Газ-оттекті кесу технологиясы мен жабдықтары

Содержание

Слайд 2

1 - Мүштек; 2 – қыздырушы жалын; 3 - сұйық металл;

1 - Мүштек; 2 – қыздырушы жалын; 3 - сұйық металл;

4 – кесілетін металл; 5 – кесуші оттегі ағыны; 6 – тотық қабаты; 7 – кесілген металл орны.
Газ оттекті кесу үрдісінің сұлбасы
Слайд 3

Оттекті кесудің негізгі екі түрі бар: бөлгіш және беттік. Бөлгіш кесу

Оттекті кесудің негізгі екі түрі бар: бөлгіш және беттік.
Бөлгіш кесу

әртүрлі дайындамаларды ойып кесуге, табақты металды пішуге, пісіруге жиектерді кесуге және металды бөліктерге кесуге арналған басқа да жұмыстар үшін қолданылады.
Беттік кесуді металдың беттік қабатын алуға, беттік ақауларды жоюға және т.б. жұмыстарға қолданылады.
Оттекті кесу кезінде кескіштер жанғыш газды оттегімен дұрыс араластыру үшін, қыздырғыш жалынды қалыптастыру үшін және таза оттегі ағымын кесу аймағына беру үшін қызмет етеді.
Кескіштер тағайындалған міндеті бойынша - әмбебап және арнайы; газдарды араластыру принципі бойынша – инжекторлы және инжекторсыз; кесу түрі бойынша - бөлгіш және беттік кесу; қолданылуы бойынша – қолмен және машиналы болып жіктеледі.
Слайд 4

Оттекті кесудің негізгі түрлері : а – бөлгіш; б – беттік

Оттекті кесудің негізгі түрлері : а – бөлгіш;
б – беттік

Слайд 5

1 – кескіш бастиегі; 2 – кескіш оттегі түтікшесі; 3 –

1 – кескіш бастиегі; 2 – кескіш оттегі түтікшесі; 3 –

кескіш оттегі вентилі; 4 – оттегі реттегіш вентиль; 5, 6 – оттегі және ацетилен жеңдерін жалғауға арналған ниппельдер; 7 – ұстағыш; 8 – түрқы (корпус); 9 – ацетиленді реттеу вентилі; 10 – инжектор; 11 - бекітікіш сомын; 12 – араластырғыш камера; 13 – түтікше; 14, 15 - ішкі және сыртқы мүштек; ,
Ацетилен- оттекті инжекторлы кескіш сұлбасы
Слайд 6

Қолмен кесу кезінде оттегі қысымының металл қалыңдығына тәуелділігі Оттекті кесу технологиясы.

Қолмен кесу кезінде оттегі қысымының металл қалыңдығына тәуелділігі

Оттекті кесу технологиясы. Металды

кесуді бастар алдында оның бетін тазартады. Кесу үрдісі металды оттегінде тұтану температурасына дейін қыздыру,дан басталады, одан соң кескіш оттегі ағынын кесу сызығына бағыттап кескішті жылжытып отырады.
Кескіш оттегі қысымы кесілетін металл қалыңдығы мен оттегінің тазалығына байланысты таңдалады.
Слайд 7

Металл қалыңдығының кесу еніне тәуелділігі

Металл қалыңдығының кесу еніне тәуелділігі

Слайд 8

Қысыммен пісіру түрлері және оларға қолданылатын жабдықтар Қысым түсіре отырып материалдарды

Қысыммен пісіру түрлері және оларға қолданылатын жабдықтар

Қысым түсіре отырып материалдарды қатты

күйінде пісіруді қысыммен пісіру деп атайды. Қысыммен пісірудің көптеген түрлері бар, олар қыздыру көзіне немесе үрдісті қарқындату ға арналған энергия түріне байланысты жіктеледі.
Қысыммен пісірудің түрлері: түйіспелі, үйкеліспен, суықтай, жарылыспен, диффузиялы, ультрадыбысты, термокомпрессорлы және т.б.

