәсілмен жоюдың түрлеріне бактериофактарды, антитоксиндерді, емдік сарысуды,

Биологиялық антисептика: Микробтарды биологиялық тәсілмен жоюдың түрлеріне бактериофактарды, антитоксиндерді, емдік сарысуды,

ағзаның  күш-қуатын күшейтетін дәрі-дәрмектерді, белоктарды ажырататын ферменттерді және антибиотиктерді пайдалану жатады. Науқастың иммунитетін көтеру үшін қан, ваксина, плазма, иммуногобулин дәрілері беріледі. Протеолитикалық ферменттер (трипсин, химотрипсин, рибонуклеаза, эластаза т.б.) іріп-шіріген тканьдардыерітіп жібереді. Жараның олардан жылдам тазалануына үлкен көмек береді және антибиотиктердің күшін ұлғайтып, ал микробтардың ұрық шашып, өсіп-өнуіне кедергі келтіреді.
Слайд 11

Профилактикалық кезеңінің әкімшілік медико-санитарлық шаралар, инфекциялық таралудың жоғарлауын жасамау. Ең негізгі

Профилактикалық кезеңінің әкімшілік медико-санитарлық шаралар, инфекциялық таралудың жоғарлауын жасамау. Ең

негізгі орныдалулары. Қоздырғыштың таралуы мен патологиялық ошақтары құрамына дезинфекция, дезинсекция, дератизация, іс-шараларын қолдану. Дезенфекциялық  — сыртқы орта объектілерінде қоздырғыштардың жоюға бағытталған комплексті жинақ. Дезинфекцияның негізгі бағыты  — инфекцияның берілу механизмі үзу болып табылады. Дезинсекция – инфекция және паразитарлық аурудың туғызатын қоздырғыштарды тасымалдайтын тасымалдайтын буын-аяқты кенелер, жоюға бағытталған қойылатын шаралар. Дератизация – инфекциялық және паразитарлық аурулардың қоздырғыштарын тасымалдауын кеміргіштерді жоюға бағытталған іс-шаралар.
Слайд 12

Инфекциялық аурулармен күресудің келесі жолы – қабылдағыш организмге жүргізілген іс-шаралар. Организмнің

Инфекциялық аурулармен күресудің келесі жолы – қабылдағыш организмге жүргізілген іс-шаралар. Организмнің

инфекциялық ауруларға қарсы профилактикасы, жасанды иммунитет қалыптастыру арқылы жүргізеді. Активті жасанда иммунитет қалыптастырудың вакцинаны қолдану, ал жасанды пассивті иммунитеті қалыптастыру үшін сарысуларды қолданады. Салауатты өмір салтын қорғау – еңбек гегиенасы, демалыс гегиенасы, жеке бас гегиенасы, денешынықтырумен айналысу, спорт туризм, зиянды әдеттермен күресу, шынығу, дұрыс тамақтану маңызды орын алады. Ішкі инфекция – жараға ағзаның өзіндегі қоздырғыштардың өсіп-өнуіне байланысты түседі. Инфекцияның көзі тері мен кілегейлі қабық (сыздауық, іріңді жаралар, терідегі жарықтар, сызаттар, күстер, коньюктивит, ринит, т.б.) болып табылады.  Сонымен бірге қоздырғыштар операциялық жараға одан қашықта орналасқан аймақтардан ығысып түсуі де мүмкін. Олар қан арқылы немесе лимфа жүйесі бойынша түсуі мүмкін.Мысал ретінде, шіріген тістегі, ЛОР – мүшесіндегі, ас қорыту, зәр шығару жүйелеріндегі инфекцияны айтуға болады. Кез-келген операция ағзаға және жүйке жүйесіне үлкен физикалық салмақ түсіреді. Әсіресе жүйке жүйесіне үлкен күш түседі.