Жас табиғатшылар үйірмесі
2
Географиядан орындалатын сыныптан тыс жұмыстардың ішінде, негізгі орынды алатын
жас табиғатшылар үйірмесі. Жас табиғатшылар үйірмесінің негізгі мақсаты - оқушылардың пәнгө қызығушылығын арттырып, білім деңгейлерін көтеру, ғылыми көзқарастарын қалыптастыру және бақылау, зерттеу, эксперимент жұмыстарын орындау икемдағдыларын қалыптастыру.
Жас табиғатшылар үйірмесінің жұмысы жүйелі түрде, нақты құрылған жоспармен жүргізіледі. Оқушылар саны тұрақты, өз еріктерімен қатысады.
Мектеп тәжірибесінде әр сыныптарда жас ерекшеліктеріне байланысты арнайы үйірмелер болады:
• 6-7 сыныптарда "жас ботаниктер" үйірмесі.
• 7-8 сыныптарда "жас физиолог" үйірмесі.
• 10-11 сыныптарда "жас георафия" үйірмесі.
Үйірме жұмыстары қатысатын оқушылар саны 15-20-дан жоғары болмауы көрек. Одан асса екінші топ ұйымдастырған жөн. Үйірме жұмысы аптасына 1 рет немесе айына 2 рет ұйымдастырылады. Үйірме жұмыстары жалпы тақырыпты қамтиды, әдебиеттермен танысу, эксперимент жұмыстары жекеше және ұжымдық жұмыстар жүргізудің әртүрлі тәсілдерін қамтып орындалады.