Түйіспелі пісіру

Түйіспелі пісіру – жалғастырылатын металл бөліктерінің түйісуі арқылы электр тогы өткенде бөлінетін жылумен қыздырылатын қысыммен пісіру тәсілі.
Барлық қысыммен пісіру түрлерінің негізгі белгісі қосылысатын бөлшектердің түйісу аймағында пісірілген қосылыс алу үшін пластикалық деформациялануы.

Слайд 9

Пісіру кезінде қосылысатын бөлшектердің кристалдық торларының арасында мәжбүрлі түрде атом аралық

Пісіру кезінде қосылысатын бөлшектердің кристалдық торларының арасында мәжбүрлі түрде атом аралық

байланыс орнайды.
Қысыммен пісіру үрдісі негізгі үш сатыдан тұрады:
1) физикалық түйісуді қалыптастыру,;
2) химиялық байланыстың пайда болуы;
3) алынған қосылыс шекарасында және бөлшек көлемінде ары қарайғы үрдістердің дамуы.
Қысыммен пісірудегі технологиялық үрдістердің негізгі параметрлері: қысым шамасы, қыздыру температурасы, пісіру уақыты, пісірілетін бөлшектердің өзара жылжу шамасы мен жылдамдығы және пісіру үрдісін өткізу ортасы.
Бөлінетін жылу мөлшері Q (Дж) Джоуль-Ленц заңымен анықталады

Q = I² Rt,

I – пісіру тогы, А; R – пісіру машинасының электродтар арасындағы толық кедергі, Ом; t – токтың өту уақыты, с.

Слайд 10

Түйіспелі пісірудің негізгі түрлері: тоғыстырып пісіру, нүктелі және жікті пісіру. Тоғыстырылған

Түйіспелі пісірудің негізгі түрлері: тоғыстырып пісіру, нүктелі және жікті пісіру.
Тоғыстырылған түйіспелі

пісіру – пісірілетін бөліктердің қосылысуы тоғыстырылатын беттерде жүргізілетін түйіспелі пісіру түрі. Тоғыстырып пісіру арқылы сымды, сырықты, құбырды, рельсті, шынжырларды және басқа бөлшектерді жалғастырады.

Балқыту арқылы тоғыстырып пісіру сұлбасы: а – пісіру үрдісі;
б – пісіруден кейін; 1 түйіспелі ауыздар; 2 – пісірілетін бөлшектер;
3 – қысқыш ауыздар; 4 – түйісудегі сұйық металл көпірі; 5 – грат

Слайд 11

Нүктелі түйіспелі пісіру – ток өтетін және қысу күшін беретін электродтардың

Нүктелі түйіспелі пісіру – ток өтетін және қысу күшін беретін электродтардың

қыздыру ауданымен шектелген аймақта жүргізілетін түйіспелі пісіру түрі.

Нүктелі түйіспелі пісіру сұлбасы

Слайд 12

Нүктелі пісірудегі қосылыстың құрылымдық элементтері: d – ядро диаметрі; h (h1)

Нүктелі пісірудегі қосылыстың құрылымдық элементтері:
d – ядро диаметрі; h (h1)

– балқытылу шамасы; g (g1) – электродтың батырылу тереңдігі; tш – нүктелер аралығының адымы;
В – нүктелер ортасының ара қашықтығы,
U – айқастырылу шамасы
Слайд 13

Нүктелі пісіру электродтардың пісірілетін бөлшекке қатысты орналасуына қарай екі жақты және

Нүктелі пісіру электродтардың пісірілетін бөлшекке қатысты орналасуына қарай екі жақты

және бір жақты болып бөлінеді.
Нүктелі пісіру режімінің параметрлері: қысу күші, ток тығыздығы және токтың өту уақыты.

Нүктелі пісірудің циклограммасы: I – пісіру тогы,
Р – қысу күші, t – уақыт