Қаржыландыру менеджменті

Содержание

Слайд 2

ЖОСПАР: Кіріспе: Денсаулық сақтау саласын қаржыландыруды ұйымдастыру. Негізгі бөлім: I. Медициналық

ЖОСПАР:

Кіріспе:
Денсаулық сақтау саласын қаржыландыруды ұйымдастыру.
Негізгі бөлім:
I. Медициналық көмек сапасын жақсарту барысындағы

қаржыландырудың рөлі.
Қаржыландыру саласының жұмыс тиімділігін арттыру барысындағы жасалынып жатқан бағдарламалар.
Еліміздегі денсаулық сақтау саласын қаржыландыру түрлері.
Қорытынды:
Статистикалық мәліметтер (кесте).
Қолданылған әдебиеттер.
Слайд 3

Медициналық көмек көрсетудің сапасын жақсарту және оның қолжетімділігін арттыру нәтижесiнде бiрқатар

Медициналық көмек көрсетудің сапасын жақсарту және оның қолжетімділігін арттыру нәтижесiнде

бiрқатар жұқпалы және басқа да ауруларға қатысты халық денсаулығының жай-күйінде оң үрдiстерге қол жеткізілді. Алайда республика халқының денсаулық жағдайы өлшемiнiң көптеген бөлігі қанағаттанғысыз болып отыр.
Қазақстанда медициналық мекемелердің 80 % мемлекеттiк меншiкте болса, ал 20% жеке меншікте, демек, медициналық сұрақтарда мемлекет басты роль ойнайды. 17 миллион халқымен Қазақстанның нарық медициналық сыйымдылығы 500 миллион АҚШ долларының сомасына бағаланады.
Слайд 4

Денсаулық сақтауды қаржыландырудың оптималды моделі Қазақстан үшін – нарықтық қатынасы бар

Денсаулық сақтауды қаржыландырудың оптималды моделі Қазақстан үшін – нарықтық қатынасы

бар бюджеттік модель. Бұл тұрғындарды тәуелсіз жалпыға бірдей медициналық көмекпен қамтуға мүмкіндік береді, тұрғындардың осал топтарын жоғары деңгейде қорғауды қамтамасыз етеді, медициналық қызметтің еңбек мотивациясының механизмін дамытуға да мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасының "Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі шеңберінде денсаулық сақтауды басқару және қаржыландыру, ұйымдарды жетілдіру" деп аталатын 4-ші тармағына сәйкес, мемлекетте емделушінің мүддесі үшін денсаулық сақтау моделі құрылды. Бүгінгі таңда бағдарламаның нақты бағыттарын дамыту және жүзеге асыру жалғасуда:
1. Денсаулық сақтау жүйесін тиімді құру, бастапқы медициналық-санитарлық көмектің басым дамуы негізінде.
2. Денсаулық сақтау саласында басқару жүйесін және менеджментін жетілдіру.
3. Денсаулық сақтауды қаржыландыру механизмін жетілдіру.
4. Медициналық қызметтің жоғары сапасымен және қол жетімділігімен қамтамасыз ету. Осы міндеттерді дұрыс орындау үшін қаржыландыруды ұйымдастырып жүргізу керек. Қаржыландыру жүйесін жетілдіру мемлекеттік бағдарламаның басымдық міндеттерінің бірі болып табылады.
Слайд 5

Қаржы министрі Болат Жәмішевтың айтуынша, денсаулық сақтау жүйесіне бөлінетін бюджет шығыстары

Қаржы министрі Болат Жәмішевтың айтуынша, денсаулық сақтау жүйесіне бөлінетін бюджет

шығыстары 2012 жылы - 439,2 млрд. теңгені құраса, 2013 жылы - 440,3 млрд. теңге, 2014 жылы - 430 млрд. теңге шамасында қарастырылып отыр.
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне бағытталған заттардың көлемі (капиталдық шығындарды есепке алмағанда) 2004 жылы 90,5 млрд. теңгеден 195,1 млрд. теңгеге дейін немесе 1 тұрғынға есептегенде 2004 жылы 6025 теңгеден 2007 жылы республика бойынша 12673 теңгеге өсті, өңірлер бойынша тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің орташа көрсеткіші 11969 теңгені құрады.
Денсаулық сақтау саласының жан басына шаққандағы шығыстары 2012 жылы 26338,21 теңгені құрады, немесе 2005 жылмен салыстырғанда, ол 13933 теңгеге өсті. Бұл көрсеткіштер денсаулық сақтау саласын қаржыландыруға жылдан жылға бөлінген қаражаттардың жоғарылағанын көрсетеді. Бірақ қандай дамыған ел болмасын ол елдің бюджетті шектеулі болып табылады сол себепті, қаржыландыру мөлшерін жоғарылату шешім болып табылмайды.
Слайд 6

