Таным түрi бойынша:
Эмпирикалық ойлау - теориялық ойлаумен салыстырғанда, қарадүрсiн, жағдаяттық жалпылаулармен
байланысты болатын ойлаудың түрi.
Теориялық ойлау - ғылыми ұғымдар негiзiнде заттар мен құбылыстардың мәнiн танып-бiлу.
Рефлексия немесе саналау деңгейi бойынша:
Интуитивтiк ойлау - тез өтетiн, анық кезеңдерi жоқ, көбiнесе саналанбайтын ойлаудың түрi. Бұл ойлау түрi кеңестiк психологияда Я.А. Пономаревпен, Л.Л. Гуровпен және т.б. зерттелiнген.
Рационалдық ойлау (аналитикалық немесе логикалық) ойлау - уақыт бойынша кең таралған, айқын кезеңдерi бар, ойлаушы субъектiнiң санасында едәуiр көрiнiс табатын ойлау түрi.