Денсаулық сақтау ұйымдарының қаржы қаражаттарын пайдалану

Денсаулық сақтау ұйымдарының қаржы қаражаттарын  пайдалану

Слайд 7

Денсаулық саласын қаржыландыуда инновациялық тәсілдерді қолдану қажет: 1. Алға қойылған мақсатқа

Денсаулық саласын қаржыландыуда инновациялық тәсілдерді қолдану қажет:
1. Алға қойылған мақсатқа қол

жеткізетіндей стратегиялық жоспардың және инновациялық реформалардың болуы. Бұл реформаларды қаржыландырудың тиімділігін арттыруға негіздеу қажет, яғни тұрғындардың және мемлеккеттіңде қаражаттарын үнемделетін орта қалыптастыру.
2. Медициналық көмек көрсетуді құрылымын модернизациялау. Медициналық көмек көрсету құрылымын модернизациялау моделі осы медециналық көмекті тұтынушыға бағытталған Және жаңа технологияларды еңгізу арқылы комплекстік медициналық қызмет көрсетуді жетілдіру. Ол өз кезегінде ұйымдастыруға кететін шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.
3. Комплексті медициналық қызмет көрсетудің инновациялық тәсілдерін жүзеге асырғанда көптеген кедергілер орын алады, бірақ сонымен қоса қызмет көрсету тиімділігі жоғарылайды және шығындарды азайтуға мүмкіндік туады. Денсаулық саласын инновациялық қаржыландыруды жүзеге асыру маңызды мәселе, осыларды шешуге жұмсалған қаражаттар негізделген және нәтижесі ақталу қажет.
4. Тиімділігін арттырудың тағы бір тәсілі бұл жоғары білімді мамандарды топтастыру және ұйымдастыру, қызмет көрсету мәдениетін өзгерту, алдын ала тексеруден өткізуді жетілдіру.
Слайд 8

Қаржыландыру жүйесі медициналық көмекпен ресурстарды қолданудың тиімділігін жоғарылату керек. Сол үшін:

Қаржыландыру жүйесі медициналық көмекпен ресурстарды қолданудың тиімділігін жоғарылату керек. Сол үшін:
·

құқықтық базасын құру, тұрғындарды медициналық сақтандыруға тұрғызу;
· бюджеттен бөлінетін қажаттардың бөліну ретін қалыптастыру;
· медициналық көмекке қойылатын тарифтердің әдісін жетілдіру;
· медициналық көмекке кететін қаражаттырдың бөлігін жабу үшін тұрғындарды өз еркімен медициналық сақтардырылуын ұйымдастыру;
· медициналық қызмет көрсету нарығында бәсекелестікті қалыптастыру.
Денсаулық сақтау саласын қаржыландыруды жетілдіру келесідей мүмкіндіктер береді: бір жағынан әлеуметтік және экономикалық ұйымдастыру проблемаларын шешуге мүмкіндік береді, ал екінші жағынан халықтың денсаулық көрсеткішіне оң әсерін тигізе отырып адамдық капиталды жоғарылатады. Адамдық капиталдың жоғарылығы экономикалық қызмет етуші тұлғаның өнімділігін жоғарылатады. Бұл өз кезегінде жалпы ішкі өнімнің артуына әкеліп, ел экономикасында өсу болады. Экономикалық өсу жалақыны жоғарылатады. Жоғарғы жалақы тауар мен қызметке сұранысты арттырады. Сонымен қоса адамдық капиталдың жоғары болуы еңбекке жарамды халдық санын арттырып, сәйкесінше еңбекке жарамсыз халық санын азайтады.
Слайд 9

Мемлекеттік бюджеттің ролі оның мемлекеттік органдар мен әлеуметтік саланы қаржылай қамтамасыз

Мемлекеттік бюджеттің ролі оның мемлекеттік органдар мен әлеуметтік саланы қаржылай

қамтамасыз ететін қаржылық база ретінде қаралуында. Мемлекеттік бюджет мемлекеттің экономикалық және қаржылық саясатын жүзеге асыратын маңызды құрал бола отырып, ғылыми-техникалық прогрестің негізгі бағыттарын шешу және жалпы ұлттық көлемдегі резервтерді құру үшін қажетті ақша қаражаттарын орталықтандыруды қамтамасыз етеді. Сонымен, мемлекеттік бюджетте шоғырланған ақша қаражаттары мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатын жүзеге асыруға, оның қауіпсіздігі мен қорғанысын қамтамасыз етуге бағытталады. Бюджеттің көмегімен халық шаруашылығы және әлеуметтік-экономикалық сипаттағы жалпымемлекеттік және жергілікті бағдарламалар жүзеге асырылады.
Слайд 10

Кесте -1. Денсаулыққа бөлінген қаражаттардың ЖІӨ үлесі

Кесте -1. Денсаулыққа бөлінген қаражаттардың ЖІӨ үлесі